Сабақтар (сағаты) 15 соөЖ (сағаты) 15 СӨЖ (сағаты) 45 Барлық сағаттар 90 Курстың мақсаты



Pdf көрінісі
бет39/60
Дата26.04.2024
өлшемі6.9 Mb.
#499894
түріСабақ
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   60
Снимок экрана 2024—04—18 в 22.58.51

психология болып табылады. Ол 60-ыншы жылдардың ортасында АҚШ-та пайда болып,
мінез-құлықты талдаудың психикалық компонентінің бихевиористік тыйым салуына,
таным процестері мен танымдық дамуды ескермеу, оқу процесін жетілдіруге негіз бола
алмаған бихевиористердің адамды оқытудың жеңілдетілген ықпалына қарсы бағытталды.
Когнитивтік психология когнитивті (сондай-ақ мотивациялық) компоненттерді мінез-
құлық құрылымына кіргізу қажеттігін нұсқаған необихевиористердің, ең алдымен
Э.Толменнің, жəне Д.Миллер, Ю.Гантлердің субъектитві бихевиоризмі мен
К.Прибраманың зертеулерінен өрістеді. Ол адам ағзасын мəліметтерді белсенді іздеумен
жəне ақпараттарды өңдеуден босамайтын жүйе ретіндегі түсінікке, яғни адамдардың
ақпаратқа əр түрлі əрекет ететіні туралы түсінікке негізделген ықпалды дамытты: басқа
формаға өзгертеді, белгілі бір ақпаратты одан əрі өңдеуге алады немесе жүйеден кейбір
ақпаратты шығарып тастайды. Когнитивті психология бастауында Дж. Брунер, Г. Саймон.
П. Линдсей, Д. Норман, Дж.Р. Андерсон, Л. Фестингер, Ф. Хайдер тұр; жетекші өкілдері V.
Найссер, Д. Бродбент, А. Пайвио жəне тағы басқалары болып табылады. Бұл бағыт
нұсқалар қатарымен көрсетілген. Танымдық процестер өте-мөте механистикалық түрде
түсіндірілетін, психика сигналдардың өзгеруіне тіркелген қабілеті бар құрылғы түрінде
шығатын есептеуіш нұсқа (Дж. Фодор, Д. Деннит жəне б.) мейлінше кең таралды. У.
Найссер бұдан да біркелік басқа нұсқаны қорғайды, таным процесіндегі ішкі когнитивті
схемалардың ролі мен танылатын ағзаның белсенділігін ерекшелейді.
Бұл психология ақпараттық ықпалдың белгілі бір əсерімен пайда болды. Ақпаратты
өңдеу теориясында сипатталатын, электронды-есептеу машиналарымен орындалатын
операциялар – ақпаратты алу, символдарды манипуляциялау, ақпарат элементтерін
«жадыға» сақтау, оларды «жадыдан» шығару жəне т.б. танымдық процестерін шынайы
«оларды зерттеуге болады, тіпті түсінуге болады»

деп болжауға итермеледі. Бұл
мойындау сананың дəстүрлі интроспективті психологияға қайта келгенін білдірген жоқ.
«Компьютерлік метафора» тұжырымдалды: танымдық процестер ақпаратты өңдеу
процестеріне ұқсастығына қарай күрделі есептеуіш құрылғыда түсіндіріле бастады.
Компьютерлік аналогия психологиясы негізіне кіріспе атауы «алғашқы когнитивті
революция» деп аталды 
2
.
Жаңа əдістер интроспекцияға қажеттілікті керек етпеді. Олардың көпшілігі түрлі
міндеттердегі психикалық процестердің белгілі бір деңгейлік ұйымдасуына арналған
сигналдарға жауап беру уақытының дəл тіркелуіне негізделеді. Хронометрикалық
əдістемелер голландық физиолог Ф.К. Дондерс алғаш ойлап шығарған тауып алу
реакциясының, айыру мен таңдау уақытын өлшеу əдістемесіне көтеріледі
1
. Зертханалық
зерттеулер қатарында, экологиялық анықтылықтың жеткіліксіздігімен, шынайы өмір
жағдаяттарындағы танымдық белсенділікті зерттеуге күш салынады. Көбінесе
үйреншікті ойлау мен оның дамуы, күнделікті өмірдегі қабылдау жəне б. зерттеледі.
Когнитвитві психологияның қалыптасуына сондай-ақ гештальтпсихология да,
Ф.Бартлеттің ес пен ойлау бойынша, Н.Хомскийдің пайда болушы грамматика теориясы,
Ж.Пиаженің генетикалық психологиясы, Джеймс Гибсон мен Эленора Гибсонның
қабылдау бойынша еңбектері тікелей əсерін тигізді.
«Когнитивті психологиядағы негізгі саланы таным процестері – ес, тіл мен
сөйлеудің психологиялық аспектілері, қабылдау, есептерді шешу, ойлау, зейін,қиял мен
когнитивті даму құрайды».


Когнитивті 
психологияда 
адам 
танымының 
барлық 
формалары 
ЭЕМ
операцияларына ұқсастығына қарай ақпаратты жинау жəн өңдеудің жүйелі блоктары,
ортамен ақпараттық өзара əрекет процесінің фазалары мен аспектілері ретінде
қарастырылады. Блоктар қатарынан тұратын ақпаратты өңдеу, сақтау жəне қолдану
бойынша танымдық белсенділігін деңгейлік ұйымдастыру туралы қорытынды жасалды.
Ес (жады), перцептивті процестер, зейін, ойлау мен оның вербальды жəне вербальды
емес компоненттерінің көптеген құрылымдық моделдері көрсетілген. Танымдық
белсенділікке тəн қасиеттер айқындалды: таңдап алынуы (танылатын субъекті
тəжірибесімен анықталады), ортамен анықталуы (физикалық əлем заттарымен жəне
əлеуметтік тəжірибемен, мəдениетпен); танымдық схемалардың толық болмауы, олардың
шын өмірмен бетпе-бет келгенде үнемі түзетілуі. Алайда, тұтастай алғанда когнитивті
психологияда танымдық процестерді түсіндіруге арналған теория, негізіне көптеген
қазіргі заман еңбектері жататын негізгі постулаттар (жорамалдар) жасалмаған,
Найссердің бағалауынша «XIX ғ. интроспективті психологиясының постулаттарынан
айырмашылығы аз». Найссер когнитивті психологияның экологиялық анықтылығының
жеткіліксіздігін, мəдениет мəселелеріне талғаусыз қарауын, зерттелетін феномендер
арасында қабылдау мен естің басты сипаттамаларының жоқтығын атап өтеді. Когнитивті
психологияның редукциялығы (көмескіленуі) сынға ұшырайды.
Субъект проблемасын ескермей отырып, когнитивті психология когнититві
процестермен қатар ерекше бастауды, когнитивті процестерді тасымалдаушы
гипотетикалық қатысушыны жіберуге мəжбүр. Осындай қосалқы жүйелерді жіберуші
стратегиялар гомункулюс атауымен белгілі . Когнитивті психологияның əдіснамалық
қиыншылықтары мен қарама-қайшылықтары, ең алдымен танымның формальды
ырықсыз процесі ретінде түсіндірілуінің жеткіліксіздігі жаңа зерттеу бағдарламасының
пайда болуына себеп болды. Оның негізін символикалық жүйелердің түрлі міндеттерін
шешудегі белсенді субъектілерді қолдануды зерттеу құрайды. Бұл түрлі міндеттерді
шешуде негізгі орын тілге бөлінеді. Зерттеу дамуындағы мұндай бетбұрыс екінші
когнитвиті революция атауына ие болды
1
. Қазіргі уақытта когнитвиті психология
перспективті дамушы бағытты ұстанған. Бұл бағытты ұстанушылар саны өсуде.
60 ж.ж. миды зерттеуге байланысты сана мен оның мінез-құлықтағы ролі
проблемасына қызығушылық жандана бастайды. Нейрофизиологиядағы Нобель
сыйлығының лауреаты Р.Спэрри сананы белсенді күш ретінде қарастырады. «Мида
физико-химиялық жəне физиологиялық деңгейлерде жүзеге асырылатын бақылаулар
типін айқындаушы (детерминациялатын) қасиеттер субъективті тəжірибені енгізетін
ұғынылған психикалық процестер деңгейінде пайда болатын, себепті айқындаушының
жаңа формалары басып озады. Осылайша, себепті бақылау психикалық, когнитивті,
саналық немесе субъективті айқынаушылық (детерминациялар) деңгейіндегі физикалық
жəне физиологиялық деңгеймен көтерілгендей болады
2
. Миды ажырату бойынша
алғашқы операциядан кейін адам миының жарты шарын функциональды асимметриясы
(XIX ғасырдың өзінде мидың оң жəне сол жартысы зақымданған жағдайлардағы түрлі
функциянальдық салдарға көңіл аударылғанын атап өтеміз) проблемасына қызығушылық
артады. Мұнымен қоса таза морфологиялық мəліметтердің жетіспеуі жəне олардың
толығуы соның ішінде психологиялық талдаумен толығуы ұғынылды. С. Спрингер мен Г.
