Сабаққа негізделген оқу мақсаты



бет2/2
Дата11.03.2020
өлшемі272.54 Kb.
түріСабақ
1   2

«Болжау» әдісі. Мақсат: оқушылардың ойлау қабілеттерін дамыту және сол ойын жүйеге келтіре отырып қағаз бетіне түсіруді үйрету. Оқушыларға мәтін беріп, сол мәтіндегі ойды жалғастыру

Жақсылық пен жамандық

Жасы үлкен ата мен оның немересі үйдің алдында ырсылдап, арпалысып жатқан екі итке қарап отырыпты. Иттердің біреуі ақ, екіншісі қара. Он екі жасар немере өзін білгелі осы иттер үнемі атасының үйі алдында арпалысып жататын. Атасы көзін алмай қарайтын иттер еді бұлар.

Немере: «Ата, иттеріңіз соншалықты үлкен, үйіңізді қорғауға біреуіде жетер еді ғой, неге екеуін ұстайсыз? Ал түстеріше? Неге біреуі ақ, біреуі қара?»...........................................................(оқушылардың пікірі тыңдалады)

Жасы 70-ке жеткен ата немересіне күлімдеп қарады да:

«Ол иттерім»,-деді, «мен үшін екі таңба, балам».

-ненің таңбасы?......................................(оқушының жазған жауабы тыңдалады)

-жақсылық пен жамандықтың. Тура осы иттерге ұқсап, ішіміздегі жақсылық пен жамандық үнемі күресіп жатады. Иттерге қараған сайын соны ойлаймын. Сол үшін оларды қасымда ұстаймын.

Кішкентай бала, күрес болса онда жеңген мен жеңілген де болуы керек деп:

«Қалай ойлайсыз осы күресте қайсысы жеңіп щығады екен?».....................................(оқушы жауабы)

Атасы балаға күлімдеп қарап:

«Қайсысы дейсің ба балам? Мен қайсысына көп тамақ берсем-сол!»

Мұғалім қорытынды жасайды.

Жақсы болу-өзіңнен,

Жаман болу-өзіңнен.

Өзіңді өзің ая да,

Өзің үйрен, өзіңнен.

Жақсылық көрсең біреуден,

«Мен қандаймын?» деп ойла,

Өзіңді өзің қолыңа ал,

Өзіңсің-ақыл айнасы.

Тиедісаған мәні бар,

«Өзіңді тану» пайдасы.

«Постермен жұмыс» талдау.

«Ауызша тіл мәдениеті» мен «Жазбаша тіл мәдениеті»деген тақырыпта постермен жұмыс жасау. Оқушыларды тыңдау. Таныстырылыммен оқушы ойын қорытындылау. Оқушы қорғаған постерлерін «Екі жұлдыз бір тілек әдісімен » бағалату.



АКТ, постер

15 мин

Аяқталуы

«ЖИНАҚТАУ»

Алынған ақпарат негізінде талдау, жинақтау

«Бағалау»

Сен қалай ойлайсың?

Не істер едің?

Өз ойыңыз?


Өтілген тақырыпты тест жұмысымен пысықтау. Екі топқа тест сұрақтары таратылады.

1. Сөз мәдениетін нешеге бөліп қарастыруға болады?

А) 1

Ә) 2


В) 3

 2. Ауызекі сөйлеу деген не?

А) іскерлік қарым-қатынас жасау

Ә) жазу арқылы жүйелеп сөйлеу

В) бетпе-бет көріп өзара пікір алмасу

 3. Тыңдау деген не?

А) біреудің сөзін қабылдау

Ә) сұрақ қою

В) жауап беру

 4.     Таза сөйлеу – биік ...

А) сыпайылық

Ә) мәдениеттілік

В) өрескелдік

 5.     Сөз мағынасын түсінбей қате сөйлеу неге жатады?

А) тыңдай білу әдебіне

Ә) ауызша сөйлеудің стильдік ерекшелігіне.

В) сөйлеу сапасына кері ықпал ететін нәрсеге

 6.     Жүйелі мәнді сөйлеудің негізгі сапалары не?

А) тіл тазалығы, сөз байлығы, түсінікті болуы

Ә) айтылу заңдылықтарын сақтау, қызынып сөйлеу

В) сұхбат құру, өз пікірін білдіру

 7.     Сөйлеу әдебіне не жатады?

