Сабаққа керекті құралдар : Бастауыш сыныптарға арналған оқулықтар. Сабақтың барысы


Сатылық жүйелілік кейде психологиялық жүйелілік деп те



бет2/3
Дата03.01.2022
өлшемі17.53 Kb.
#451259
түріСабақ
1   2   3
дүниетану әдістемесі сабақ қмж

Сатылық жүйелілік кейде психологиялық жүйелілік деп те аталады. Бұл жүйелілік бойынша материал оқушылардың даму кезеңдеріне (фазасына) қарай жекелеп, топтап, шағындап берілуі керек. Мұндағы мақсат - оқушылардың жекебас ерекшеліктерін ескеру. Бұлайша даралап әр оқушының жекебас ерекшелігіне лайықтауға бәрінен бұрын, оқулықтың көлемі көтермейді, екіншіден, бастауыш сынып оқулығы психологиялық дамуы бір деңгейдегі оқушыларға арналатын болғандықтан, материалды бөлшектеп беруге бой ұруға болмайды. Ал оқушылардың жекебас ерекшеліктерін ескер отырып оқыту мұғалімнің қолданатын әдіс-тәсілдерінің түрленуі арқылы жүзеге асады. Сондықтан да, оқулықтағы материалдарды үнемі бұл жүйелілікпен орналастыру да қолайлы бола бермейді.

Бастауыш сынып дүниетану оқулығына енетін материалдарды беруде қоршаған ортаға байланысты жүйелілік жақын келеді. Біздің пікіріміз бойынша қоршаған ортаға байланысты жүйелілікте оқушылардың оқу әрекеті тек логикалық операцияларды орындауға ғана бағытталып қоймай, оның эмоциялық жағы да басым болмақ.

ХХ-ғасырдың атақты психологі Л.С.Выготский және И.А.Васильева адам күшінің ең құдіреттісі эмоция екенін айтады. Сезім эмоция адамның ішкі дүниесін тез арада баурап алып, сол арқылы қабылданған затқа, немесе құбылысқа қызығу, қуану, не өкіну, алаңдау т.б. әрекеттер пайда болып сыртқа шығуы заңды құбылыс деп қарайды. Зерттеуші психологтардың айтуына қарағанда адамның ми клеткасының 90 пайызы эмоциялық қызмет атқарады екен. Сондықтан оқушылардың қоршаған ортаға байланысты материалдарды меңгеруі үшін олардың нақты қабылдауына мүмкіндік беретін заттар мен құбылыстарды өздері бақылап тікелей қатыса отырып, сезінуіне жағдай жасайтындай жүйелілікпен беру тиімді.

Материалды қоршаған орта жүйелілігімен беру оқушылар сезіміне, нақты қабылдауына, олардың эмоциялық көңіл күйіне әсер ететеді. Мұндай жүйелілік бойынша оқыту оқушылардың өмір тәжірибесіне, бақылауларына сүйенуге қолайлы қоршаған орта обьектілеріне негізделеді. Бұл жүйеліліктің қолайлылығы оқушылар ұғымды тиянақты меңгеріп қана қоймай, түрлі оқу әрекеттерін өздігінен орындайды.

Біздің пікірмізше бастауыш сынып оқулығында берілетін материалдарды үнемі бір ғана жүйелілікпен орналастыру мүмкін емес. ´ткен тақырыптарда бастауыш сынып бағдарламасының құрылысы туралы сөз қозғағанда берілетін материал мазмұнының спираль тәрізді қайталана отырып кеңитінін айтқанбыз. Сондай-ақ оқулыққа енген материалдардың берілуіне қоршаған ортаға байланысты жүйелілікпен қоса кейде сызықтық, сатылық және мақсаттық, жүйелілік те араласып отырады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет