сабақ тақырыбы)



Дата24.03.2023
өлшемі361.82 Kb.
#471060
түріСабақ
5-сабақ


Құмаш Нұрғалиев атындағы колледж
(білім беру ұйымының атауы)
Орта білімнен кейінгі, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарына арналған педагогінің сабақ жоспары
Ж.Аймауытовтың өмірі мен шығармашылығына шолу
. (сабақ тақырыбы)
Модуль /пән атауы__________Қазақ әдебиеті____
Дайындаған педагог ________Әбілмажинова Жаннұр ___
22 жылғы "" __ қазан_________
1.Жалпы мәліметтер
Курс, оқу жылы, топ __1 курс; 22- ОП-1, 22-ТО-1, 22-ТХ-1
Сабақ типі: аралас
2. Мақсаты, міндеттер: Ж.Аймауытов - сан қырлы жазушы, драматург ғалым. Поэзиясы, прозасы. Романдары. Драматургиясы. Драма жанры туралы ұғым.
2.1 Өмірі, шығармашылығымен танысу
3. Сабақты жабдықтау
3.1 Оқу-әдістемелік құрал-жабдықтар, анықтамалық әдебиеттер
Мәтін: АКТ-ні пайдалану , оқытудағы басқару және көшбасшылық.
3.2 Техникалық құралдар, материалдар
Компьютер, интернет
4. Сабақтың барысы
Ұйымдастыру кезеңі
Сәлемдесу;
Үй тапсырмасын тексеру
Өткен бөлімді пысықтау

Жаңа сабақ


Жүсіпбек Аймауытов (1889 жыл – 1931) - қазақтың көрнекті жазушысы, драматург, публицист, қазақ әдебиетін қалыптастырушылардың бірі.
1917-1919 жылдары Алаш партиясына кірсе, 1919 жылы бірінші желтоқсанда Семейде кеңес өкіметі орнап, Губревком құрылған мезгілде көптеген қазақ жастарымен бірге мүше болады (Семей облыстық мемлекеттік мұрағаты, 72- қор, 19-тізім-1, бума 7-3). Жүсіпбек Аймауытұлы 1920 жылы Қазақстан Кеңестерінің Құрылтай сиезіне делегат болып қатысса, 1921 жылы Семей губерниялық оқу бөлімінің меңгерушісі, «Қазақ тілі» газетінің редакторы және журналистер бюросының хатшысы қызметін атқарды. 1922-24 жылдары Қарқаралыда мектеп мүғалімі, 1924-26 жылдары «Ақ жол» газетінде бөлім бастығы міндетін атқарды. Қазақ институтында істеді (Ташкент), 1926-29 жылдары Шымкент педагогикалық техникумының оқытушысы әрі директоры болды.
Шығармашылығы
Ж.Аймауытұлы ұлттық сөз өнерінің әр алуан саласында ерен еңбек етті. Оның қаламынан туған, әсіресе ақындық әлемін танытатын («Сарыарқаның сәлемі», «Көшу», «Нұр күйі», т.б.), кемел прозашылығын («Әнші», «Елес», «Жол үстінде», «Қара бақсы» - әңгімелер), «Күнікейдің жазығы», (повесть), «Қартқожа», «Ақбілек» (романдар), белгілі драмашылығын («Сылаң қыз», «Мансапқорлар», «Рабиға», «Ел қорғаны», «Қанапия - Шәрбану», «Шернияз»), айтулы аудармашылығын («Сараң сері», «Тас мейман» (А.С.Пушкин), «Бақылаушы» (Н.В. Гоголь), «Бейшаралар» (В. Гюго), «Дәмелі», (Ф. Дюшен), «Тау еліндегі оқига» (С. Чуйков), сындарлы сыншылығын - «Мағжанның ақындығы туралы», «Аударма туралы», «Сұңқар жыры», жан жүйесінің білікті білгірі екендігін - «Тәрбиеге жетекші», «Психология», «Комплекспен оқыту жолдары», «Жаңа ауыл» т.б. ғылыми еңбектері табиғи талант қырларын жан-жақты жарқырата көрсетті. Балаларға арналған - «Жаман тымақ», «Көк өгіз», «Шал мен кемпір», «Үш қыз» сынды ертегілер қарапайым мәтін мен көркем суреттің табиғи тұтастығы мен үндескен үлгісін терең танытады. Ең маңыздысы, бұл еңбектер бүгін де рухани-тәлімдік қырларымен мәнді.
Жүсіпбектің шығармашылығын зерттеушілер оның шебер музыкант болғанын, 6-7 әні барын алға тартады. Айталық, халыққа кең таралған «Екі жирен» әнін Жүсіпбек Аймауытов Торғайға мал айдап бара жатып теріс аққан өзеннің бойында, табанды жусатып жатқанда жолыққан бір келіншекке арнап шығарған екен деген әңгімені кезінде Бауыржан Момышұлы, Серке Қожамқұлов, Ғабит Мүсіреповтердің өзі растаған көрінеді. 
Қызыл үкіметтің қанды қырғынына Жүсіпбек неге ерте ілінді... 60 жыл бойы НКВД мұрағатында тосын көздерден тығулы жатқан аса құнды құжаттарды жарыққа алып шыққан ғалым Тұрсын Жұртбай мен жазушы Дүкенбай Досжан еді. Сол құжаттар негізінде бірі іргелі еңбек жазып шықса, екіншісі абақты тарамын басты.
Дүкенбай Досжанның жарияланымында: «Қызылорда қаласы, Карл Маркс көшесі 54-үйде тұратын Жүсіпбек Аймауытовтың үйіне 1929 жыл 14 мамыр күні жүргізілген тінтуде тәркіленген заттар: 1. Хаттар, барлығы – 88 дана. 2. Ескі фотосурет. 3. Жеке басының құжаттары – 20 дана. 4. Аймауытовтың қолжазбалары және газет қиындылары – 34 бума. 5. Қалың дәптердегі қолжазбалар – 33 дана. Кітапта – 6 дана. Куә ретінде азамат Ысқақов қатысқан. Тұтқындаған – Дінше Әділетовты Бетпақдалада қуғындап жүріп, атыс үстінде қолға түсірген ОГПУ-дің өкілетті өкілі И.А. Шумилев», -делінген болатын.
Ал, ғалым Тұрсын Жұртбай Жүсіпбектің атылып кетуіне шәкірттері де себепкер деп жазды. 1926-28 жылдар аралығында Аймауытов Шымкенттегі педагогикалық техникумда ұстаз болған. Тергеу кезінде сонда оқыған Қалабай Бекдуллаев бастаған үш студентінен жауап алынған. Сонда олар тыйым салынған әдебиетті оқытты, шәкірттерін көтеріліске үндеді деп, ұстаздарын халық жауы етіп көрсетеді. 
Жүсіпбек Аймауытовтың бар қылмысы ұлтжандылығы. Осы қасиетінің кесірінен ол бұған дейін де істі болған. Бұл Торғай ісі деген тарихта қалған қылмыстық іс. 1922 жылы жұтқа ұшыраған халыққа жәрдемдесемін деген Жүсіпбектің басы дауға қалады. Торғайдағы ашаршылыққа ұшыраған қазақтарға Семей губерниясынан жылу жинап, адам ұйымдастырып, 7000 бас малды Торғайға айдап барады. Жол жөнекей аштан қырылып жатқан ел-жұртқа мал үлестіреді. Ақырында таратқан малға қолхат алмады. Сол кезде, жылуды бай-бағландарға берді. Мемлекеттің мүлкін талан-таражға салды деп сотқа тартылады. Жүсіпбек сонда қазақтың ескі әдет заңына сүйеніп сотта былай деп жауап берген: «Қазақ ежелден қарыз беріп, қарыз алады, құн беріп, құн алады. Қалыңмал береді, қалыңмал алады. Сонда ол бірінен-бірі ешуақытта қолхат алмайды, ешбір протокол жасамайды, бәрі ауызша, сөзбен жүргізіледі. Бұл әбден әдет болып кеткен. Аштарға жәрдем үлестіргенде менің бойымда да, ойымда да осы заң күшті болды. Мен атам қазақтың осы заңын ұстандым. Аштарға не берсем де, ешқайсысынан қолхат алмадым. Хат білмейтін, аштан көзі қарайып, өлейін деп отырған адамнан қолхат сұрауды қолайсыз көрдім». 
Ақыры 1926 жылдың наурызында Торғайда ашыршылыққа шалдыққандарға көмектесемін деп, басы дауда қалғандарға шешім шығарады. Жүсіпбек Аймауытовты және сол Торғайдың аш халқына мал тарату ісіне қатысқан Шайқы Құлжанов, Ілияс Байменов, Рүстем Әбдіғапаров және Ахмет Исабай Жүсіповты 1 жылдан 2 жылға дейін бас бостандығынан айыру туралы сот шешімі шығады. Бірақ, артынан қазақ орталық атқару комитетінің араласуымен сол жылдың сәуір айында, 26 сәуірде, оларға кешірім жасау туралы қайта шешім шығарылып, сөйтіп Жүсіпбектер ақталып шығады.
Ең ұзақ сот процесі ретінде тарихта 12 топ болып, қатталып қалған сол істің әлегі енді бітті ме дегенде Жүсіпбектің ізін аңдушылар оны ақыры аяғынан шалып жықты. 
«1928 жылы алғаш ұсталу себебі Орынбордағы халық театрының тұңғыш директоры Дінмұхамед Әділов екеуінің жақын дос болғанында. Әділовтың ағаларының бәрі Созақ көтерілісінің басшылары. Ол заманда жер-жерде көтеріліс болды. Солардың бірі Созақ көтерілісі. Сол көтерілістің саяси платформасын Діншеге кезінде Жүсіпбек жазып берген. Соны біреу көрсетіп, сол арқылы Дінше екеуінің кездескенін бір-ақ жапқан. Қазақ төңгерісі кезінде саяси элита ретінде көзге түсті»,- дейді Жүсіпбек Аймауытов ауылының тұрғыны Рамазан Нұрғалиев. 
«Шын мәніде, Жүсіпбек Аймауытовтың бұл Созақ көтерілісіне қатысы жоқ деуге болады. Сол тергеу барысында Жүсіпбек Аймауытовқа «Сіз Дінмұхамед Әділовты таныған екенсіз, ол сізге Шымкентте жүрген кезіңізде келіп, осы Голощекинге қарсы астыртын шара ұйымдастырайық деген ұсыныс жасапты» дейді. Тергеу мәтериалдарын қарасақ, оған Жүсіпбек Аймауытов былай деп жауап береді: 1928 жылы Шымкентке Дінмұхамед Әділов келді, менімен жолықты. Голощекиннің жүргізіп отырған саясатына көңілі толмайтындығын, сол үшін оны биліктен кетіру қажет деген сияқты ой айтты дейді. Бірақ, мен оған бұл биліктен Голощекин кеткенімен, ертең оның екіншісі, үшіншісі келеді. Бұнымен ештеңе өзгермейтінін айттым дейді. Және ол осы ойды Міржақып Дулатовқа жеткізу туралы Жүсіпбекке өтініш жасаған екен. Жүсіпбек Аймауытов «мен бұны Міржақып Дулатовқа айтқан кезде де, ол да үзілді-кесілді қарсы болды» дейді», - деді тарих ғылымдарының кандидаты Теңгеш Қаленова.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет