Жетістік критерийлері
|
Стандарт талаптарына сәйкес бөлмедегі жарықтың мөлшерін анықтай алады;
Түрлі құралдарды пайдалана отырып бөлменің жарықтандыру сызбасын орындай алады;
|
Тілдік мақсаттар
|
Тақырыпқа қатысты сөздік және терминология: шам,галоген, диод, люминесцен сөздерінің мән-мағынасын ашып, танысу.
|
Құндылықтарды дарыту
|
Оқушылар арасында өзара сыйластық қарыма-қатынас;
Отанына деген сүйіспеншілікті нығайту;
Азаматтық жауапкершілік пен патриотизм сезімін тәрбиелеу.
|
Пәнаралық байланыстар
|
Физика, информатика..
|
АКТ қолдану дағдылары
|
Бейнебаяндар, слайдтық таныстырылым..
|
Бастапқы білім
|
Оқушылар электр қуаты сияқты ұғымдармен таныс.
|
Сабақ барысы
Сабақтың жоспарланған кезеңдері
|
Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет
|
Ресурстар
|
Сабақтың басы
2 мин.
|
Ұйымдастыру бөлімі Оқушылардың сабаққа дайындығы тексеріледі. Оқушылар алдына сабақтың тақырыбы, мақсаты көрсетіліп, баяндалады.
|
|
Сабақтың ортасы
35 мин.
|
«Жарық шамдары. Лампалардың жалпы техникалық сипаттамалары.»бейнебаянын көрсету.
Оқушылармен қарастырылған материалдарды талқылау.
Талқылауға арналған сұрақтар.
• Бірінші қыздыру шамын кім ойлап тапты?
• Пәтерлеріңде қандай шамдар пайдаланылады, олар сіздің қажеттіліктеріңізге сай ма?
• Жарықтандыру шамдарының негізгі 4 түрі қандай? (Қыздыру лампасы, галогенді, люминесцентті, диодты жарық)
• Осы лампалардың қайсысы ұзақ жарықтандыруға шыдайды? (диодты жарық).
• Осы шамдардың қайсысын тұрғын үйге ең қолайлы деп санайсыз?
• Шырағдандарға қандай негізгі талаптар қойылуы керек деп ойлайсыз? (Көз жанарына және пайдалану үшін қауіпсізі).
Табиғи және жасанды жарықтандыру. Интерьерді жарықтандыру
«Жарықтандырудың жіктелуі» бейнебаянын көрсету, содан кейін талқылау.
Талқыланатын мәселелер:
• Табиғи, жасанды және аралас жарықтандыруды қалай түсінесіз?
• Қашан және қай жағдайларда жасанды жарықтандыру пайдаланылады?
• Жергілікті жарықтандыру дегеніміз не?
• Неліктен ірі өндіріс аймақтарында жергілікті жарықтандыруды қолдану мүмкін емес?
«Интерьердегі жарық. Жақсы жарықтандыру үшін 7 қарапайым ережелер» бейнебаян көрсету, содан кейін талқылау.
Талқылауға арналған сұрақтар.
• Интерьерді жарықтандыруға қандай функциялар орындауы мүмкін ?
• Интерьерге жарықтандыру жасау кезінде қандай факторларды ескеру керек?
• Интерьерді жасау кезінде терезелердің орналасуы, жарық көзіне әсер ете ме?
• Қандай жағыдайда суық және жылы жарық тондарын қолданасыз?
Интерьерде жарықтандыруды жасау үшін қандай энергияны үнемдейтін технологияларды қолдануға болады?
• Лампаларды орнату және пайдалану кезінде сіз қандай қауіпсіздік ережелерін білуіңіз керек?
|
https://www.youtube.
com/watch?v=kBAerTuFIoQ
Жарықтандыру түрлері жайлы бейне баян
|
Сабақтың соңы
3 мин.
|
Оқушыларға үй жұмысы ретінде өз үйлерінің әр бөлмесінің ауданын есептеп келу тапсырмасы беріледі.
|
|
|
Достарыңызбен бөлісу: |