Сепарирлеу. Флотирленгеннен кейін ашытқы концентраты әрмен қарай қоюлану үшін сепарирлеуге жіберіледі. Ол үшін ашытқы концентратын насостың көмегімен айдайды және оны диэмульгирлейді, демек көбіксіздендіреді. Қазіргі кезде көбікті сұйылту үшін флотатор немесе арнайы ыдыс (деэмульгатор) механикалық әдісі қолданылады.
Осы мақсатқа сәйкес күрекшелі бұлғағыш немесе құрылысы басқалар қолданылады. Флотатордан шыққан немесе диэмульгатордан шыққан сұйылтылған ашытқы суспензиясында біраз мөлшерде ауа болады, ол суспензияны ортадан тепкіш күштің әсерінен насостың көмегімен айдауға қиындық тудырады. Ашытқы суспензиясынан ауаны бөлу үшін ортадан тепкіш күштің әсерімен жұмыс жасайтын насостың алдында газды бөлуге арналған ыдыс орнатылады, оны газ бөлгіш деп атайды. Бір немесе бірнеше флотатордан газ бөлгішке келіп түседі, онда бос ағымның кеңеюінің нәтижесінде сұйықтықтың жылдамдығы төмендейді. Бұл ауаның бөлінуіне мүмкіндік жасайды, ол жоғарғы штуцер газ бөлгіштен атмосфераға жіберіледі.
Сепарирлеу әдісі ортадан тепкіш күштің әсеріне негізделген. Ашытқы суспензиясы сепараторға келіп, барабанның айналуынан ортадан тепкіш күштің әсеріне түседі. Ашытқының тығыздығы 1,1 г/см2 болғаннан айналудың әсерінен шет-шетіне лақтырылады. Ашытпа ашытқыдан босатылған және тығыздығы 1,01 г/см3 болғанда айналу ортасына ығыстырылады. Демек, ашытқы суспензиясы ашытқының ашытпасына және ашытқы суспензиясының қоюлануына бөлінеді. Барабанда ашытқы ашытпасының тұну ұзақтығы 2-5с. Сепаратордың барабанының айналу жиілігі 4500-6000 айн/мин. Қазіргі заманғы сепаратордың өнімділігі 25-80 м3/сағ. (ашытқы есебі бойынша).
Ашытқыны сепарирлеу сепаратордың екінші-үшінші тобында жүреді. Ашытқы биомассасының сепаратордағы құрамын 600-650 г/л дейін қоюландыруға болады. Азықтық ашытқының дәмі, түсі, құрамы бойынша сапасын жақсарту үшін ашытқы суспензиясының ақуызын сумен жуады. Ашытқы суспензиясын жуу көбік жинағыш флотаторға немесе екінші топтағы сепаратордың арасында орнатылған су құйылып тұратын насостың көмегімен іске асырылады. Су құйылып тұратын насостың жұмыс жасау принципі келесідей. Ол одан кішкентай саңылау арқылы тұмсығына су қысымымен су құйылып тұратын насоспен корпусына беріледі, тұмсығынан су шығар кезде жылдамдығы жоғарылайды, камерада ашытқы суспензиясы сұйытылады, сумен араласады және келесі сепаратордың топтарына диффузор арқылы жіберіледі. Сумен араласқан ашытпада ашытқы концентрациясы табиғи төмендейді, ал екінші сатылы сепаратордан қайтадан жоғарылайды. Мысалы, флотациядан бөлінген ашытқы және екі сатылы сепарирлеуде ашытқы суспензиясындағы шамалап алынған ашытқының әртүрлі аумақта болуы келесідей, г/л:
Ашытқы өсетін аппараттан - 30
Флотация және жуудан кейін – 60
Бірінші сатылы сепаратордан кейін – 300
Су құйылып тұратын насостың көмегімен жуғаннан кейін – 150
Екінші сатылы сепаратордан кейін – 600
Сепаратор қалыпты жұмыс істегенде сепарирлегенде және жуғанда жалпы жоғалған ашытқы 7%-тен жоғарыламауы керек. Ашытқы суспензиясын сепарирлегенде сепаратордың барабанында тарелка аралары, тұмсығы бекітіліп қалады, сондықтан сепараторды тоқтатып, ажыратады және ашытқының қоюланған қалдығынан тазартады. Мұнан сепаратордың негізгі кемшілігінің бірі олардың үздіксіз режимі болып саналады. Сепарациялық цехтағы сепаратордың кезеңді тоқтауы әрбір ағымға параллель бірнеше сепараторды орнатуға тура келеді. Сепаратордың жұмыс жасау сенімділігі оларды дұрыс қолдану дәрежесіне байланысты. Сепараторлар жүйелі тазартуды және профилактикалық жөндеуді қажет етеді. Тазартылмаған сепаратордың жұмыс жасау ұзақтығы келіп түсетін ашытқы ашытпасының сапасына байланысты және орташа 12-24 сағат ұзақтығын құрайды, арнайы столда қолмен сепараторды жуады және реттейді. Жуып болғаннан кейін тарелкаларды реттеп жинайды.
Булау. Сепарирленгеннен кейін ашытқы концентратында ашытқының ішіндегі ылғалдылығы 75% болатын, демек 15% абсолютты құрғақ затты құрайтын 600 г/л ашытқы болады. Мұндай ашытқы концентраты кептіруге жіберілуі мүмкін, бірақ электр энергиясын үнемдеудің мақсатын, кептіруге жіберер алдында буландырғыш аппаратта ҚЗ 23-25% дейін қоюландырады.
Ашытқы концентратын буландыру бір немесе екі корпусты вакуум буландырғыш қондырғыда жүргізіледі. Ашытқы суспензиясын буландырғыш аппаратқа берер алдында плазмолиз (термолиз) жүргізіледі. Оны қыздыру үшін құбыр аралық кеңістік арқылы өтетін жылу алмастырғыш плазмолизаторда 75-80ºС температураға дейін бумен қыздырады және ұстағыш ыдыста 30-40 минут ұстайды. Осы операцияның үрдісінде барлық микрофлораға сәйкес келіп ашытқы жасушасы өледі және малға азықтық қоспа ретінде ашытқыны қолдану өте маңызды. Жануардың организмінде тірі жасуша нашар сіңіріледі және кандидоз ауруын тудыруы мүмкін. Одан басқа ашытқы суспензиясын плазмолиз нәтижесінде гомогенизациялайды, келесі булау процесіне оң әсерін береді.
Булау аппараты буландырғыштан және құбырлы қыздырғыштан тұрады. Буландырғыш аппараттың жұмыс істеу принципі бойынша аппарат жоғарылау және төмендеу ағыммен берілетін болып бөлінеді.
Ашытқы биомассасында витаминді сақтау барысында (көптеген витамин 90-100ºC температурада ыдырайды), буландырғанда 85ºС температурадан жоғарыламауы керек. Осындай температурада ашытқы супензиясының қайнауы буландырғыш аппаратта сұйылтумен жетеді, ол үшін соңында вакуум насосты орнатады. Екі корпусты қондырғыда буландырғыш аппаратта қайнаудың ұсынылған температурасы: біріншіде 80-83ºС температурада, екіншісінде 58-60ºС температурада.
Вакуум буландырғыш қондырғының өнімділігі үрдістің жұмыс істеуінен буландырғыш құбырдың қабырғасында қақ пайда болады. Қондырғыны периодты химиялық тазарту әрбір 24 сағат сайын 5% NaOH ерітіндісімен жасалады және әрбір 72 сағат сайын 3%-тік HNO3 ерітіндісімен жүргізіледі.
Достарыңызбен бөлісу: |