Сабақтар (сағаты) 15 соөЖ (сағаты) 15 СӨЖ (сағаты) 45 Барлық сағаттар 90 Курстың мақсаты



Pdf көрінісі
бет14/60
Дата26.04.2024
өлшемі6.9 Mb.
#499894
түріСабақ
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   60
Снимок экрана 2024—04—18 в 22.58.51

№5 дəріс
Тақырып ХІХ ғ. психологияның дамуы. ХІХ ғ. Неміс эмперикалық психологиясының
қалыптасуы
Мақсаты: ХІХ ғ. психологияның дамуы мен ХІХ ғ. Неміс эмперикалық психологиясының
қалыптасуы жөнінде білім беру.
Дəрістің мазмұны
1. Т.Браун психологиясы.
2. Дж.Милл жəне Дж.Ст.Миллдің психологиялық идеялары.
3. И. Гербартттың эмперикалық психологиясы
4. Г. Штейнталдың зерттеулері
Рефлекторлық принцип арқылы психика өзінің себебін алады, өзінің сапасын сақтай
отырып, физиологиялық мінездемеге жанаспайтын. Оның жалғасы «Кімге жəне қалай
психологияны өңдеуге болады » мақаласында жалғасады, тарихшы Константин
Дмитриевич Кавелиннің (1872) кітабымен байланысты жазылған.
Психологияның жеке ғылым ретінде бөлінуіне байланысты И.М.Сеченовпен
пікірталасынан танымал Орыс тарихын, құқық жəне этнографияда оқуы Кавелинді
қоршаған ортамен қарым – қатынаста тұлғалық мəселелердің туындауына апарып соқты.
Бұл оның əдепке жəне психикаға назар аударуына əкелді. Қазіргі психологиялық білімді
Кавелин қате екенің «Психология міндеті» кітабында психология дұрыс өзіндік ғылым
деп өзінің түсінігін баяндады.
Сеченов сезімдік таным мінезінің белсенді іс – əрекеті туралы ұғымын дамытады. Яғни,
ол қарауды іс – əрекет деп атайды: көз тым ұзартатын немесе қысқарта алатын «қуыстан»
өтеді, сол уақытта қараған заттың еркін жатқан шеті бір – біріне қосылуы, жақындауы
үшін. Сеченовтың бұл ойы сынға ұшырады. Сеченов бағдарламасы тəртіпті тұтас оқытуға
əкеледі. Өзінің принципиалды құрылымымен бұл міндет қазіргі психологияда да
шешіледі.
Сол уақыттағы Сеченов бағдарламасы өзіне тəн тарихи шектеуі бар жаратылыстану –
ғылымдық материализмді негіздейді. Адам санасының қоғамдық қалыптасуын мойындай
отырып, «білім қорының көбеюі шарасында барлық психика құрылымының дамуының
сабақтас қадамын » атай отырып, Сеченов бұл шындықты өзінің бағдарламасына қоса
алмады. Оның көзқарасы пəн əлеміндегі тұлғалар қарым – қатынасының өнімі негізінде
сана пайда болуының объективті зерттеулерінің жолын жоспарлады. Генетикалық əдісті


пайдалана отырып, Сеченов сөздік – таңбалық дерексіз ойлау жəне тұлғаның қайсар іс –
əрекеті, өзінді сана сезім «Мен» қарым – қатынас жүйесіндегі объективті бақылауды ашық
жүргізуге болатын өзіндік генетикасы бар екенің көрсетеді. Сеченов отандық жəне
əлемдік психологияға үлкен əсерін тигізді. Оның дəстүрін Н.Н.Ланге, В.М.Бехтерев,
физиологияда И.П.Павлов, А.А.Ухтомский жалғастырды. Сеченовтың отандық ғылымға
пайдасы бүгінде жалғасуда.
XVIII ғ. Германияда табиғат пен адамға қатысты нақты эмпирикалық құбылыстарды,
деректерді зерттеуге бетбұрыс байқалды. Неміс эмпирикалық психологиясының негізін
қалаушы, атақты педагог жəне психолог Иоганн Фридрих Гербарт (1776— 1841) осы
жағдай бойынша өз пікірін білдірді.
Гербарт Вольфтың теориясын тек ауызша ғана айтылған, зерттеушіні сана құбылысын
зерттеуден, қол жетімді бақылаулардан ауытқытатын теория деп есептеп, сонымен қатар
барлық жан қызметін жекеленген өзіндік функцияларға бөлуді дұрыс емес деп
санағандықтан Вольфтың қабілеттілік теориясына қарсы шықты. Рухани өмір — бұл
біртұтас байланысқан бүтіндік.
Гербарттың өзіндік психологиялық шығармалары: «Математика жəне метафизика
тəжірибелеріне сүйенетін ғылым ретіндегі психология туралы» (1824— 1825);
«Психология оқулығы» (1816)1.
Гербарт ассоциативті психологияның жақтаушысы болды жəне ең бірінші кезекте
тəжірибеге: деректерге, сана құбылыстарына негізделген психологияны қалыптастыруға
тырысты.
Бұл өте қарапайым қағида Германияда рационалды психология үстемдік еткен кезеңде
«қарама-қайшылығына дейін өзгеге ұқсамайтын өзіндік» деген Рибоның жазғанына
саятындай. Соған қарағанда Гербартта бұл идея Локканың ықпалымен пайда болғандай.
Сана деректері, яғни сананың күйі барлық психо-педагогикалық зерттеулердің бастама
негізі ретінде қарастырылады. Бұл құбылыстарды ашатын əдістер өзін-өзі бақылау, басқа
адамдарды бақылау, қызмет өнімдерін талдау тəсілдері болып табылады. Алайда, олар
арқылы рухани
процесстерді түсіндіру жəне «адамға оның өзінің қандай екенін түсіндіру»
психологияның міндеті болып табылатын жағдайда ол туралы ғылыми білім алу да мүмкін
емес. Сана құбылысы тұрғысынан тəжірибе жүргізу Герберттің пікірінше мүлде
қисынсыз болып табылады: «Психология адамдарға тəжірибе жүргізу əрекетіне бара
алмайды». Осыған байланысты Т.Рибо түйсікті тəжірибелік зерттеу мүмкіндіктері
көрсеткендей, психофизика бойынша еңбектердің пайда болуын алдын ала сезінбегендігін
байқатады. Гербарттың пікіріше психологияны ғылымға айналдыру үшін, математиканы
қолдану керек: өйткені тек математика ғана біздің анықтамаларымызға дəлдік бере алады
жəне оларды тексеруге мүмкіндік береді.
Психологияда математиканы қолдану мүмкіндігін негіздеуге байланысты Гербарт
келесідей психологиялық идеяларды дамытты. Ол елесті рухани өмірдің элементі деп
қарады. Елес — бұл сыртқары жатқан обьект ықпалынан пайда болатын, қабылдаудың
күрделі түрі. Олар бір елесті
екіншісінен жақсы көрсететін тек сапалық ерекшеліктерге
ғана емес, сондай-ақ сандық сипатқа да ие. Рухани құбылыстардың сандық сипаты
зерттеушілерге бұрыннан да белгілі болды, бірақ тек «аз» жəне «көп», мысалы,
«анағұрлым аз немесе көп айқындықтағы елестер», «аз немесе көп мөлшердегі күш салу
жағдайы» жəне т.б. терминдермен ешқандай нақтылық жоқ, белгісіздік күйде суреттелді.
Елестің сандық сипаты - бұл оның күші, ал күш көрсеткіші айқындық
болып табылады.
Елес -
бұл динамикалық күш, олар бір-бірімен өзара байланыста əрекет етеді. Санада
елестер арасында үнемі күрес жүріп жатады. Гербарт өз психологиясының бүкіл
математикалық жағын рухани
өмірдің нақты бейнесін құрап шығару мақсатында санада
ұдайы күресуші елестердің қарқындылығын есептеп шығаруға бағыттады. Математиканы
қолданудың өзі сəтсіз болып шықты. Гербарт қойған осы міндетті бірінші боп Г.Фехнер
жүзеге асырды.
И.Гербарттың психологиясы екі бөлімнен құралады - «рух статикасы» жəне «рух
динамикасы». Рух статикасының мəні
тепе-теңдік, яғни тыныш қалыптағы елестерді
өлшеу нəтижесінде алынған деректер болып табылады. Рух динамикасы мəні санадағы
елестердің қозғалыс жағдайын анықтаудан тұрады. Рух статикасында елестер туралы
ілімдер дамытылады, олардың арасында алуан түрлі байланыстар орнатылады, сананың
аумағы мен шегі сипатталады. Елестер арасындағы байланыс туралы бөлімінде Гербарт
оларды жіктеп, топтастыруды жүргізеді. Бірінші кезекте қарама-қайшылықтар қатынасы,
елестер арасындағы күрес ерекшеленеді: бір елес екіншісін ығыстырады. Елестерді
біріктірудің екі түрі болады: бұл, біріншіден, өз сапында кейбір жаңа, тұтас
қалыптасуларды жоғалтпай жекеленген түйсіктер деректері біріктірілетін «компликация»;
екіншіден, ұқсас елестердің бірігуі. Елестер арасындағы байланыс туралы ілімдер шын
мəнінде ассоциативті психология ережесін дамытады, алайда Гербарт оның түсініктерін
пайдаланбайды. Ол енгізген компликация жəне бірігу ұғымдарын В.Вунд жиі қолданады.
Айқындық дəрежесіне байланысты елес үш аумақта орналастырылады: айқын сана -
бұнда айқын сана қасиетіне ие елестер орналасады; сана - бұл жерде айқындығы
анағұрлым төмен елестер орналасады; күңгірт, басқа елестер тарапынан қысымға түскен
елестер ессіз, санасыз қалыпқа түседі. Елестердің
қарқындылық белгілері бойынша
сананы үш аумаққа бөлуде Лейбництің ықпалы сезіледі. Елестерді
аумақтарға бөлу өзгеше


тоқтаусыз дүние: əр түрлі уақытта сол бір ғана елес сананың əр түрлі аумағында бірдей
болуы мүмкін. Рухани өмір — бұл елестердің тоқтаусыз қозғалысы. Сананың бір аумағын
екіншісінен бөліп тұратын шекараны Гербарт шек деп атады. Сана мен айқын сана
арасындағы аумақты ол айқын сана шегі деп, ал айқын емес сананы санасыздықтан бөліп
тұратын аумақты – сана шегі деп атады. Гербарт енгізген шег
ұғымын кейін Г.Фехнер
қолданды.
Осылайша Герберттің пікірі бойынша сана - бұл айқындық деңгейі бойынша өзгеретін
елестер
топтастырылған экран немесе сахна, олар бір-бірімен қарым-қатынасқа түседі,
сананың бір аумағынан екіншісіне орын ауыстырады, кейбіреулері шектеліп қалады.
Қандай жағдайларда елес сана орталығына өтеді? Біріншіден, бұл дене жүктемесіне
қатысынсыз, тек оның субъект үшін маңыздылығымен айқындалатын əсердің өзіндік
күшіне байланысты. Сондай-ақ елестердің санаға өтетін жолында ешқандай кедергінің
болмауы да маңызды. Алайда елестің сана аумағына өтуіне жəне ұғынықты, айқын
болуына мүмкіндік беретін басты жағдай ол бұрыннан жиналған тəжірибенің барлық
қорының қолдауы болып табылады. Егер жаңа əсерлер мұндай қолдауды кездестірмесе, ол
ұғынықты болмайды. Осылайша жаңа əсерлер өздерінің біздің санамызда тіршілік еткені
үшін бізді бұрын оқытқандай жанның
арнайы күштеріне емес, қазіргі бар жəне бұрынғы
өткен түйсік/қабылдаулардың өзара əрекеттесуіне қарыздар болып табылады. Жаңа
əсерлерге қарсы жүретін бұрынғы өткен əсерлер қорын Гербарт «ап перцепциялаушы
масса» деп, ал елестердің өткен тəжірибемен қосылу процессін «апперцепция» деп атады.
