Сабақта қолданылатын Жаңа технологиялардың әдіс-тәсілдері


Дағдылар Белсенді оқыту әдіс-тәсілдері



бет23/32
Дата18.01.2023
өлшемі195.2 Kb.
#468503
түріСабақ
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   32
Саба та олданылатын Жа а технологияларды діс-т сілдері

Дағдылар

Белсенді оқыту әдіс-тәсілдері

Сипаттама

Оқылым

«Дәйексөз »
Қажетті жабдықтар:Флип-чарт, түрлі-түсті қарындаштар, стикерлер.
Тапсырманы орындау барысы: Флип-чартқа өтілген шығармадан бірнеше дәйексөз жазылады. Дәйексөз жазылған флип-чарт қабырғаға ілінеді.
Ø Әр топ бір дәйексөз таңдайды.
Ø Топтар берілген үлгі бойынша шығарманы талқылайды:

A. Сюжет: Әңгімелеуші кім? Осы сәтте не болып жатыр? (1 ұпай)
B. Интерпретация: Үзіндінің немесе дәйексөздің маңызы неде? Кейіпкер туралы не айтылады? Тақырып. Тартыс. Өңдеңіз. (1-3 ұпай)
C. Анализ: Жоғарыдағы сұраққа жауапты автор қолданған әдеби құралдармен байланыстыру. Дикция, детальдар, суреттеу, диалог. (1-3 ұпай)
Ø Топтарға дәйексөзді талқылауға 4 минут беріледі. Дайын болған топ бастайды. Жұмысын қорғауға 2 минут беріледі.
Ø Топ өз жұмысын таныстырып болғаннан кейін, қалған топтардың жұмысын толықтыра алады.
Ø Әр топқа өз жұмысын таныстыруға 1 минут беріледі. Көп ұпай жинаған топ жеңіске жетеді. 


«Пирамидалық талқылау» стратегиясы.
 

Топ мүшелері өз пікірін жеке жазып, ортада талқылап ортақ пікір қалыптастырады. Топ мүшелерінің саны 4 оқушыдан болуы керек. Әр топ таратылған флипчарт қағазға тапсырмаға байланысты жеке өз ойларын жазады. Қағазды бұру арқылы бір - бірінің жауабымен танысады. Жауаптарымен танысып ортақ пікірді қағаз ортасына жазып, ойларын қорғайды. 
 
 


 
 
 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   32




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет