Сабаққа дайындалуға арналған негізгі сұрақтар


Конститутивтік гетерохроматин



бет3/5
Дата09.02.2023
өлшемі64.5 Kb.
#469336
түріСабақ
1   2   3   4   5
Ақпараттық-дидак. блок Жасушаның генет. аппараты

Конститутивтік гетерохроматин барлық хромосомалардың центромера және теломера аймағында болады. Ол транскрипияланбайтын, орташа және жиі қайталынатын нуклеотидтер қатарынан тұратын, ДНҚ –дан құралған. Олар ядроның жалпы құрылымын сақтау, хроматиндердің ядро қабықшасына бекінуін, мейоз кезінде гомологты хромосомалардың өзара бірін-бірі тануын, көрші құрылымдық гендерді бөліп тұру, гендердің белсенділігінің реттелуі қызметтерін атқаруы мүмкін.
Факультативті гетерохроматин мысалы ретінде қалыпты гомогаметалы жынысты ағзалардың (адамдарда әйел жынысы гомогаметалы болады) екі Х-жыныс хромосомасының біреуі ядро мембранасында интерфаза сатысындағы Барр денешігін, жыныс хроматинін келтіруге болады.
Адам жасушаларындағы Х-хроматин санын анықтау жыныс хромосомасының санының өзгеруінен болатын тұқым қуалайтын аурудардың бастапқы диагнозын қоюға мүмкіндік береді.
Медицинада митоздық хромосомалардың молекулалық-генетикалық негіздерін оқып-үйрену адамның хромосоманың құрылыс мен қызметінің бұзылуынан болатын хромосомалық ауруларының себептерін түсіну үшін аса маңызды.
Ең алғаш 1956 жылы француз цитогенетиктері Тийо және Леван адамның хромосомаларының нақты санын, 46, анықтады.
Адамның (сондай-ақ басқа да түрлердің) харомосомалар санын анықтаудың қиындығы олардың зерттелетін препараттарда ретсіз орналасуы, жеке хромосомалардың түсіп қалуы және басқа да техникалық қиындықтарға байланысты болды.
Тегіс боялған адам хромосомаларын жіктеу алғаш рет 1960 жылы АҚШ-тың Денвер қаласында өткен халықаралық конференцияда қабылданды. Кейіннен бірқатар өзгертулер мен түзетулер енгізілді (Лондонда 1663 жылы және Чикагода 1966 жылы). Денверлік жіктеу бойынша адамның барлық хромосомалары центромералалық индексі (қысқа иығының ұзындығының хромосоманың түтас ұзындығына қатынасы, пайызбен есептелінеді) және ұзындықтары бойынша 7 топқа бөлінеді. Топтар ағылшын әріптерімен А-дан G-ға дейін белгіленеді. Хромосома жұптарын араб сандарымен белгілеу қабылданған. Топтардың сипаттамасы 1-кестеде көрсетілген.
1-кесте.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет