Сабақ кезеңдері:
|
Оқытушы іс-әрекеті
|
Сабақтың басы:
Ұйымдастыру кезеңі
|
Ұйымдастыру кезеңі.
І. Ұйымдастыру кезеңі.
амандасу
білім алушыларды түгендеу
психологиялық дайындық
|
Үй жұмысын тексеру
|
Үй жұмысын тексеру.
-Жұқпалы аурухана жұмысының негізгі принципі
- Жұқпалы аурулар ауруханаларының құралымы
- Жұқпалы аурулармен сырқаттанатын науқастарға күтім жасау
- Жұқпалы аурухана жұмысының негізгі принципі.
|
Жаңа тақырыпты болжау
Ой шоғырландыру
|
https://www.youtube.com/watch?v=WU7hWQLX--Y
|
Сабақтың ортасы
Salmonella typhi және salmonella paratephi А және В қоздырғышымен шақырылатын, фекальді-оральді жолмен берілетін, ішектің лимфа аппаратының зақымдалуымен, бактериемиямен, айқын интоксикациямен бауыр мен көк бауырдың ұлғаюымен және розеолезді бөртпемен сипатталтын антропанозды жедел инфекция. Іш сүзегін алғаш сипаттап жазған француз дәрігерлері Ф.Бретанно (1813) және Ш.Луи (1829).
Этиологиясы
Қоздырғышы Salmonella typhi, salmonella para typhi А және В. Туысы – Salmonella, тұқымдасы-Enterobacteriaceal Құрамында:- термотұрақты самтоикалық О-АГтермобильді талшығы бар Н-АГтермобилбді соматикалық Vi-АГ эндотоксин
Қоздырғышқа тән: сыртқы ортада тұрақты топырақты және суда 1-5 айдай сақталады
нәжісте 25 күнге дейін тағамдық азықты бірнеше күннен бірнеше аптаға дейінкиімде 2 аптаға дейін сақталады.
Аурудың қоздырғышы – бактериялар су және топырақта 2 аптадай, жемістер мен көкөністерде 5 – 10 күндей, сары май мен етте 1 – 3 айға, қыздырғанда 50С-қа дейін өз тіршілігін жоймайды. Тек қайнатқанда ғана өледі.
Эпидемиологиясы
Іш сүзегі кең таралған. Инфекция көзі және резервуарі: ауру адам транзиторлы бактерия тасымалдаушылар (1-3 апта бойы) реконвалесцентті тасымалдаушы
Созылмалы бактериятасымалдаушылар- аурудың негізгі көзі болады. Тарау жолдары: алиментарлы су арқылы тұрмыстық-қатынас арқылы.
Ауру науқас адамнан, сондай-ақ бактерия тасушылар арқылы жұғады. Аурудың қоздырғышы қоршаған ортаға науқас адамның немесе бактерия тасушының зәрімен таралады. Адамның осы ауруды қабылдау мүмкіншілігі жоғары. Мерзімділігі жаз-күз айлары. Иммунитет: көбінде аурудан кейін ұзақ тұрақты иммунитет қалыптасады.
Патогенезі
Аурудың дамуы келесі кезеңдермен өтеді:
қоздырғыштың ауыз қуысынан, асқазанның қышқылды барьерімен өтіп, ащы ішектің пейер бляшкаларына және сопитарлы фолликуларына еніп көбеюі (бірінші көбею)
қанға өтіп, бактеремия токсинемия шақырады паренхиматозды диссеминация (сүзектифозды граниулемалар түзілуі) қоздырғыштың сыртқы ортаға шығуы (нәжіспен, зәрмен, қақырықпен, термен т.б.) өт жолдары арқылы қоздырғыштың ащы ішекке қайталап келуі аллергиялық реакциялар иммунитет қалыптасуы мен аурудың соңы сауығу.
Патанатомиясы
Aйқын түрдегі өзгерістер мықын ішектің дистальді бөлігінде байқалады. Олар циклдық түрде өтуі: ми тәрізді ісіну (инкубациялық кезеңнің аяғынан басталып сырқаттың 1 аптасында қалыптасады) некроздану (сырқаттың 1 аптасының аяғын 2 апта бойы) ойық жаралардың қалыптасуы (сырқаттың 3-ші аптасында) ойық жаралардың тазалануы (4-ші аптада ойық жаралардың жазылуы (тыртық қалдырмай,сырқаттың 5-6 аптасында)
Клиникалық жіктелуі
типті (жеңіл. Орташа, ауыр)
А типті
Жеңіл түрі:
жасырын
абортивті
амбулаторлы
Ауыр түрі:
пневмосүзек
менингосүзек
невросүзек
колоносүзек
Клиникалық көрінісі: Инкубациялық кезеңі 3-28 күнге дейін, орташа алғанда 9-14 күн. Типті түрінде инфекция біртендеп басталады. Негізгі клиникалық көріністері:
Қызба 39-40С-ке дейін көтеріледі, көбінесе тұрақты түрде (кейде дұрыс емес немесе ремиттирленген), ұзақтығы 2-3 аптаға дейін
Қызбаның 3 түрі байқалады:
Вундирлик қызба сызығы (трапеция тәрізді, тұрақты түрі)
Боткин қызба сызығы (толқын тәрізді)
Кюльдишевский қызба сызығы (баспағыш тәрізді)
Интоксикация: басының нақты ауруы, ұйқысының бұзылуы, адинамия, апатия, сананың тұмандануы, енжарлық. Орталық нерв жүйесі жағынан әртүрлі дәрежедегі тифозды статус белгілері (тежелу, көңілсіздік, мимикасының азаюы, кейде сандырақтау, елестету, ориентациялық бұзылуы)
Тері өзгерістері:
- бозару, бөртпе (аурудың 8-12 күндері, розеолезді бөртпе түрінде, аз мөлшерлі, көбінесе ішіне, кеуденің төменгі жағына шығу, 2-3 күн себелеп шығуы тән)
Ас қорыту жүйе бұзылыстары:
тәбетінің төмендеуі
тілдің ісінуі (шеттерінде тіс іздері айқын байқалады), ортасы қалың жабындымен басылуы бауыр мен көкбауырдың ұлғаюы пальпация кезінде іштің оң жақ мықынында ішектің шұрылдауы Падалка белгінің оң болуы (оң жақ мықын аймағында дыбыстың тұйықталуы) нәжісі қалыпты, кейде ботқа тәрізді (тәулігіне 2-3 реттен аспайды)
Жүрек-тамыр жүйесінің бұзылыстары:
салыстырмалы брадикардия
АҚ төмендеуі (гипотония)
пульстің дикротиясы (реттік жұптап соғу)
Перифериялық қанның өзгерістері: 1-ай аптада шамалы лейкоцитоз, одан кейін лейкопения қалыптасады. Салыстырмалы лимфомоноцитоз, анэзлофилин тән.
Диагностикасы
Клиникалық белгілері мен эпидемиологиялық мәліметтері бойынша қойылған болжам диагноз келесі лабораторлы әдістер арқылы дәлелденеді: бактериологиялық гемокультураны бөлу (қызба кезеңінде – қанды өт қосылған ортаға себу) нәжісті және зәрді қоректі ортаға себу (аурудың 2-ші аптасынан бастап). Диагностикалық маңыздылығы салыстырмалы розеолалардан, сүйек миынан қоздырғышты бөліп алу. Ем сүзектің сирек кездесетін түрлерінде (пневмосүзек, менингосүзек) қоздырғышты қақырықтан, ликвордан да бөлуге болады маңыздылығы 100% серологиялық әдістер (сырқаттың 2-3 аптасынан) Видель реакциясы (агглютинация әдісі) тура емес гемагглютинация реакциясы (ТЕГР)
Салыстырмалы диагностика келесі аурулармен жүргізіледі: грипп, бөртпе сүзек, Бриль ауруы, бруцеллез, инфекциялық мононуклеоз, Қу қызбаcыб лептоспироз т.б.
|
Жұмыс түрлері
|
Ішек сүзегі туралы , жалпы ішек инфекциялары туралы түсінік қалыптастыру.
|
Сабақтың соңы
|
Ішек инфекцияларының қандай таралу жолдарын білеміз?
Ішек сүзегінің қоздырғышы?
Ішек инфекциясы кезінде салыстырмалы диагностика жүргізу алгаритмі
|
Рефлексия
|
анатомия, патологиялық анатомия, коммуникативті дағдылар, клиникалық медицинаға кіріспе, микробиология
|
Үй тапсырмасы
|
А.Қ. Дүйсенова 27-30 беттер
|
БОЛАШАҚ ЖОҒАРҒЫ МЕДИЦИНА КОЛЛЕДЖІ
Достарыңызбен бөлісу: |