Сабаққа әдістемелік нұсқау 7М05123 «Биотехнология»


Ашытқы суспензиясын кептіру



бет22/40
Дата11.09.2023
өлшемі0.76 Mb.
#477168
түріСабақ
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   40
Практ

Ашытқы суспензиясын кептіру. Ашытқы концентратын буландырғыш қондырғыда буландырудан кейін тауарлы өнімнің ылғалдылығы 8-10% болғанша арнайы кептіргіш қондырғыда кептіріледі. Өнімділігі аз өндірісте вальцовая кептіргіш қолданылады, сағатына бір тонна суды буландыруға қабілеті бар. Көптеген гидролиз зауытында және целлюлоза қағаз комбинатында маркасы ВСГ батырылмаған типтегі екі вакуум кептіргіш құрал - жабдық орнатылған.
Көптеген зауыттарда СРЦ – 3200, СРЦ -6300, СРЦ -125 (1500 маркалы ортадан тепкіш күштің көмегімен жұмыс жасайтын шашыратқыш кептіргіштің өнімділігі 4,6,10 және 15 сағ. (буланған судың есебі бойынша) сәйкес қолданылады. Шашыратқыш кептіргіш жоғарғы өнімділікте болады, кептірілетін ашытқының сапасына қарай сақтауды, кептіруді жүргізеді, үрдісті герметизациялау жағдайында (нығыздап жабылған деген мағына) жүреді, олардың азырақ кемшілігі бар. Бұл кептіргіш көлемді жылуды және электр энергиясын мол жұмсайды, шашыратқыш және шаңды ұстағыш қондырғысы күрделі болады, кептіру үрдісі кезінде 3% ашытқыны жоғалтады.


Бақылау сұрақтары:
1.Суспензия процесі дегеніміз?
2.Суспензиялардың табиғаттағы орны қандай?
3.Ашытқыны сепарирлеу процесі қалай жүреді?
4.Ашытқы суспензиясын булау процесі қалай жүреді?
5.Ашытқы суспензиясын кептіру процесі қалай жүреді?
6.Ашытқыны суспензиялау процесі қандай аппараттарда жүреді?
Практикалық сабақ №9


Өнім алуда бактериалды биомассаны концентрлеу, кептіру


Жоспар:


1.Концентрлеу процесі
2.Флотирлеу
3.Сепарирлеу
4.Ыстықпен өңдеу және кептіру

Ферментация үрдісі аяқталғаннан кейін культуралды сұйықтықтың құрамында микроорганизмдердің тіршілік етуіне қажет заттар, қоректік ортаның қалдықтары, көбік сөндіргіш, еріген және ерімеген заттар болады.


Биосинтез үрдісінің дайын өнімі болып, культуралды сұйықтықта еріген зат немесе микроорганизм жасушасының ішіндегі микроорганизмнің өзі, әлде оның метаболиттері саналады. Барлық жағдайда дайын өнімді бөліп алу үшін, культуралды сұйықтықтан микроорганизмдер массасының өлшенген фазасын бөліп алу қажет.
Культуралды сұйықтықтағы микроорганизмдердің құрамы төмен. 1л культуралды сұйықтықтың құрамында 5-10г ҚБ (құрғақ биомасса) болады. Фазаның мұндай мөлшерін бөліп алуда күрделі технологиялық үрдіс жүреді, әр түрлі әдістер қолданылады, барлық уақытта биомассаны концентрлеумен шешіледі (флотирлеу, сепарирлеу, буландыру). Өндірістік жағдайда үлкен көлемде қиын фильтрлеуші суспензияны өңдеуде мол мөлшерде энергияның жұмсалуына әкеліп соқтырады.
Культуралды сұйықтықтан микроорганизм жасушасының биомассасын бөліп алу әдістерін механикалық (центрифугалау, фильтрлеу, тұндыру) және жылу техникалық (кептіру) бөлімдеріне бөлуге болады. Соңғы өнімге байланысты осы әдістің сәйкес келетінін таңдауға болады. Культуралды сұйықтықтағы микроорганизм концентрациясын, биопрепараттың тауарлы формасын ескеріп, концентрлеудің және биомассаны бөліп алудың сызба нұсқасы таңдап алынып, экономика жағынан бағасы беріледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   40




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет