Сабақта қолданылатын әдіс-тәсілдермен психологиялық тренингтер жинағы



бет23/95
Дата08.09.2022
өлшемі0.95 Mb.
#460457
түріСабақ
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   95
Сабақта қолданылатын әдіс-тәсілдер

68. «Блум түймедағы»
Блум түймедағының алты күлтесі – сұрақтар типінің алты түрі.
1. Қарапайым сұрақтар. Оларға жауап бере отырып, болған жайттар туралы
әңгімелеп беруге болады. Дәстүрлі бақылау жұмыстарында, терминологиялық диктанттарда, т.б. қолданылады.
2. Анықтаушы сұрақ. Әдетте, «Сонда сіз солай демекшісіз ғой ..?», «Менің
түсінуімше, сіз ...», «Менің қателесуім мүмкін, бірақ,меніңше, сіз былай айтқан сияқты болдыңыз...» деген сұрақтар болады. Бұл сұрақтар анықтау мақсатында жайдары көңілмен берілуі керек.
3. Интерпретациялық (түсіндіруші) сұрақ. «Неліктен жапырақтар күз мезгілінде сарғаяды?» - деген сұрақтың жауабын оқушылар білетін болса, ол сұрақ жай сұраққа «айналады».
4. Шығармашылық сұрақтар: «егер», «болса», «қалай болар еді» деген сияқты сөздермен келеді.
5. Бағалау сұрақтары. «Неліктен бұл жақсы, басқасы жаман деген баға
алды?», «Бір нәрсе екінші нәрседен несімен ерекшеленеді?» - деген сұрақтар бағалау критерийлерін түсіндіруге бағытталған.
6. Тәжірибелік сұрақтар. «Күнделікті өмірде қай жерде байқайсыз?», «Кейіпкердің орында болсаңыз, не істер едіңіз?» - деген сипаттағы сұрақтар теория мен практиканы ұштастырады.


69. «Боди-арт»
Барлық қатысушылар бірінің артына бірі тұрады. Соңғы ойыншы алдыңғының арқасына өзі қалаған суретті салады, ол ойыншы ненің суретін сезінгенін өзінің алдындағы оқушыға салады. Осылайша алдыңғы қатысушыға дейін сурет салу жалғасады. Соңғы және бірінші баланың суреттері салыстырылып, кімнің тұсынан ағаттық кеткені анықталады. Жағымды ахуал туады.
Екі қатарға тұрып, қай қатардың нәтижесі әрі тез, әрі дұрыс болғандығын салыстырып, жарыстыруға да болады.
70. «Борт журналы»
«Борт журналы» - тақырыпты оқып үйренуде өз ойларын жазуға үйретудің әртүрлі әдіс-тәсілдерін қамтитын жалпылама атауы. «Борт журналы» қарапайым түрде мәтінді оқу алдында және оқу материалымен танысқан соң қолданылады. Оқушылар келесі сұрақтарға жауап жазады:

Берілген тақырып бойынша маған не белгілі? Мен не білемін?

Мәтіннен қандай жаңалық туралы білдім?






Мәтіннің түйінді ойларын оқушылар өздерінің «Борт журналына» енгізеді. Оқу кезіндегі үзілісте оқушылар тақырыпты өз ойларымен, тәжірибелерімен байланыстырып, «Борт журналының» бағандарын толтырады. Мұғалім оқушылармен бірлесе отырып жұмыс орындайды, оқушылардың кейін жазбаларын пайдалана білулеріне мүмкіндік туғызады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   95




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет