Сабақ кезеңдері:
|
Оқытушы іс-әрекеті
|
Сабақтың басы:
Ұйымдастыру кезеңі
|
Ұйымдастыру кезеңі.
І. Ұйымдастыру кезеңі.
амандасу
білім алушыларды түгендеу
психологиялық дайындық
|
Үй жұмысын тексеру
|
Үй жұмысын тексеру.
1) Тырысқақ кезінде клиникалық диагностикасы
2)Тырысқақтың алдын алу шаралары
3)Тырысқақтың берілу механиздері
|
Жаңа тақырыпты болжау
Ой шоғырландыру
|
https://www.youtube.com/watch?v=CqVWbvoYsic
|
Сабақтың ортасы
ТТИ-тұз алмасуының бұзылуымен, асқазан-ішек жолдарының жоғарғы бөлімінің симптомдарымен сипатталатын және адам ағзасынан тыс экзотоксин бөлуге қабілетті, шартты-патогенді бактериялар шақыратын жедел қысқа мерзімді аурулар.
Этиологиясы:
ТТИ-қоздырғышы көптеген шартты-патогенді бактериялар түрлері. Өзінің тіршілігі кезеңінде адам ағзасынан тыс экзотоксин шығаруға қабілетті. Олардың ішіндегілер:-Ce. perfridens
Ps.vuldaris
Bac cereus
St. aneees
Экзотоксин бөледі:- энтеротоксин
Эпидемиологиясы:
қоздырғыштардың табиғатта таралуы өте жиі кездеседі. Инфекция көздері пневмониямен ауыратын адамдар маститпен зардап шегуші жануарлар. Зақымдалу жолы: алиментарлы Бактериялардың токсин бөліп шығаратын штаммаларымен инфекцияланған тағамдарды қолданғанда ауру туады. Таралу факторлары: бактерияларға қоректік орта болып табылатын кез келген тағамдық өнімдер ТТИ шақыратындардың токсиндері жоғары. Топтық, экспозивті аурулармен сипатталады. Мезгілдік байқалмайды, бірақ жазғы мезгілде жиі кездеседі.
Патогенез.
Инфекцияланған тағаммен бірге асқазанға көп мөлшерде экзотоксинмен бактерия түседі. Токсиндердің асқазанның шырышты қабатына әсер ету уақытынан клиникалық дамуына көп жағдайларда 30 минут кетеді (көбінесе 2-6 сағат).
Клиникалық белгісі
токсиннің түріне, дозасына, сонымен қатар тағамдық өнімдерде болатын бактерия табиғатты токсикалық заттарға байланысты
Тағамдық уланудың алдын алу үшін дұрыс сақтай білу жөн
Энтеротоксиндер асқазан мен ішектің эпителиальды жасушаларымен байланысып, морфологиялық шараларды шақырмай, ферментативті жүйеге эпителиоцит-аденилциклаза шырышты қабат жануарларында биологиялық активті заттар-ЦАМФ, цГМСФ сонымен қатар простагландин, гистамин, ішек гормандарының және т.б. түзілуі артады. Бұл өз кезінде асқазан мен ішектің сұйық және тұз бөлу секрециясын арттырады, осының нәтижесінде құсу мен іш өту пайда болады. Цитотоксин эпителиальды клеткалардың мембранасын бұзып, ондағы белок-синтез процесінің бұзылуына әкеледі. Бұл ішек қабырғасы арқылы белок табиғатты токсиндердің, ал кейде бактерияның өзі өтуіне әкеледі. Мұның бәрі цитотоксикацияның дамуына, микроциркуляцияның шырышты қабаттың жергілікті қабыну өзгерістеріне әкеледі. ТТИ-ң ауыр кезеңі тағам өнімдерінде көп мөлшерде энтеротоксинмен цитотоксиннің жиналу кезінде байқалады.
Иерсиниоз- нәжіс-ауыз механизмімен берілетін, табиғи антропургиялық, бактериалды, зоонозды инфекциялық ауру, интоксикация, қызба, бөртпе, асқазан-ішек, сүйек-буын жүйелерін зақымдаумен сипатталады, созылмалы түрде өтеді.
Иерсиниоздар тобына 2 бөлек иозологиялық түріндегі аурулар кіреді:
1.Ішек иерсиниозы;
2.Жалғантуберкулез.
Қоздырғышы Yersinia enterocolitica – грамтеріс, жылжымалы, аэробты таяқша. О- және Н- антигендері бойынша 50 серовары және 5 биовары анықталған. Сыртқы ортаны химиялық және физикалық факторларының әсеріне төзімді, жемістер мен тағамдар да ұзақ сақталады. Төменгі температурада көбеюі де мүмкін. Y.pestis оба ауруының қоздырғышы.
Инфекция көзі жабайы және синантропты кеміргіштер. Ауылшаруашылығы жануарларынан ірі қара мал, шошқа, ит, мысық, құстар. Өте сирек инфекция көзі адам болуы мүмкін. Беріліс механизмі – нәжіс-ауыз механизмі. Негізгі таралу жолы – тағам арқалы (ет, сүт тағамдары, жеміс-жидек). Тамақ өнімдерінде қоздырғыштар көбеюі мүмкін. Жанасу жолымен азық-түлік дүкендері, тағам өнімдері мен жемістерді сақтайтын қойма қызметкерлері лас қол арқылы жұқтырады. Кеміргіштердің нәжісі, зәрімен ластанған су арқылы да таралады. Қоймаларда ұзақ саақталатын картоп, сәбіз, орамжапырақтың 20% көктемде қоздырғыштармен ластанған болады, алма, цитрустар- 9% қондырғылар мен еден, сөрелер- 9- 10%.
Иерсиниоздың әртүрлі клиникалық түрлерінде – асқазан-ішек, жіңішке ішек, бауыр, сүйек – буындарды зақымдайтын және сепсис аллергосепсис түрінде өтеді.
Инкубациялық кезеңі- 1-6- күн.
Эпидемиологиялық ерекшеліктері:
-Сырқаттанушылық жеке түрінде немесе топтасқан түрде кездесді;
-Көбіне мал қожалықтары, ет комбинаттары, дүкен, қойма қызметкерлері ауырады;
-Барлық жерде бірдей таралған, бірақ экономикасы дамыған елдерде жиі кездеседі;
-Көбіне қала халқы жиі ауырады, оның себебі көпшілік тамақтандыру мекемелерінің тағамдарын жиі қолдануында;
-Жыл бойы ауру тіркеледі, қазан-қараша айларында сырқаттанушылық көбейеді;
-Жіті жедел түрдегі ауру 3 айға дейін созылады;
-Созылмалы түрде 6 айға дейін өте созылмалы түрде 2 жылға дейін жағасады.
|
Жұмыс түрлері
|
Теория
|
Сабақтың соңы
|
1) Иерсениоз эпидемиологиялық ерекшеліктері
2) Иерсениоз қоздырғышы
3) Иерсениоз алдын алу шаралары
|
Рефлексия
|
анатомия, патологиялық анатомия, коммуникативті дағдылар, клиникалық медицинаға кіріспе, микробиология
|
Үй тапсырмасы
|
А.Қ. Дүйсенова 40-41 беттер
|
БОЛАШАҚ ЖОҒАРҒЫ МЕДИЦИНА КОЛЛЕДЖІ
Сабақ тақырыбы : Вирусты гепатиттер
Пән атауы : Жұқпалы аурулар
Дайындаған педагог:
"__" ____________2022жылғы
1.Жалпы мәліметтер
Вирусты гепатиттер туралы қысқа тарихи мәліметтер. Этиологиясы. Инфекцияның таралу жолдарын үзуде орта буынды медицина қызметкерлерінің рөлі. Патогенезі . Клиникасы. Ағымының ерекшеліктері. Зертханалық диагностикасы , қанның биохимиялық көрсеткіштері. Асқынулары .Саралау диагностикасы. Науқастарға күтім жасау және оларды емдеу.
2. Мақсаты, міндеттер
Сабақ мақсаттары
|
Жұқпалы ауруларды диагностикалау жəне емдеу, сонымен бірге жұқпалы аурулардың əртүрлі формалары кезінде профилактикалық жəне індетке қарсы шараларды ұйымдастыру жəне өткізу бойынша теориялық жəне практикалық машықтарды меңгере алатын мамандарды даярлау.
|
Сабақ міндеттері
|
- Ошақтағы індетке қарсы шараларды ұйымдастыру ерекшеліктерін;
- Вирусты гепатиттер клиникасын, ағымын, зертханалық диагностикасын, емдеу шараларын, асқынуларын, күтім жасау және алдын-алу шараларын жүргізуді білу.
|
Бағалау критерийлері
|
Студент тақырыпты жетік меңгергендігін, логикалық ойлау дағдысын көрсетсе. Қойылған сұрақтарға толық жауап беріп нақты мысалдармен тұжырым жасай алса 90-100% дұрыс жауап берсе. Студент тақырып бойынша білімін көрсете алды бірақ оқытушының ескертулерінен кейін жөнделген кейбір нақты емес жауаптары болса. Логикалық ойлау дағдысын көрсете алса және нақты мысалдар келтіре отырып тұжырым жасай алса 75-89% дұрыс жауап берсе. Студент тақырыпты толық меңгермеген және қойылған сұрақтарға жүйелі жауап бермейді. Бірақ келесі материалды игеру үшін жетерлік тақырып бойынша жалпы түсінігі бар екенін көрсетсе. Ұғымдардың анықтамаларын толық айта алмаса немесе терминдерді оқытушының бірнеше жөндеулерінен кейін ғана дұрыс айта алса50-74% дұрыс жауап берсе Студент сабаққа қатысқан. Оқу материалының білмейтіндігін немесе толық түсінбегендігі байқалса, анықтамаларды мүлдем білмесе немесе елеулі қателіктер жіберсе, оқытушының жөндеулерінен кейін де қатесін түзете алмаса дұрыс жауабы 50%-дан төмен болса.
|
Оқу сабақтары барысында білім алушылар игеретін кәсіби біліктердің тізбесі/дағдылар
- ошақтағы індетке қарсы шараларды ұйымдастыру ерекшеліктерін;
- Вирусты гепатиттер клиникасын, ағымын, зертханалық диагностикасын, емдеу шараларын, асқынуларын, күтім жасау және алдын-алу шараларын жүргізуді білу.
3. Сабақты жабдықтау: дидактикалық және көрнекі құралдар, тақырыптық плакаттар жиынтығы.
3.1. Оқу-әдістемелік құрал-жабдықтар, анықтамалық әдебиеттер:
1.Инфекционные болезни, эпидемиология: учебник. – 2-е изд. Покровский В.И., Пак С.Г., Брико Н.И., Данилкин Б.К. – М., ГЭОТАР-Медиа, 2008. – 816 с.
2.Сестринское дело при инфекционных болезнях с курсом ВИЧ-инфекции и эпи- демиологии. Антонов Т. В., Антонов М.М., Барановская В.Б., Лиознов Д.А. – М., ГЭОТАР-Медиа, 2011. – 300 с.
. Техникалық құралдар, материалдар : интерактивті тақта, электронды тасымалданатын тест
Сабақтың барысы
Достарыңызбен бөлісу: |