Гербарт апперцепция ұғымына эмпирикалық мағына береді, бұны Лейбниц пен Канттың
идеалистік трактовкасынан айыруға болады. Ол апперцепция туралы ілімін өз
педагогикасында пайдаланады («Педагогикалық оқулар туралы очерк», 1835).
Елестерден басқа, Гербарт санадағы елестер
арасындағы қатынастың, көп жағдайдағы
олардың өзара əрекеттесуінің өнімі деп санаған сезім мен ерікті де бөліп көрсетті.
Мысалы, наразылық сезімі елестер қысымының нəтижесі болып табылады; қысымды жою
рақаттану сезімін тудырады. Талпыныс яғни, оның босатылуы мен айқындалуымен
аяқталатын елестердің қысымынан шығу ықыласы елестің кедергілерді жарып санаға
өтуіндегі жəне артынан басқа елестерді анықтауы оның ерекше жай-күйі. Бұл ерік туралы
тараудың мазмұнын құрайды.
Замандастары Гербарттың сезім жəне ерік туралы ілімін
сынға алды. Шындығында оның ілімінде осы процесстердің барлық өзіндік өзгешеліктері
жоғалады. Олар өзіндік мінез-құлық сипатына ие болмайды, барлығын тек елес
күшіне
əкеліп саяды.
Гербарттың психологиясында барлық рухани
өмір елестердің өзара əрекеттесуінің
нəтижесі болып шығады. Сана да өз алдына бөлек қарастырылмайды, ол-тек нақты
елестердің
жиынтығы, олардың ерекшелігі.
Елестердің
өзара əрекеттесуі туралы
психологиялық идеялар негізінде Гербарт эстетикалық теорияны жете зерттеді. Көркем
шығарманың немесе табиғат құбылысының əсерінен болатын күрделі эстетикалық
əсерленушіліктер пропорция, ырғақ, үн, бояудың үйлесімділік арақатынасының,
формалды элементтердің арақатынасының өзара əрекеттесуіне негізделеді. Бұл
арақатынас математикалық түрде де көрініс табуы мүмкін, ол көркем шығарманың
элементтері арасындағы белгілі бір формальды қатынастармен ғажап сезімді
байланыстыруға мүмкіндік береді. Мұндай сипттаулар өнердің барлық түрінің ішінде
музыкаға ең көп келеді.
Гербарттік эстетика принциптері эстетикадағы формалистикалық бағыттардың
бастауы болды (Р. Цим мерман, Э. Ганслик, К. Фидлер жəне т.б.).
Гербарт өзінің ғылыми мектебін құрды. Оның ең көрнекті өкілі Мориц Вильгельм Дробиш
(1802— 1896) — математик, ойшыл, философ-идеалист жəне психолог — ол жүйенің кең
таралуы жəне оны əйгілендіру үшін көп тер төкті. Гербарттың тағы бір шəкірті Вильгельм
Фолькман «Психология бойынша оқулығында» (1856) психикалық құбылыстар туралы
жаңа деректерді жете түсіндірді.
Гербарттың үш шəкірті айрықша танымалдылыққа ие болды: Теодор Вайтц (1821 —
1864), Мориц Лацарус (1824 — 1903) жəне Гейман Штейнталь (1823 — 1899). Вайтц
алғашқы қауым адамдарының рухани өмірін зерттеудің қажеттілігі туралы идеяны -
психикалық өмірдің тарихи дамуын бақылап отыруды ұсынды. «Алғашқы қауым
адамдарының антропологиясы» атты еңбегінде түрлі халықтар, олардың мəдениеті,
отбасылық өмірі, адамгершілік, рухани, саяси өмірлері, діні туралы материалдар
жинақтауға тырысты жəне сол арқылы психиканы объективті зерттеу мүмкіндіктері
туралы мəселені алға қойды.
Лацарус пен Штейнталь əлеуметтік психологияның бастауының бірі болып табылған
халық психологиясының, этникалық психологияның негізін қалаушы ретінде тарихшылар
ретінде бағаланады. Штейнталь тіл білімі саласындағы еңбектерімен, тілдің
психологиялық болмысы, логика жəне грамматика арасындағы қатынасы туралы
зерттеулерімен танымал. Лацарус «Рухани өмір» атты еңбегінде психикалық өмірдің тіл,
əзіл туралы, оның ойлауға тигізетін əсеріне қатысты т.б. психологиялық көзқарас
тұрғысынан талданған деректерді қарастырды. Лацарус жəне Штейнталь 1859 ж. «Тіл
білімі жəне халықтар психологиясы» журналының негізін қалады. Редакторлардың
«Халықтар психологиясы туралы ойлар» атты бағдарламалық мақаласында түрлі
халықтың рухын зерттеу мəселесі басты міндет болып тұрды. Халық рухының элементтері


тіл, аңыз, халық шығармашылығы, жазу, дін, практикалық өмір болып табылады,
осылардың өзара əрекетінен ол құралады. Халықтар психологиясын зерттеуді ары қарай
В.Вундт жалғастырды.
XIX ғасырдағы неміс эмпирикалық психологиясының тағы бір өкілі, Гербарттың
шəкірті Рудольф Герман Лотце (1817 — 1881). Ол психологияға Гербарттай ықпал
етпегенмен де оның шəкірттері, жады саласындағы ірі зерттеушілер К Штумпф, Г.Э.
Мюллер секілді атақты психологтар болды. Лотце «Медициналық психология немесе жан
психологиясы» (1852) атты еңбегінде кеңістіктік қабылдау («жергілікті немесе локалдық
білім») теориясын дамытты. Ол В.Вундт пен Г. Гельмгольцке нақты ықпал етті. Лотце
кеңістіктік қабылдау дене сезімі жəне көру арқылы жүзеге асырылады деп санады.
Кеңістіктік қабылдау қабілеті тəжірибеде былайша құралады. Көру жəне дене арқылы
сезіну түйсіктері белгілі бір сапасымен жəне қарқындылығымен сипатталады жəне өз
алдарына ешқандай кеңістіктік белгілерден тұрмайды. Онда заттың кеңістіктік қасиетін
қабылдау қалайша мүмкін болмақ? Анатомиялық деректерге сүйенсек, терінің үстіңгі
қабаты мен тор қабығының басқасынан сапалық тұрғыдан айырмашылығы болады жəне
сондықтан сыртқы əсерді əрбіреуі өзгеше, яғни өз мəнерінде сезінеді деп болжайды. Ол
жергілікті локалдық белгіге ие. Кеңістікте заттарды оқшаулау олардың жергілікті
сапасына тəн түйсіктер жəне олармен ассоцияланған (қауымдасқан) (қолдың, көздің,
бүкіл дененің) қимылдары негізінде жүзеге асырылады. Бұл процесс ішкі күйдің санасыз
механикасының өнімі болып табылады. Кеңістіктік қабылдау өмір бойы «тəжірибелер
қатарының көмегімен»
1
қалыптасады.
Өзін өзі тексеру сұрағы:
1. Дж. Миллдің психологиялық идеалары қандай болды?
2. Неміс эмперикалық психологиясының өкілдері?
3. «Медициналық психология немесе жан психологиясы» еңбегінің авторы кім?


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   60




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет