Сабақ түрі тәжірибелік Сабақтың мақсаты оқыту: ұрықтың жамбаспен жатуының диагностикасын, босану биомеханизмін, асқынуларын



бет3/8
Дата03.10.2023
өлшемі122.5 Kb.
#479672
түріПрограмма
1   2   3   4   5   6   7   8
Метод.-Нәрестенің-жамбаспен-келуі

10. Жаңа сабақты түсіндіру 40м
Нәресте жамбаспен жаткан кезде босану барысы көбінесе нәресте асфиксиясымен, жаракаттануымен, шетінеумен аскынады. Кейде босану калыпты жағдайда өтуі мумкін. Көп жағдайда кесар тілігін және қолмен көмектесу –Цовьянов әдістерін қолданады.
Жіктелуі:
1. Бөксемен (бүгілген);
2. Аяқпен (жазылған).
Нәрестенің жамбаспен жатуының екі түрі бар: жартылай түрі (тек бөксемен жатады); толык, түрі (нәрестенің бөксесі аяктарымен бірге жатады).
1. Жартылай түрінде - жамбас куысының кіреберіс жазықтығында нәрестенің тек бексесі орналасады, екі аяғы тұла бойында созылып жатады.
2. Толық түрінде - жамбастың кіреберіс жазьқтығында, нәрестенің бөксесі аяқтармен бірге орнығады.
Нәресте аяқпен жатқанда жамбас қуысында нәрестенің аяқтары анықталады. Бұның екі түрін ажыратады (толық және жартылай):
1). Толық түрінде жамбас қуысында нәрестенің екі аяғы да жамбас сан тізе буындарында сәл жазылып жатады;
2). Жартылай түрінде жамбас куысында нәрестенің тек бір аяғы жамбас сан тізе буындарында бүгіліп, екінші аяғы тұла бойында созылып жатады.
Нәрестенің жамбаспен орнығуының себептерін органикалык және функционалдык деп екіге бөледі
1. Органикалық себептері.
Жамбас өлшемдерінің тарылуы және оның ауытқуы;
жатырдың ақаулары; қағанақ суының көптігі; ұрық қимылының артуы; жатырдың төменгі сегментіндегі миоматозды түйіндер; егіз жүктілік;
2. Функционалдық себептері: ретсіз толғақ.
Диагностика. Нәрестенің жамбаспен жатуын анықтау үшін сыртқы, ішкі акушерия зерттеулерінің тәсілдеріне сүйенеді.
Бұл жағдайда жатыр деңгейі жоғары тұрады, себебі нәрестенің жамбасы басына қарағанда көлемді, осыған байланысты жамбас қуысының кіреберісіне біте орнықпайды.
Сыртқы зерттеу кезінде Леопольд тәсілдерін қолданады, жамбастың кіреберіс жазықтығына жақын, нәрестенің көлемді, жұмсақ, шамалы қозғалмалы бөлігі анықталады. Нәрестенін жүрек соғуы кіндік деңгейінде немесе одан сәл жоғарыда естіледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет