Сабақта қолданылатын Жаңа технологиялардың әдіс-тәсілдері



бет2/32
Дата18.01.2023
өлшемі195.2 Kb.
#468503
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   32
Саба та олданылатын Жа а технологияларды діс-т сілдері

3. «Әдеби үйірме» әдісі - берілген мәтінді оқу, талдау жұмыстарын өткізгеннен кейін сыныпты топтарға бөлу.
1-топ Сілтеме табушылар. (Мәтіннің қызықты жерлерін табады)
2-топ Сұрақ қоюшылар. (Мәтіннің желісі бойынша топты ойландыратын сұрақ қояды)
3-топ Баяндаушы. ( Мәтін бойынша, топта өткен ой талқысы туралы баяндама жасайды.)
4-топ Ізденуші. ( Қосымша ақпарат, мәлімет жинақтайды)
5-топ Реттеуші. ( Ой талқысына қатысады, кезекпен сөйлейді, тәртіпті, бәрінің қатысуын қадағалайды.)
Жүйелілігі,
бірізділігі

4. «Биопоэма» әдісі - сынып оқушыларын екі-екіден жұптап отырғызу. Төмендегі сұрақтарды тірек ете отырып, бір-біріне сауалнама өткізеді. Сол арқылы бір-бірін жақынырақ танып, көршісі туралы поэма жазады.
Мақсаты: бір-бірімен жақынырақ таныстыру, толығырақ білу.
1.Аты.
2. Үш-төрт етістік ( нені жасағанды ұнатуына байланысты).
3.Басқалармен қарым-қатынасы.
4.Үш-төрт ұнататын заты.
5.Үш-төрт басынан өткізген немесе қазір сезініп отырған сезімі.
6. Екі- үш жеткен дәрежесі (нәтижесі, шыңы)
7.Екі-үш көргісі келетін немесе сезім ұялататын заттары.
8.Ол қорықпайтын екі-үш заты.
9.Мекен-жайы.
10. Фамилиясы.
5. « Ішіне және сыртына» әдісі - оқылған өлеңге немесе мәтінге т.б. байланысты алуға болады.
6. «Венн» диаграмма» әдісі - Бұл стратегияның мақсаты салыстыру, пайымдау. Екі зат немесе мезгілдің (объектінің) айырмашылығы мен ұқсастығы жазылады. Бір біріне айқасқан екі немесе үш шеңбер.(тек шеңбер ғана болу керек деген қате түсінік) Екі жағына салыстырылады, ал айқасқан жеріне ортақ қасиеті жазылады. Оқушылардың ойлары аршылып, салыстыру сияқты күрделі операция жүзеге асады.
7. «Эссе» «Ой толғаныс» әдісі -берілген тақырыпқа немесе тақырып атынан шағын әңгіме жазу, ЭССЕ– тақырыпқа сай оқушы өз ойын қорыта және жинақтай отырып, ой-толғанысын жазады. Оқушы өз бетімен жеке жұмыс жүргізеді. Эссені 5-10 минут ішінде тоқтамай жазады. Мұғалім де отырып жазуына болады. Бұл әдісте оқушы бала өз ойын еркін жеткізе білетін болады. Шығармашылықпен жұмыс істеп, сөздік қоры дамиды. Өмірде кездесетін жағдайларға, оқиғаларға саналы, ойлы қарауға үйренеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   32




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет