Қынаптық зерттеу кезінде: бөксеаралық сызығы (Ііпеа іnіеrtrосһаntегіса) жамбас қуысының бір қиғаш өлшемдеріне сәйкес келеді, сегізкөз, құйымшақ сүйектерін анықтауға болады. Егер бөксе аяқпен аралас жатса, оның қасында жатқан өкшені де анықтайды. Нәресте бөксемен орналасқанда, көбінесе оны бетпен шатастырады, сондықтан сегізкөз, құйымшақ және өкшені табу қажет; нөресте бетпен жатқан жағдайда қас жиегін, мұрын түбін анықтайды. Нәрестенін жамбаспен жатуын анықтағанда - қосымша ультрадыбыс, амниоскопия зерттеулерін қолданады.
УДЗ-де ұрықтың жамбаспен жатуын анықтаумен бірге. оның жынысын, салмағын, басының бағытын (бүгілгенін. шалқайғанын), плацентаның орнын, қағанақ суының көлемін және ұрықтың ауытқуларын анықтауға болады.
Жүктілік және босанудың ағымы
Нәресте жатырда жамбаспен жатқанда жүктілік пен босану ағымындағы асқынуларды ескере отырып, көптеген акушерлер нәрестенің жату қалпын өзгертуді ұсынған (профилактикалық сыртқы акушерлік бұру операциясы арқылы). Бірак бұл операцияда көптеген асқынулар болып - жүктіліктің мезгілсіз үзілуі, қалыпты орналасқан плацентаның мезгілсіз бөлінуі т.б.; операция нәтижесіз болды
Көптеген авторлар Грищенко және Шулешова, Дикань түрлі гимнастикалар көмегімен жатырда нәрестенің жату қалпын өзгертуді ұсынды (35 апталық жүктіліктен бастап)
Диканьнің гимнастикасы бойынша: жүкті әйел қатты төсекте, кезекпен оң және сол бүйіріне 10 минуттан жатады (бір сағат бойы). Гимнастиканы күніне 3 рет тамақ алдында жасайды. Бір апта аралығында нәрестенің жату қалпы өзгеру мүмкін (жамбастың орнына нәресте басы орнығады).
Босану ерекшеліктері
Босанудың I кезеңінде - қағанақ суының ерте кетуі, толғақтың өлсіздігі және нәресте кіндігінің қынапқа түсуі байқалады.
Жатырдың төменгі бөлігі нәресте жамбасы толық қысып ұстай алмағандықтан, қағанақ суы алдыға ұмтылып, қысым артып, қағанақ қуығының тез жарылуына әсер етеді. Қағанақ суының ерте кетуі (жатыр мойны түгел ашылмай тұрып), кіндік баудың, кейбір майда мүшелерінің қынапқа түсуі, босанудың асқынуына және нәресте гипоксиясына душар етеді. Сондықтан қағанақ суын бірінші кезенде сақтаудың маңызы зор; ол үшін жүкті әйелді нәрестенің арқасы жатқан жақка қырынан жатқызады.
I кезеңде нөрестенің жүрек соғуына және толғақ сипатына көңіл бөлу керек. Нәресте гипоксиясының алдын алу үшін: оттегін 40 % - 20,0 мл глюкозаны + 1,0 мл сигетинді үш сағат сайын және 1,0 мл АТФ, 100 мл кокарбоксилазаны, 0,01 гр метионинді, 0,02 г фолий қышқылын, 400 мл реополиглюкинді қолданады.
Босанудың екінші кезеңін ұқыпты жүргізу қажет. Әрбір толғақтан кейін (1-2 минуттан соң) нәрестенің жүрек соғуын және толғақтың қарқынын қадағалайды. Екінші кезеңнің басында толғақтың әлсізденуінің алдын алу үшін, окситоцин сұйықтығын венаға тамшылаып құяды (8-40 тамшыға дейін, тамшы жиілігін толғақтың қаркынына қарай қадағалайды). Нәресте бөксесі жыныс ернеуінен туылған кезде оның басы жамбас қуысына түседі, жатыр мойын өзегі тарыльш, нәресте басын қыспау үшін 2 % - 2,0 мл но-шпа неесе 2 % - 4 мл папаверин, 1 мл атропин сүйықтығын бұлшық етке енгізеді.
Нәресте бөксесімен туылғанда босану жолдарының, нәрестенің жарақаттануы жиі кездеседі.
Достарыңызбен бөлісу: |