Сабақта қолданылатын әдіс-тәсілдермен психологиялық тренингтер жинағы



бет7/95
Дата08.09.2022
өлшемі0.95 Mb.
#460457
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   95
Сабақта қолданылатын әдіс-тәсілдер

15. «Сүйсіну» әдісі.
«Жағымды» тарихи қайраткерлерді оқығанда қолданады. Өзіңе ереше ұнайтын қасиеттерді табу, оларды атау не үшін екенін түсіндіру.


16. Р А Ф Т
Жазушы немесе әңгімелеуші өзіне рөль таңдайды яғни мәтінді өз атынан емес жазады.
- Р – рөль, кімнің атынан құралған мәтін
- А- аудитория, кімге жолданған мәтін
- Ф- форма
- Т – тақырып
17. «А Ә Б В»
Сыныптағы оқушының әрқайсысына А, Ә, Б және В әріптерімен қоса төрт-төрттен үлдірленген карточкалардың жинағын дайындаңыз. Жауаптың төрт нұсқасы бар сұрақтар қойыңыз, оқушылар дұрыс жауапқа сәйкес келетін карточкаларын көрсетуі керек. Олардан қалғандарының карточка-жауаптарына қарамауын өтініңіз.
1-қадам. А сұхбаттайды Б тыңдайды, В сұхбаттайды Г тыңдайды;.
2-қадам керісінше.
3-қадам әр оқушы өз жұбы туралы ақпаратпен төрт адамдық топта бөліседі.
18. «А,В,С»

А-сұрақ қояды.


В-жауап береді.
С – айтқан жауаптарды бақылайды, толық болмаса толықтырады.
Оқушылар топта үшеуден отырады. А — сұрақ қоюшы, В – жауап беруші, С — бақылаушы рөлін атқарады. Бақылаушы қажетті жерлерін түртіп алып, әңгіме соңында қорытынды береді.
Оқушылар осы сұрақтарға жазбаша стикерге жауап береді. Ұсыныс, тілектерін айтады.


19. «Айдаһар»
Оқушыларды сергітіп алу үшін бәрін бір-бірінің белінен ұстатып тұрғызады. 1-оқушы «айдаһардың басы», соңындағы оқушы «құйрығы». Басы құйрықты ұстап алу керек.
20. «Айқын мақсат қоя отырып»
- Сабақ басталар алдында тақтаға мақсатты жазыңыз.
- Оқушылармен өздері оқып жатқандарын неліктен оқитыны туралы әңгімелесіңіз.
- Қысқа мерзімді мақсаттарды ұзақ мерзімді мақсаттармен сәйкестендіріңіз (мысалы, М.Әуезовтің жұмысына талдау жүргізу өзге де ұзақ мерзімді мақсаттарға қол жеткізумен қатар, мәдени жақтарын кеңінен түсінуге және талдау дағдыларын дамытуға әкеледі).
- Оқушылар сабақтың/блоктың/пәннің мақсаттарын айқын түсінгеніне көз жеткізіңіз.
- Мақсаттарды оқушылармен бірлесіп әзірлеңіз.


21. «Айна»
Оқушылар жұптасып, бір-біріне қарама-қарсы тұрады (немесе партада отырып та болады). Олардың біреуі қолдарымен, аяқтарымен, денесімен, бет-әлпетімен әртүрлі қимылдар жасайды, ал екінші оқушы оларды айна секілді қайталайды: оңды сол қылады, солды оң жасайды. Бір минуттан кейін оқушылар рөлдерімен алмасады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   95




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет