Сабаққа керекті құралдар : Бастауыш сыныптарға арналған оқулықтар. Сабақтың барысы



бет3/3
Дата03.01.2022
өлшемі17.53 Kb.
#451259
түріСабақ
1   2   3
дүниетану әдістемесі сабақ қмж

Мақсаттық жүйелілікті қолданғанда ғылыми мазмұнды берумен қатар оның практикалық мәні ескеріледі. Л.В.Вахидов “Оқушыларға үнемі дайын ақпараттарды берумен шектеліп отырмыз. Сондықтан олар дайын күйіндегі материалды артық күш жұмсап, талдап, ой қорытып жатпай-ақ тыңдап, ең қолайлы жағдайда көрнектіліктерді қарап қабылдаумен шектеледі” - деген пікір айтады1. Біздің пікірімізше, оқулықтарға хабарлар жиынтығы емес, ғылымда айқындалған, ғалымдар талқысынан өтіп, қоғам дамуында қолданылып келген және болашақта үлкен ғылымды меңгеруге жол ашатын материалдар енуге тиіс. Сол материалдарды меңгеруде оқушылардың оқу әрекеттерін дұрыс ұйымдастырып, сезімдеріне әсер ететіндей дәрежеге көтеру, ғылыми тұрғыда қабылдауға жағдай жасау, олардың есінде сақтау процесін күшейту мұғалімінің шеберлігіне байланысты.

Оқушының қабылдауы негізінде оның психологиясына жан-жақты әсер етіп, ойлау, ой қорыту процестеріне материал жүйесінің тиімділігі қандай әсер етсе, оны оқытуды ұйымдастыра білуден оқушылар әрекетінің тиімділігі туады. Осы тұрғыдан алғанда дүниетану оқулығындағы материалдардың берілуіне мақсатты жүйеліліктің де қолданылуы орынды. И.А.Аллаяровтың “Оқу белсенділігінің дидактикалық негіздері” атты докторлық дисертациясында адамды өмірге, еңбек әрекетіне даярлау оқу процесінің негізгі міндеті екенін дәлелдей келіп, оқушыларға берілетін білім мазмұны сапалы болса ғана бұл міндеттердің жүзеге асатынын көрсетеді.

Оқулыққа енген материалдардың мазмұнының сапасы оның жүйелілігіне тікелей байланысты. Материалды жүйелі беру арқылы берілетін білім жүйелілігін де қамтамасыз етеді. Жүйесіз қабылданған білімді, К.Д.Ушинский айтқандай-ақ, керек кезде тауып, өмірде қолдану да қиынға түспек.
Қолданылатын әдебиеттер:

1. “Педагогикалық және жас ерекшеліктер психологиясы” Алматы, “Мектеп”, 1987 81-82 .



2. В.М.Пакулова, В.И.Кузнецова, “Методика преподавания природоведения” М. “Просвещение”, 1990, 173-178 б.


1


1



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет