Сабақтар (сағаты) 15 соөЖ (сағаты) 15 СӨЖ (сағаты) 45 Барлық сағаттар 90 Курстың мақсаты


Қоршаған орта мен тұқымқуалаушылықтың рөлі



Pdf көрінісі
бет37/60
Дата26.04.2024
өлшемі6.9 Mb.
#499894
түріСабақ
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   60
Снимок экрана 2024—04—18 в 22.58.51

Қоршаған орта мен тұқымқуалаушылықтың рөлі.
Кеттел тұлға белгілерінің дамуына қоршаған орта мен тұқымқуалаушылықтың
əсерін анықтауға тырысты. Осындай мақсат негізінде статистикалық процедура –
«көпфакторлы абстрактылы вариантты талдау» əдісін өңдеді. Мұнда бір отбасында өскен
бір жұмыртқалы егіздер арасындағы жəне сиблингтер (ағасы мен қарындасы) арасындағы,
бірге туған аға – қарындас арасындағы ұқсастықтар жөніндегі мəліметтер жинақталады.
Кеттел бойынша, жеке тұлға белгілерінің үштен екісі қоршаған орта əсерінен, ал үштен
бірі ғана тұқым қуалаушылықтың негізінде қалыптасады. Адамның мінез – құлқына оның
өз тобы маңызды əсер етеді (отбасы, құрдастарының ортасы, мектеп, ұлты).
Баррес Фредерик Скиннер Пенсильванияштатының Саскуэхан қаласында 1904
жылы дүниеге келді. Тату – тəтті жанұясында тəртіп қатал болғанымен білім құрметтеліп,
қажет кезде мақтау да айтылып отырды. Балалық шағында уақытының көп мөлшерінұсақ
нəрселерді, мысалы, самокат, əлпеншектерді оңдауға бөледі. Осы қызығушылығы кейінен
бақылауға деген ұмтылысқа ауысты.
Скиннер 1926 жылы ағылышын əдебиетінен гуманитарлық ғылымдарының
бакалавры деңгейін алып шығады. Колледж бітіріп жазушы болуға үйіне келеді. Бірақ
ақын Роберт Фростың «Мен мақсатсыз оқып, мақсатсыз кемелердің құрылысын жасап, тек
жаңа радиотолқындарды тыңдап, жергілікті газеттерден күлкілі мақалаларды оқыппын.
Бірақ ештеме жазбай тек психиаторға баруды ойладым.» деген хатында ол мақсатын
өзгертті. Соңында Скиннер жазушылықтан бас тартып, психологияны оқып, меңгеру үшін
Гарвардтық Университетке түседі.
Сктннердің ғылыми қызметі көптеген мақтау қағаздарымен толтырылды. Ол
көптеген кітаптардың авторы болып табылады. Оның кітаптарының ішінде «Ағзаның
мінез – құлық əрекеттері», «Адам ғылымы жəне мінез - құлқы», «Вербальды мінез –
құлық», «Нығаю тəртібі» сияқтылары ерекше бағаланады.
Скиннер қоршаған ортаның жағдайларымен мінез – құлықты жеткілікті түрде
айқындап, алдын – ала айтып, оны бақылауға болады дейді. Мінез құлық іс - əрекетін
түсіну – оны бақылау дегенді білдіреді.
Мінез – құлық талдауларында адам мінез – құлық реакцияларының жиынтығын
игерген ағза болып қаралады. Ол – генетикалық шарттардың жəне айналадағы
жағдайлардың біріккен істерінде қосылатын нүктесі, локусы. Ешкім ол адамдағыдай
генетикалық белгілерге ие емес жəне ешкімде ол адамдағыдай өткен өмір жоқ.
Скиннер бойынша жеке тұлғаны зерттеу – ағзаның мінез – құлқы жəне оны
нығайтатын арасындағы өзара қарым – қатынастың өзіндік бейнелі сипатын анықтау
болып табылады.
Өзін өзі тексеру сұрағы:
1. Тұлға теориясын зерттеуші өкілдер кімдер?
2. Э.Эриксонның тұлға теориясын зерттеуіндегі ерекшеліктері қандай?
3. Г.Ю.Айзенк тұлға теориясына қатысты негізгі концепциялары мен принциптері?


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   60




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет