№ 7 дəріс
Тақырып Психологияның дербес ғылым болып даму жолындағы қалыптасқан ғылыми
лабораториялардағы негізгі зерттеулер
Мақсаты: Психологияның дербес ғылым болып даму жолындағы қалыптасқан ғылыми
лабораториялардағы негізгі зерттеулер жөнінде білім беру.
Дəрістің мазмұны
1. АҚШ та ашылған ғылыми лабораториялардың ерекшелігі
2. Ресейде дамыған ғылыми зерттеу орталықталықтарының жұмыс бағыттары мен
өкілдері.
3.В.Вундттың ғылымның дамуындағы еңбегі мен ролі.
4.Э.Пфлюгер, И.Мюллер т.б. ғылыми теориялары мен зерттеулері.
АҚШ – бұл елдегі эксперименталды психологияның пайда болуы мен құрылуы
Европа елдеріндегі ғалымдардың тəжірибесі, идеяларымен өзара байланыс жасауына орай
туындады. Бастапқыда американдық эксперименталды психология екі бағыт шеңберінде
дамып отырды. Олардың бірі Э.Титченер арқылы Америкаға жетіп отырған құрылымдық
психология болса, екіншісі негізін салушылар В.Джемс, Д.Дьюи, Д.Энжелл жəне т.б.
болған функционалдық психология болды. Э.Титченердің мектебі вундттық
интроспективтік
психологияның
белгілерін
насихаттауды
мақсат
қылса,
ал,
функционалдық психология Г.Спенсердің, Ч.Дарвиннің, Г.Лейбництің, Х.Вольфтің
идеяларын таратуды көздеген болатын. Сондықтанда, американдық эксперименталды
психологияның жетекші теориялық принциптері европалық жəне философиялық
психологияның идеяларын өз ішінде қамтыған болатын.
Психологияны эксперименталды ғылымға айналдыру тəжірибесіне- лабораториялар
мен ғылыми-зерттеушілік жұмыстарды ұйымдастыру жəне де Америка мен Германиядағы
кейбір ғылыми мəселелерді қосуда көзделді. Германиядағы лейпциг лабораториясының
тəжірибелік жұмыстарын байқап көру үшін Американдық эксперименталды
психологияның негізін салушылар: Ст.Холл, Д.Кэттел, Д.Энжелл, Е.Скрипчер ұзақ
уақытта арнайы жолсапарлар жасап отырды.
Америкаға
келген
бірінші
психологтардың
бірі
ретінде
Э.Титченерді,
Г.Мюнстенбергті атауға болады. Кейіннен олардың қатарына К.Левин, Мак-Дауголл жəне
т.б. қосылды.
АҚШ-тағы эксперименталды психологияның құрылуына елеулі үлес қосқандардың
бірі Ст.Холл болды. Ол бірінші болып америкада эксперименталды психологияны ашты.
Ол 1883ж. Балтимордағы Д.Гоппкинс ат. университетте ашылады. 1888ж. Ворчестерге
келіп Ст.Холл онда, Кларкс университетінде Э.Санфорд бақарған екінші эксперименталды
психологияны ашады. Ст.Холл есімімен байланысты көптеген ғылыми журналдар
«Американский журнал психологии»(1877), «Педагогический семинар»(1891), «Журнал
прикладной психологии»(1915) жарық көрді. Ст.Холл 1892ж. құрылған Американдық
психологиялық ассоциацияның инициаторы, ұйымдастырушысы жəне бірінші президенті
болды.
Ашылған бірінші психологиялық лабораториядан соң елдегі басқа университеттерде
де осы тəрізді лабораториялар қатары құрыла бастайды. 1887ж. Пенсилвань жəне Йованск
университеттерінде де Д.Кеттел мен Д.Пэтрик лабораториялар ұйымдастырады. 1888ж.
Д.Ястров Висконсинск университетінде де ашылады. Сонымен қатар, Д.Болдуин негізін
қалаған екі психологиялық лаборатория Торонто(1891) жəне Принстонда (1893) ашылады.
1891ж. Колумбийск университетінде психологиялық лаборатория құрылады. Ондағы
ғылыми зерттеулерді ұйымдастырушы Д.Кеттел болды. В.Джемстің оқу кабинетінің
базасы негізінде 1892ж. Гарвардта (Г.Мюнстенберг) лаборатория ашылады. Сол жылдары
Йеле де (Е.Скрипчер) жəне Корнеле де (Э.Титченер) психологиялық лабораториялар
ашылған болатын. Ірі университеттер қатары мен бірге психологиялық лабораториялар
Достарыңызбен бөлісу: |