Сабақ түрі: дәріс Қарағанды 2022 жоспар жоспар



бет6/10
Дата20.12.2022
өлшемі1.34 Mb.
#467561
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
9 Лекция

1842 жылы Ұлы жүз руларының төрт старшыны Ресейдің қол астына қарау жөнінде ант берді. Бұл кезде Жетісудың көптеген бөлігінің Жоңғарлар билігінде болуы Ресейге қосылуға бөгет жасады. Сонымен қатар Қоқан ханы мен Хиуа билеушілері едәуір қарсылық көрсетгі. 1848 жылы сұлтан Сүйік Абылайханов бастаған Ұлы жүз қазақтары өздерін Ресей қол астына алу туралы тілек білдірді. Бір жыл өткен соң патша үкіметі Ұлы жүз қазақтарын Ресей азаматы деп жариялады. Бірақ бұл азаматтыққа Іленің шығыс жағын мекендеген рулар ғана өтті. 1856 жылы Ұлы жүздің Жалайыр, Албан, Дулат, Шапырашты, Ысты тайпалары Ресей азаматтығын қабылдады.

  • 1842 жылы Ұлы жүз руларының төрт старшыны Ресейдің қол астына қарау жөнінде ант берді. Бұл кезде Жетісудың көптеген бөлігінің Жоңғарлар билігінде болуы Ресейге қосылуға бөгет жасады. Сонымен қатар Қоқан ханы мен Хиуа билеушілері едәуір қарсылық көрсетгі. 1848 жылы сұлтан Сүйік Абылайханов бастаған Ұлы жүз қазақтары өздерін Ресей қол астына алу туралы тілек білдірді. Бір жыл өткен соң патша үкіметі Ұлы жүз қазақтарын Ресей азаматы деп жариялады. Бірақ бұл азаматтыққа Іленің шығыс жағын мекендеген рулар ғана өтті. 1856 жылы Ұлы жүздің Жалайыр, Албан, Дулат, Шапырашты, Ысты тайпалары Ресей азаматтығын қабылдады.
  • 19 ғасырдың 50-жылдарында Ұлы жүздің Оңтүстік Қазақстаңдағы бөлігі Қоқан хандығының қол астында еді. Бұл аймақтарды өзіне қаратып әрі Орта Азиядағы хандықтарды өзіне бағындыру мақсатымен патша үкіметі Ұлы жүздің Оңтүстік Қазақстандағы аймағына екі жақтан - Перовск және Верный қалаларынан жорық бастады (Ұзынагаш шайқасы). 1864 жылы көктемде орыс әскері Әулие-атаны, 1865 жылы Ташкент, Перовскіден шабуылға шыққан орыс әскері Шымқорған, Жөлек бекіністерін алып, Сырдария мен Жетісудағы Ұлы жүз қазақтары түгелдей дерлік Ресей қол астына көшті.

2. 1905-1907 жылдардағы орыс революциясы және оның Қазақстанға әсері

  • 2. 1905-1907 жылдардағы орыс революциясы және оның Қазақстанға әсері
  • Бірінші орыс революциясы кезінде патшалық тәртіпке қарсы күреске ұлттық аймақтардың халықтары да көтерілді. Қазақстан еңбекшілерінің 1905-1907 жылдардағы ереуілдері орыс халқының төңкерістік күресімен тығыс байланысты еді.
  • Желтоқсан қарулы көтерілістің әсерімен 1905 жылы 11 желтоқсанда Успен руднигінде жұмысшылардың ірі ереуілігі өтті. Ереуіл барысында орыс жұмыскері П.Топарнин мен қазақ жұмысшысы Ә.Байшағаров басқарған «Орыс-қырғыз одағы» құрылды. Жұмысшылар өздерінің жалпы жиналысында қабылдаған талаптарын «Петиция» ретіне рудник басшысы Н.Фелльге тапсырды. Оның бірде-бір пункті қабылданбағандықтан «Орыс-қырғыз одағының» шақыруымен рудникте ереуіл басталды. Рудник кеңсесі үстіне қызыл жалау көтерілді. Бұл ереуілді Қарағанды көмір кені орындарының жұмысшылары қолдады. Патша әкімшілігі бұл жерлерге әскери отрядтар жіберіп, ереуілшілерді жазалады. Успен руднигі жұмысшыларының ереуілі Қазақстан тарихында көрнекті орын алады. Яғни ол өлкеде революциялық қозғалыстың шарықтаған кезі деп саналады.
  • 1905-1907жж. революциялық қозғалыстармен байланысты Қазақстанда жұмысшылардың кәсіподақ ұйымдары бой көтерді. Алғашқылардың бірі болып Оралдаға теміржолшылардың кәсіподағы /1905ж. қараша/ құрылды, оған Н.Смуров, Н.А.Покатилов және Н.И.Ульянов басшылық жасады. Оралда басқа да бірқатар кәсіподақ ұйымдары қызмет етті. 1906ж. Орынбор-Ташкент теміржолшыларының кәсіподағы – 6 мың мүшесі бар ең ірі ұйым болатын.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет