Сабақ. Тақырыбы: «Үздік акушер»



бет8/13
Дата28.05.2024
өлшемі44.56 Kb.
#502020
түріСабақ
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13
Сайыс сабақ «Үздік акушер»

1. Диагнозы: Жүктіліктің 39-40 аптасы. Жүктілік шемені. Көп сулы жүктілік. Босанудың I кезеңі.
2. Талқылау, дәрігердің тактикасы.Әйел босанар алдында екі апта бұрын перзентханаға жатуы тиіс еді (лабораториялық зерттеулер жүргізіп, тиісті емдер алу үшін). а) Көп сулы жүктіліктің диагнозын қандай белгілерге сүйеніп қойып отырсыз? Іш айналымы – 112см, жатыр деңгейі – 38см, жатыр қабырғалары кернеуленген, «толқындану» белгісі бар, нәресте бөліктері нашар анықталады, оның жүрек соғысы әлсіз. ә) Тағы қандай жағдайларда іш айналымы 100см артық, жатыр деңгейі жоғары болады? Ірі нәпестеде, семіздікте, егіз жүктілікте, нәресте жамбасымен жатқанда. б) Дәрігердің тактикасы – кернеліп тұрған қағанақ қуығын жарып, қағанақ суын жайлап ағызу керек (суды тез ағызған жағдайда, қалыпты орналасқан плацентаның мезгілсіз бөлінуі мүмкін). Әйелдің өзін босандыру қажет, тек босану асқынулары болса ғана (нәресте гипоксиясы, босанудың ауытқуы т.б.). Кесар тілігі арқылы босандырады.


2-есеп. Босанушы О.... 23 жаста, перзентханаға түскеннен кейін 6 сағаттан соң толғақ тәрізді ауру сезімі болды. Алғашқы етеккірі 14 жасынана басталған, етеккір циклі өзгеріссіз,. Тұрмысқа 22 жасында шыққан, бірінші некелігі, бірінші жүктілігі. Нәрестенің алғашқы қозғалысын сезбеген. Әйелдер кеңес орнына жүктіліктің 13-апталығында бараған. Жүктілік қан аздықпен асқынған (Нв 110 г/л), амбулаторлық ем алған. Объектілік зерттеуде: бойын 142см, салмағы 53 кг, іш айналымы 91 см, жамбас өлшемдері 24-26-28-18 см, Соловьев индексі 16 см, Михаэлис ромбасының көлденең және ұзынша өлшемдері бірдей тарылған (9х9см) Нәресте қалыпты жағдайда орналасқан, басы кіші жамбас қуысының кіреберіс жазықтығында, қозғалмалы. Жүрек соғуы минутына 140, біркелкі, анық. Қағанақ суы кетпеген. Толғақ 5-6 минут сайын ұзақтығы 20-25 секунд, қарқыны әлсіз. Қынаптық зерттеуде: Жатыр мойны жазылып, 4 см-ге ашылған, жиектері қалың. Қағанақ қуығы бүтін. Нәресте басы кіші жамбас қуысының кіреберіс жазықтығында, қозғалмалы. Диагональдық коньюгата -11см- ге тең . 1.Диагнозы? 2. Талқылау, босануды қалай жүргізу керек?


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет