Сабақ түрі тәжірибелік Сабақтың мақсаты оқыту: ұрықтың жамбаспен жатуының диагностикасын, босану биомеханизмін, асқынуларын


Нәресте жамбаспен жатқанда кесар тілігіне көрсеткіштер



бет7/8
Дата03.10.2023
өлшемі122.5 Kb.
#479672
түріПрограмма
1   2   3   4   5   6   7   8
Метод.-Нәрестенің-жамбаспен-келуі

Нәресте жамбаспен жатқанда кесар тілігіне көрсеткіштер
1. Асқынған акушерлік анамнез (бедеулік, нәрестенің жарақаттануы т.б.), жатыр миомасы, тар жамбас, гестоз, ұзаққа созылған жүктілік нәрестенің жамбаспен жатуымен бірлесіп келгенде.
2. Жатыр тыртығы.
3. Ірі нәресте.
4. Кіндік бауының төмен орналасуы.
5. Плацентаның төмен орналасуы.
6. Жүктілік гестозының ауыр түрлері.
11. Оқушының өз бетінше атқаратын жұмысы 47м
Оқытушы оқушыларға алдын ала сабақтың тақырыбына байланысты дайындалған науқастарды, яғни босанатын және босанушы әйелдердi, операциядан кейiнгi науқастарды. таратады
Оқушы өз бетінше сыртқы акушерлік зерттеуді, Леопольд - Левицкий тәсілдерін, жатыр түбінің биіктігін, іштің айналымын, ұрықтың болжамды салмағын анықтауды, жүктіліктің мерзімін анықтау, жамбас сүйегімен ұрықтың сәйкестігін анықтауды үйрену керек. Курациядан кейін студент дұрыс диагноз қоя білу керек, босандыру жолын, босанудың жүргізу жоспарын, кездесетін асқынулардың алдын-алу жоспарын белгілеу керек.
Мысалы: 1. Жүктілік 39-40 апта. Таза кұйрықпен жату. Преэклампсия жеңіл дәріжесі .Анемия 1ші сатысы.
Босануды жүргізу жоспары:
1. босану әрекеті басталғаннан бастап, босануды табиғи босану жолдары арқылы жүргізу.
2. босанудың-I 1 ші кезеңінде қағанак суының ерте кетуін болдырмауға арналған шараларды қолдану.
3. босану кызметінің жылдамдығын, босанатын әйелдің және ұрықтың жағдайын қадағалау
4. босану кызметінің ауытқуының, ұрықтың құрсақ ішілік гипоксиясын алдын -алу шараларын қолдану.
5 босанудың II-ші кезеңінде тамырға окситоцин енгізумен , Цовьянов әдісін қолдану арқылы пудендалды анестезиямен, кажет болса перинео- немесе зпизиотомия жасау.

  1. 2-ші жене 3-ші кезеңдегі қан кетуді алдын - алу.

Курациядан кейін оқушылар оқу бөлмесіне жиналады.
Жүктілікті жүргізу мен емдеу жоспарының дұрыстығын бағалайды. Жүктілікті жүргізу жоспарын анықтайды. Қиындық туған жағдайда оқытушымен бірге талкылап, жүктілікті жүргізуге косымша деректер енгізеді. Әйелде кездесетін асқынуларды және олардың алдын - алу шараларын талқылайды. Фантомда жамбаспен жатудағы босану кезеңдерін талқылайды.Сабаққа дайындалу барысында оқушыларға жамбаспен жатудың әрбір түрлеріндегі босануды жүргізу және көрсетелетін көмекші әдістерге көңіл бөледі. (Цовьянов 1әдісі таза кұйрықпен жатуда, аяктармен жатуда- Цовьянов 2 әдісі, жамбаспен жатудағы классикалық әдісті қолдану).


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет