Бұл тұстағы генерал-губернаторлардың билік шараларын іске асыратын басқару жүйесі мынадай үш бөлікке бөлінді: облыстық басқармалар, уездік басқармалар жəне жергілікті басқармалар. Облыстық əкімшіліктің басқарма басшылығында əскери жəне азаматтық билік ететін əскери-губернатор тұрды. 1868 ж. Ереженің 22—23-бабында дала облыстарының əскери-губернаторлары облыстардағы əскери қолбасшыларға теңестірілетіні көрсетілген жəне де олар өз облыстарының аумағындағы орналасқан казак əскерлерінің тағайындалған атамандары болып саналатын. - Бұл тұстағы генерал-губернаторлардың билік шараларын іске асыратын басқару жүйесі мынадай үш бөлікке бөлінді: облыстық басқармалар, уездік басқармалар жəне жергілікті басқармалар. Облыстық əкімшіліктің басқарма басшылығында əскери жəне азаматтық билік ететін əскери-губернатор тұрды. 1868 ж. Ереженің 22—23-бабында дала облыстарының əскери-губернаторлары облыстардағы əскери қолбасшыларға теңестірілетіні көрсетілген жəне де олар өз облыстарының аумағындағы орналасқан казак əскерлерінің тағайындалған атамандары болып саналатын.
- Облыстар өз кезегінде уездерге бөлінді. Уездік басқарманың басшылығына орыс чиновниктерінің ішінен облыстық əскеригубернатордың ұсынысы бойынша генерал-губернатор бекітетін уезд бастығы тағайындалды. Жаңа əкімшілік жүйе бойынша уездегі барлық билік жүйесі толығымен уезд бастығының қолына шоғырландырылды. Ереженің 42—65 баптары бойынша, уезд бастықтарына мынадай міндеттер жүктелді: жергілікті басқару орындарына жүктелген міндеттердің орындалуын қадағалау, уезде тыныштық пен тəртіпті сақтау, алым-салықтың жиналуын бақылау жəне халықтың денсаулығын сақтау. Уезде орналасқан əскери бөлімшелер, мекемелер мен бекіністер уезд бастықтарына бағынышты болды. 1867—1868 жж. реформа ел мен жерді басқарудағы патшалық үкіметтің алғашқы буыны болып табылатын жергілікті басқармаға көңіл бөлді.
- Əрбір уезд болыстарға, ал болыстар ауылдарға бөлінді. Е.Г.Федоров «Қазақстан — патша үкіметінің отары» атты еңбегінде: «Патшалық қазақ тұрғындарының орталықтарын əдейі бөлшектеді, барлық басқару жүйесін бөлшектеу арқылы қазақ халқының мəдени дамуын тежеп, халықты қараңғылықта ұстауды көздеді»,— деп көрсетеді. Уездер аумақтық белгі бойынша бір болысқа 1000—2000 киіз үй жəне бір ауылға 100-ден 200-ге киіз үй кіретіндей болып есептелген болыстар мен ауылдарға бөлінді. Болыстар шаруашылық жағынан біріккен ауылдардан тұрды. Осыған байланысты жаңа жағдайда қазақтардың рулық қатынастар бойынша тарихи бөлінуі заңды түрде жойылды. Ру басында ақсақал тұрғанда, оның сөзі мен ісі билік күшке ие жағдайында патша үкіметінің дала тыныштығы үшін 168 169 қорқуы заңды нəрсе болатын.
Достарыңызбен бөлісу: |