Сабақ типі: теория Мақсаты, міндеттер



бет32/32
Дата11.09.2022
өлшемі147.73 Kb.
#460555
түріСабақ
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   32
САБАҚ ЖОСПАР

Сабақ кезеңдері:

Оқытушы іс-әрекеті

Сабақтың басы:
Ұйымдастыру кезеңі

  1. Ұйымдастыру кезеңі.

  • І. Ұйымдастыру кезеңі.

  • амандасу

  • білім алушыларды түгендеу

  • психологиялық дайындық

Үй жұмысын тексеру



Үй жұмысын тексеру.

  1. Вирусты гепатиттер берілу механизмдері

  2. Гепатит А және Е түрлерінің алдын алу шаралары

  3. Вирусты гепатиттерде инфекция көзі

Жаңа тақырыпты болжау
Ой шоғырландыру

https://www.youtube.com/watch?v=XrA6CdCuib4

Сабақтың ортасы:
Бруцеллёз (мальта қызбасы). Бұл ауру осы аурумен ауыратын малдың сүтін ішуден болады. Ол сондай-ақ терідегі жырындылар мен жаралар арқылы организмге тарайды, бұл жағдай ауру малдарды күтіп-бағатын адамдарда жиі кездеседі, сонымен қатар ауру зақымданған ауамен демалған кезде тыныс жолдары арқылы да денеге түседі. Бруцеллез-бруцеллалармен шақырылатын қоздырғышы әртүрлі механизммен берілетін , клиникасында созылмалы қызбамен, қимыл-қозғалыс аппаратының, жүйке жүйесінің, жүрек-қан тамыр жүйесінің, зәр шығару жүйесінің және т.б жүйелердің зақымдалуымен жүретін, созылмалыға ауысуға бейім, инфекция-аллергиялық, зоонозды инфекциялық ауру.
Brucella тұқымына 6 түр кіреді: Br.melitensis- Қазақстанда жиі кездеседі Br.abertus Br.suis Br.cauris Br.neotomae Шар тәрізді, грам «-», эндотоксин бөліп шығарады, S-форма түзеді, сыртқы ортаға кең төзімді.
Барлық жерде кең таралған. Инфекция көзі: ұсақ мүйізді, ірі қара мал, шошқалар, маралдар және адамдар. Таралу механизмі: фекальды-оральды. Берілу жолдары: қатынас арқылы (зақымдалған тері)

  • алиментарлық

  • ауа-шаң (аэрогенді)

Көбінесе малшылар, шопандар, ауыл тұрғындары ауырады.
Бруцеллалар ағзаға тері немесе шырышты қабаттар арқылы енеді, сосын макрофактормен ұсталып, сол жерде көбейеді де, лимфа ағынымен регионарлық лимфа түйіндеріне енеді. Содан соң қан тамырлар арқылы бүкіл ағзаға жайылады. Патогенезінде инфекцияның дамуы бес фазадан өтеді:

  1. лимфогенді фаза

  2. гематогенді фаза

  3. көп ошақты себу жайылу фазасы

  4. экзоошақты себу фазасы

  5. метомффоз фазасы

Әр фазаның көрінуі және олардың дамуы организмнің индивидуальды ерекшелігіне байланысты, кіру жеріне, түріне қоздырғыш дозасына және зақымдану шартына байланысты.
Клиникасы

  • Ол ыстық көтеріліп, қалтырап дірілдеуден басталуы мүмкін, бірақ әдетте бірте-бірте, тез шаршау, әлсіздіқ асқа тәбеттің болмауы, бастың асқазанның буындардың ауыруы формасында өрбиді.

  • Ыстықтың көтерілуі жеңіл және ауыр формада болуы мүмкін. Түстен кейін қалтырап-дірілдеу және ертеңгісін малшынып терлеп қалу бұл ауруға тән белгі. Созылмалы бруцеллёзде ыстық бірнеше күн басылады да сосын қайта көтеріледі. Тиісті ем қолданбаса, бірнеше жылға созылуы мүмкін.

  • Мойында, қолтықтың астында, шапта ісінген лимфа түйіндері пайда болуы мүмкін.

Клиникалық симптомдары орташа алғанда 2-3 апта өтуімен сипатталады. Жіктелуі:

  1. Ағымы бойынша:

    1. жеңіл

    2. орташа

    3. ауыр

    4. латентті

  2. Ұзақтығы бойынша:

    1. жедел (3 айға дейін)

    2. жеделдеу (6 айға дейін)

    3. созылмалы (6 айдан кейін)

    4. ирезидуальды

Диагностикасы

  1. бактериологиялық: гемакультура жұлын сұйықтығы, синовиальды сұйықтықты қолдану

  2. биологиялық (теңіз шошқаларын зақымдау)

  3. иммунды ферментті анализді антиген, антидене табу үшін

  4. агрегатгемаглютинация әдісі (АГАР)

  5. серологиялық әдіс: комплемент байланыстыру реакциясы (КБР)

  6. аллергиялық әдіс (ГЗТ)-Бюрне сынамасы

Диф.диагностикасы
Іш сүзегімен, Қу-қызбамен, грипп, безгек, эпидемиялық бөртпе сүзегімен, Бриль ауруымен жүргізіледі.
Емдеу жолдары
Этиотропты: рифампицин, доксициклин, тетрациклин

  • қабылдауға қарсы: вольтарен, напроксен

  • дезинтокциялық: тек ауыр түрінде

  • антигистаминді

  • иммунды жүйені қалыптастыру: левамизол, тимамен

  • витаминтерапия

  • физио және симптомдық

  • санаторлы-курортық

  • Бруцеллёзден сезіктенсеңіз дәрігерден кеңес алыңыз, өйткені көп жағдайда бұл ауру-мен басқа аурупарды шатастырады, ал емдеу үшін көп уақыт та, қаржы да шығын болады.

  • Тетрациклинмен емдеңіз: ересектер: 250 миллиграмдық капсулды күніне 4 рет екі түйірден үш апта ішу керек. Сақтану шараларын орындаңыз. Немесе ко-тримоксазол ішіңіз.

Диспансеризация
Жедел және жеделдеу түрінде 3 жыл. Созылмалы түрінде әр 3 ай сайын тексерілуі керек.
Алдын алу

  • Қайнатылған немесе пастерленген сүтті ішіңіз. Бруцеллёз тараған жерлерде қайнатыпмаған сүттен дайындалған ірімшікті жеуден тартынған жөн.

  • Ауру малдарды бағып-күткен кезде аса сақ бопыңыз, әсіресе сіздің денеңізде жы-рылған немесе тілінген жер болса.

  • Ветеринария қызметкерлерімен кеңесіңіз, қолыңыздағы малдың денсаулығын қадағалап отырыңыз.

Жұмыс түрлері



Теория

Сабақтың соңы



      1. Бруцеллез патогенезі

      2. Бруцеллездің алдын алу шаралары

      3. Бруцеллездің қазіргі таңдағы емдеу шаралары




Рефлексия



анатомия, патологиялық анатомия, коммуникативті дағдылар, клиникалық медицинаға кіріспе, микробиология

Үй тапсырмасы

А.Қ. Дүйсенова 88-114 беттер




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   32




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет