158. «Көңіл күй букеті»
Оқушылар гүлдерді вазаға қояды. Ваза суреті плакатқа салынған.
Сабақтағы жұмысын бағалай отырып, әр оқушы аты жазылған стикер-гүлді
вазаға бекітуі қажет.
Қызыл түс – проблема бар, көмек қажет.
Сары түс – барлығы түсінікті емес.
Жасыл түс – барлығы жақсы.
Стикер түстері әртүрлі болуы мүмкін.
159. «Көңіл күйді анықтау»
Сабақ басында оқушылар бір параққа өзінің көңіл-күйін келтіретін сурет
(немесе смайлик) салады: суретте олар адамның бет-әлпетін келтіру керек
(мәселен, күліп немесе езу тартып тұрған, қабағын түйіп тұрған, бейтарап
т.б).Олар суреттерін бір-біріне көрсетеді.Оларға сабақтың аяғына дейін көңіл-
күйлерін көтеріңкі деңгейге жеткізу жұмысы тапсырылады.
Немесе көңіл-күй табиғат құбылыстары арқылы көрсетуге болады:
жарқырап күн шығып тұр, аспанды бұлт торлаған, жаңбыр немесе қар жауып тұр
т.с.с.
160. «Көрсет және әңгімеле»
Әр оқушы өз жауабын жазуға/салуға мүмкіндігі болатындай және оны
тез арада сізге (сыныптастарына) көрсететіндей етіп, шағын маркер тақтасын
қолданыңыз.
161. «Көршіңе әңгімелеп бер»
Бұл әдіс оқушылар өз ойларын дауыстап айтып беру үшін
пайдаланылады.
· сұрақ қойыңыз, ойластыруға уақыт беріңіз;
· одан кейін оқушылардан өз ойларын көршілерімен бөлісуді сұраңыз;
·оқушыларға жаңа тақырыпты айтыңыз және осы тақырып бойынша өздері
білетін барлық жағдайды көршісіне айтуын ұсыныңыз.
162. «Көршіңізге айтыңыз»
«Көршіме айтамын» әдістемесі оқушылардың өз ойларын ауызша
білдіруі үшін қолданылады.
- Сұрақ қойыңыз, ойлануға уақыт беріңіз, содан кейін оқушылардан өз
ойларын көршісімен бөлісуін сұраңыз.
- Оқушыға жаңа тақырыпты атаңыз және оларға аталған тақырып бойынша
ненің мәлім екені туралы бәрін көршісіне айтуын сұраңыз
Достарыңызбен бөлісу: |