А) сөйлеушінің пікірін түйіндеу, қорытындылау

Ә) эмоциональды сөйлеу, қимыл қозғалысты қолдану

В) орфоэпиялық норманы сақтау, байыпты сөйлеу, әңгімелесіп отырған ортаның ыңғайын байқау

 8.     Тыңдау неше түрге және қалай бөлінеді?

А) 3 түрге, пікір айтқан адамның сөзін қайта-қайта бөлу, өзі келіспейтін пікірге қызбаланып қарсы сөз айту, қимыл қозғалысымен тоқтату

Ә) 2 түрге, үндемей тыңдау және өзара ой алмастыра отырып тыңдау

В) 1, сұхбат құру

 9.     Адам тыңдау, сөйлеу, жазу мәдениетін меңгерсе, ...

А) ойын жүйелі жеткізе алады

Ә) өзі туралы жоғары пікірде болады

В) басқалар қызыға қарайды

 

 10.                       Қолдану аясы, сөйлеу мақсаты, өзіндік стильдік ерекшелік, тілдік құрал неге жатады?



А) тыңдай білу әдебіне

Ә) жүйелі сөйлеу шарттарына

В) ауызекі сөйлеу тілінің стильдік ерекшелігіне.

Екі топ бес минут ішінде тест тапсырмасын орындап, жауап парақшаларын ауыстырып тексереді. Жеңімпаз топты «СОЛЮТ» ату әдісімен бағалайды



Кері байланыс жасау. «Ақылдың алты қалпағы» әдісімен. Мақсат: Оқушы өтілген тақырыпты қалпақтардың түстеріне қарап, ауызша түрде кері байланыс жасауға дағдыландыру.


Бағалау. (Жоғарыда қойылған талаптар бойынша)

Үй тапсырмасын беру. Төле бидің шешендік сөзін мазмұндап келу.



Тест парақшалары, қалпақтар.

15мин

Рефлексия Сабақ оқу мақсаттары шынайы ма? Бүгін оқушылар не білді? Сыныптағы ахуал қандай болды? Мен жоспарлаған са ралау шаралары тиімді болды ма? Мен берілген уақыт ішінде үлгердім бе? Мен өз жоспарыма қандай түзетулер енгіздім және неліктен?

Төмендегі бос ұяшыққа сабақ туралы өз пікіріңізді жазыңыз. Сол ұяшықтағы сіздің сабағыңыздың тақырыбына сәйкес келетін сұрақтарға жауап беріңіз.

Бүгінгі сабақтың мақсаты шынайы болды. Оқушылар сүретке қарап өз ойын еркін жеткізуді, кез келген оқиғаны өз ойымен жалғастыруды, орынды сөйлеуді үйренді. Жоспарлаған тапсырмаларды оқушылар қызығушылықпен орындады. Мен келесі сабақта өз жоспарыма оқушының ауызша сөйлеу дағылаын дамытатын әдістермен толықтырғым келеді.

Қорытынды бағамдау
Қандай екі нәрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1. «Ойлау карталары» әдісі. Сүретке тақырып таңдау, сол тақырыпта эссе жазып, бағалағаны.

2. «Болжау» әдісі. Ойды оқушының өздері жалғастырғаны.

Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта алды? (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)

1. «Ақылдың алты қалпағы» әдісімен кері байланыс жасау. Сұрақтар арқылы алты қалпаққа орынды пікір айтқаны.

2. сабақты қорытындылау үшін пайдаланған тест тапсырмасы. Оқушының жылдам жауап тапқаны мен бағалағаны.



Сабақ барысында мына сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағымды жетілдіруге көмектесетін не білдім? Келесі сабақтарда оқушылардың ауызша және жазбаша сөйлеу мәдениетін көтеру үшін «Рөлдік тапсырма» әдісін пайдаланып отырамын. Шешендік сөздерді пайдалана отырып, рөлдерге бөліп орындау тапсырмасын беремін. Оқушы бұл тапсырмамен әрі сахнада сөйлеуді, еркін ойын жеткізуді, көркем тілмен сөйлеуді үйренеді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2


©dereksiz.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет