Сабақ түрі: дәріс Қарағанды 2022 жоспар жоспар


жылғы ұлт-азаттық көтеріліс



бет9/10
Дата20.12.2022
өлшемі1.34 Mb.
#467561
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
9 Лекция

4. 1916 жылғы ұлт-азаттық көтеріліс

  • 4. 1916 жылғы ұлт-азаттық көтеріліс
  • Соғыс жылдарында интенданттық армия тарапынан былғары аяқ киімге жəне тері тондарға сұраным ерекше өсті. Соғыс жылдарында жүн өніміне сұраныс ұлғайып, өлкеде шұға өндіретін тұңғыш Қарғалы фабрикасы əскери тапсырыс орындап, шинельге арнап шұға дайындай бастады, сол сияқты соғыс сұранымына ет өнімін дайындауда Петропавлда ет-консерві 196 197 комбинаты ашылса, Оралда мал соятын арнайы орын ашылды. Өлкеге дайын өнім, киім-кешек пен аяқ киім əкелудің қысқаруына байланысты соғыс жылдарында осы қажетті бұйымдарды тігетін шеберлердің саны көбейді.
  • Мəселен, 1916 жылы Верный қаласында 140 адам жұмыс істеген ірі шеберхана болды. Өнеркəсіп орындарындағы жұмысшылардың, қалалардағы еңбекшілердің жағдайы күрт нашарлады. Кəсіпорындарда жас балалардың, жасөспірімдердің, əйелдер мен соғыс тұтқындарының еңбегі кеңінен қолданылды. Жұмысшылар тəулігіне 10—12 сағат, ал кейде 16 сағаттан жұмыс істеді. Жұмысшылардың нақты жалақысы үнемі төмендей берді. Мəселен, Спасск зауытында 1914 жылы күндік жұмыс үшін — 1 сом 04 тиын, 1915 жылы — 94 тиын төленді. Мұндай жағдай өнеркəсіп орындарында барлығында дерлік болып жатты. Селолар, қалалар мен ауылдар еңбекшілері жағдайының нашарлауы 1914 жылдың өзінде-ақ Қарағанды, Екібастұз шахталарында, Орынбор, Ташкент жəне Транссібір теміржолдары жұмысшылары арасында бас көтерулер мен ереуілдерге алып келді. Тіпті, соғыс жылдарында Қазақстанда халық бой көтеруінің бірі “əйелдер бүлігі” дейтіндер болды, оларды өкімет орындары үкіметке қарсылық деп қарады. Шаруалар көтерілістері Қазақстанның солтүстік аудандарын да қамтыды.
  •  

Мəселен, 1916 жылы 21 наурызда Торғай облысы Ақтөбе уезінің Ақбұлақ селосында 30 адам болатын солдат əйелдерінің тобыры көпестер — Незвановтың, Пряткиннің дүкендерін қиратады. Халық бұқарасының мұндай бой көрсетулерінің толқыны Қазақстанның басқа да аймақтарында орын алды. 1916 жылдың орта шеніне қарай жұмысшылардың үкіметке ашынуы үдей түсті. Нəтижесінде бұл жағдайлар қазақтардың ұлт-азаттық қозғалысына зор ықпал жасады. 1916 жылы 25 маусымда патшаның Қазақстан, Орта Азия, Сібір тұрғындарынан 19 бен 43 жас аралығындағы ер азаматтарын тыл жұмысына алу туралы жарлығы шығады. Бұл жарлық 1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілісінің басталуына себеп болды. Шілденің бас кезінде Қазақстанның барлық аймақтарында дерлік стихиялы наразылықтар басталып, көп ұзамай қарулы көтеріліске ұласты.

  • Мəселен, 1916 жылы 21 наурызда Торғай облысы Ақтөбе уезінің Ақбұлақ селосында 30 адам болатын солдат əйелдерінің тобыры көпестер — Незвановтың, Пряткиннің дүкендерін қиратады. Халық бұқарасының мұндай бой көрсетулерінің толқыны Қазақстанның басқа да аймақтарында орын алды. 1916 жылдың орта шеніне қарай жұмысшылардың үкіметке ашынуы үдей түсті. Нəтижесінде бұл жағдайлар қазақтардың ұлт-азаттық қозғалысына зор ықпал жасады. 1916 жылы 25 маусымда патшаның Қазақстан, Орта Азия, Сібір тұрғындарынан 19 бен 43 жас аралығындағы ер азаматтарын тыл жұмысына алу туралы жарлығы шығады. Бұл жарлық 1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілісінің басталуына себеп болды. Шілденің бас кезінде Қазақстанның барлық аймақтарында дерлік стихиялы наразылықтар басталып, көп ұзамай қарулы көтеріліске ұласты.
  • Халық ашу-ызасының алғашқы соққыларына тылдағы жұмыстарға алынатындардың тізімін тікелей жасаған болыс басқарушылары, ауыл старшындары жəне патша əкімшілігінің басқа да төменгі билік иелері ұшырады. Іс жүзінде тізімдер жасау жүйесі жаппай парақорлық пен бұрмалаушылыққа жол ашқан болатын. Оның үстіне патшалық өкімет орындары лауазымды адамдарды, болыстарды, село жəне ауыл басқарушыларын, байырғы тұрғындардан шыққан төменгі шенді полицейлерді, имамдарды, молдалар мен мүдəристерді, ұсақ кредит мекемелеріндегі есепшілер мен бухгалтерлерді, жоғары жəне орта оқу орындарындағы оқушыларды, үкіметтік мекемелердің шенеуніктерін, дворян жəне құрметті азамат құқықтарын пайдала- натын адамдарды əскерге алудан босатты. Стихиялы қозғалыс бірте-бірте ұйымдасқан сипат алып, қарулы көтеріліске ұласып, оның ірі ошақтары (Жетісу мен Торғайда) пай- да болды. Көтеріліс бүкіл Қазақстанды қамтыды. Бұл көтерілістің басты мақсаты ұлттық жəне саяси азаттық болды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет