3.Бала жолдасының бөліну белгілерін анықтауды орындау алгоритмы
Мақсаты: акушерлік қан кетудің алдын алу
Жабдықтау: қолғаптар
Дәрігер немесе акушер жатыр қабырғасынан бала жолдасының бөліну белгілерін ұнемі бақылап , қадағалап отырады. Жатырдың пішіні және орналасуының өзгеруіне байланысты және де кіндіктің жағдайына байланысты болатын бірнеше белгілер бар.
Шредер белгісі: Бала туысымен бірден жатыр пішіні домалақ, оның түбі кіндік деңгейінде болады. Бала жолдасы бөлінген соң жатыр жайпақтанады, түп жағы онға бұрылады.Көбінесе қасаға сүйектерінің тұсынан жұмсақ жастық пішіндес томпаю пайда болады, ( бала жолдасының жатырдың төменгі бөлігіне түсуіне байланысты).
Кюстнер –Чукалов белгісі:Қасаға сүйек тұсынан алақан қырымен басқанда жыныс саңылауынан салбырап тұрған кіндік егер бала жолдасы бөлінбесе , қынап ішіне қарай тартылады.Егер бала жолдасы жатыр қабырғасынан бөлінген болса онда басқан уақытта кіндік еш өзгеріссіз қалады.
Альфельд белгісі: Жыныс саңылауындағы кіндікке лигатура байланғанда, егер жолдасы жатыр қабырғасынан бөлінген болса кіндік 8-10 см төмен түседі.
Довженко белгісі: Босанған әйелден терең дем алуын сұраймыз, егер дем алғанда кіндік қынапқа тартылмаса , онда бала жолдасы жатыр қабырғасынан бөлінген.
Клейн белгісі: Босанған әйелден күшенуін сұрайды, егер кұшеніп болған соң кіндік орнында қалса бала жолдасының жатыр қабырғасынан бөлінгені. Егер бала жолдасы жатыр қабырғасынан бөлінбесе кұшенгеннен соң кіндік қынапқа қарай тартылады.
Осы белгілерді бағалай отырып дәрігер мен акушер бала жолдасының бөлінген , бөлінбегендігін анықтайды. Әдетте оның бөлінгені жайында бір емес бірнеше белгілер бойынша анықтайды.
4.Амниотомияны орындау алгоритмы-Ұрық қабықшасын жасанды жару
Көрсеткіші:
Босану тездету
Уақтынан асқан жүктілік (41 апта + 6 күн)
Босану әрекетінің әлсіздігі –толғақтың әлсіздігі
Артериялық қан қысымының 160 мм.с.б. жоғары көтерілуі
Достарыңызбен бөлісу: |