Сабақтың ортасы
|
(МК, Ұ) Мұғалім оқушыларға домбырада орындалған күйден үзінді тыңдатады. Сол арқылы домбыра аспабы туралы түсінік береді. Содан кейін оқулықтағы 1 – тапсырма бойынша жұмыс істейді. Оқушылар Алмабектің сөзін тыңдайды, оқиды, содан кейін сол тапсырмадағы «Сенде домбыра бар ма?» деген сұраққа жауап береді. Бұл сұраққа әр бала өзінің шынайы жауабын береді. Осыдан кейін мұғалім оқушылардың назарын алмабектің «Мен домбыра тартамын» деген сөйлеміне аударады. «Есте сақта!» айдары бойынша аталған етістіктің болымды, қайталату арқылы жаттықтырады.
(Ұ) 2 – тапсырмада оқушылар үйренген үлгі бойынша «Сен домбыра тартасың ба?» деген сұраққа тірек үлгілерді (Иә, мен ... /Жоқ, мен...) толықтырып айту арқылы өз қалаулары бойынша жауап береді.
(Ж) 3 – тапсырманы орындау үшін домбыра қажет болады (шынайы домбыра болмаған жағдайда, ойыншық домбыра/домбыраның суреті қолданылады). Ең алдымен мұғалім диалогті тыңдатады. Содан кейін оқушылар жұппен осы диалог негізінде сөйлеседі. Тапсырмада ұсынылған диалог шынайы болу үшін, екінші баланың қолында домбыра болу керек. Содан кейін оқулықта берілген үлгі бойынша өзара сөйлеседі. Үлгі:
- Мынау не?
- Бұл – домбыра.
- Сен домбыра тартамын.
- Иә, мен домбыра тартамын.
(Жоқ, мен домбыра тартпаймын).
Екінші сұраққа оқушылар шынайы жауап береді.
(МК, Ж) 4 – тапсырмада берілген сұрақтарға жауап беру арқылы оқушылар өткен материалды қайталайды, бекітеді. Тапсырмада берілген сұрақтарға оқушылар өз қалауы бойынша жауап береді. Сондай – ақ тапсырманы жқптық жұмыс ретінде ұйымдастыруға болады. Бірінші бала сұрақ қояды, екінші бала жауап береді.
(МК, Ұ) Жұмыс дәптердегі тапсырмаларды орындау арқылы оқушылар оқулықпен жұмыс барысында алған білімдерін бекіте түседі.
|
Оқулық
Аудиодиск:
6.3.1.; 6.3.3.
№ 2 жұмыс дәптері
|