Дейчтің «Сол жақ ми, оң жақ ми. Ми асиметриясы» (1983) кітабында жарты шарлар
арасындағы асимметрияға арналған зерттеу нəтижелерінің жиынтық мəліметтері
беріледі
3
.
Мəліметтер екі жарты шардың да мінез-құлық құрылымына өзекті үлес
қосатынын, алайда əрбір жарты шардың белгілі бір арнайы функция атқаратынын
растайды. Сол жарты шарға логикалық талдау, танымның сөздік тəсілдері жатады, кіріс
сигналдар жүйелі түрде өңделеді, оң жарты шарға – бейнелі синтетикалық мəнер
жатады. Оң жарты шар кеңістіктік сигналдарға қараудағы белгілі бір дағдыларға,
музыкалық қабілеттерге жауап беріп, ақпаратты бір сəтте жəне тұтас тəсілмен өңдейді.
Кейбір зерттеушілер Фрейд қараған санасыз іс-əрекет оң жарты шардың функциясы
деген тұжырымға келді. Түрлі мəдениет өкілдеріндегі жарты шарлардың
қолданылуындағы 
кəсіби 
айырмашылықтар 
мен 
психикалық 
процестерінің
ерекшеліктері зерттеледі. Бұл зерттеулер əзірге қандай да бір бірмəндес нəтижелер бере
қойған жоқ. Онтогенез процесіндегі асимметрияның даму проблемасы зерттелуде.
Кейбір авторлар батыс өркениеті жағдайында вербальды дағдыларды игеру мен
аналитикалық ойларды дамыту, қабілеттерін дамыту ең алдымен сол жарты шармен
қамтамасыз етіледі, нəтижесінде мидың басқа бөлігі (жартысы) мүлдем ескерілмейді,
бұл батыс өркениетіндегі қазіргі заман адамдарының əлем картинасы туралы
түсініктерін кейдейлендіреді (адам санасындағы əлем картинасы көмескіленеді) дейді.
Алынған мəліметтер негізінде асимметрияға себепші болған себептерді түсіндіруге жəне
екі жарты шардың асимметриялық компоненттерінің əрекеттер нəтижелерін біріктіруге
арналған мағынаны түсінуге бағытталған гипотезалар құрылады. Шетелдік авторлардың
кеңес психологтарының, соның ішінде А.Р. Луридің зерттеу нəтижелерін қолданатынын
айтып өткен жөн.
Бұл саладағы қатаң ғылыми деректермен жəне зерттеулер қатарында батыс
өркениеті мен Шығыс елдері адамдарының ойлау типтері əр түрлі деген тұжырымға


саятын ешқалай дəлелденбеген айтылымдар көп. Мұндайды Спрингер мен Дейч
«дихотомания» деп атайды.
Когнитивті психология секілді бихевиоризм мен психо талдауға антитез ретінде
пайда болған басқа ірі бағыт гуманистік психология болып табылады. Ол дербес бағыт
ретінде 60 ж.ж. басында құрыла бастады. 1961 ж. «Гуманистік психология журналы»
-ның негізі қаланып, Гуманистік психология ассоциациясы құрылды. 1964 ж. бастауына
гуманистік психология қойылған конференция өткізілді. Көш басшы фигуралар Г.
Оллнорт, Г.Д. Мюррей, Г. Мэрфи, Ш. Бюлер, К. Роджерс, А. Маслоу, Р. Мэй болды. 30
ж.ж. соңындағы тұлға психологиясы бойынша (Г. Оллиорт, Г. Мюр рей) зерттеулер,
сондай-ақ Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін кең өрістеген Г.Мэрфи зерттеулері мен
психологиядағы когнитивті революция контексіне көбірек əсер еткен Г.Келлидің
тұлғалық конструкторлар психологиясы тікелей алғышарттар болып табылды.
Гуманистік психологияның үшінші күш ретінде пайда болуы 60 ж.ж. контрмəдениет пен
қоғамдық құбылыс ретіндегі хиппидің пайда болуымен тұспа-тұс келді. Контрмəдениет
гуманистік психологиямен индивидті орталық құндылық ретінде жүзеге асыру
акцентінде, «биресми өмір сүреу» деген лозунгке сəйкес ашылу құндылығын дəлелдеуде,
«осында жəне қазір» екпінінде, өткен мен болашақтың пайдасыздығын сендіруде жақсы
естіледі. Иррационалдылық (ақыл жетпеушілік) ғылымды менсінбеу ретінде жəне
проблемаларды интуицияның, эмпатияның жəне б. пайдасына тиімді шешілуіне
жарияланды. Гуманистік психологияға əсер еткен философиялық əсерлерден ең
алдымен экзистенциализмді атаған дұрыс . Экзистенциализмнің европалық
философиясын игерудегі маңызды роль, американдық психологтарды - Кьекегор мен
Хайдеггердің идеяларымен таныстырған Голло Мэйге тиесілі. Мэй 30-ыншы ж.ж.
Европада Адлердің индивидуальды психологиясын зерттеді. Оның «Қорқыныштың
(дабылдың) мағынасы (мəні)» (The Meaning of Anxiety) деген кітабында қорқыныш
туралы экзистенциалистік ілімге психологиялық түсінік беріледі. Қорқыныш (дабыл)
тұлғалық құндылық үшін маңызды қауіп-қатерден тұрады, əлеуметтік қарама-
қайшылықтардан туындайды.
Гуманистік психологияның негізін қалаушылар бихевиоризм мен психо талдаудың
қиғаштықтарын
14
адамды түсіндіруде түзетуді жəне мейлінше дұрыс, яғни өмір үшін
мейлінше пайдалы өмірлік психологияны таңдауды мақсат етті. Зерттеу пəні ретінде дені
сау шығармашылық тұлғаны түсіну бекітілді, бұл міндетті басқа ешқандай мектеп
алдына міндет етіп қоймаған болатын. Мұндай тұлғаның мақсаты психо талдауды
жақтаушылар есптегендей гомеостазға қажеттілік емес, өзінің өмірге келуі, өздігінен
орындалу (Ш. Бюлер), өздігінен өзектілену (К. Гольдштейн, А. Маслоу) болып табылады.
Психологияның үшінші тармағы секілді гуманистік психология бірінші кезекте
бихевористтік жəне классикалық психоаналитикалық теорияда болмаған қабілеттерді
қарайды, олар: сүйіспеншілік, шығармашылық, өсу, базисті қажеттіліктердің
қанағаттануы, өздігінен өзектілену, жоғары құндылықтар, тұрмыс, қалыптасу, ойын, əзіл,
аффективтілік, мағына, адалдық, психикалық денсаулық пен оған жақын түсініктер. Одан
əрі қарай теориялық сипаттағы сұрақтар емес, психотерапия, сондай-ақ білім беру
проблемалары аясындағы практикалық сұрақтар негізгіге айналады. Осындай
практикалық бағыттылығының арқасында бұл психология əсер етуге ие болып, кең
таралады. Психотерапияның мұндай бағытта дамуына Карл Роджерс (1902— 1987) үлкен
еңбек сіңірді. К. Род жерс шығармашылық тұлғаны толықтай функциялаушы
теорияны жəне соған сəйкес келетін «клиент-центрлеу терапия» деген атпен белгілі
болған тұлғалық-бағдарлық психотерапияны дайындады.
Гуманистік психология, əсіресе өзінің үздік өкілдерінің нұсқаларында өзінің нақты
тұтас тұлғаға бағытталуымен, оның шынайы проблемаларымен, адамның өз күшімен,
сезімдердің, құндылықтардың, тұлғаның интенциясын ескеру, тұлғаның бірегейлігін
ерекшелеу арқылы тартады (көңіл аудартады). Гуманистік психологияда қалыптасып
қалған теория мен практиканың біртұтастық тəжірибесі жағымды мəнге ие. Мұнда
теориялық құрылысқа арналған базистің қамтамасыз етілуінде психотерапия аса зор роль
атқарады. Сондай-ақ бұл психология буржуазиялық мəдениет жағдайында өмір сүрген
адамдар өміріне тəн жатсынушылықтан (шеттетушілік) азап шеккен адамға шынайы
көмек көрсетеді. Мұнымен қоса, ол қолданатын əдістер көбінесе ғылымда қабылданған
зерттеу жəне түсіндіру формаларына қарсы келеді; мұқият клиникалық тексеру
(А.Маслоу, Г.Оллпорт), басқа адамның ішкі дүниесін бақылау жəне түсіндіру өнері,
биографикалық əдіс (Ш.Бюлер) ғылыми психологияда қолданылатын экспериментальды
əдіске, статистикалық процедураларға қарама-қарсы қойылады.
«Гуманистік ой психотерапияның жəне тұлға теориясының дамуына айтарлықтай
əсер етті, басқару мен білім берудің ұйымдастырылуына, кеңес беру жүйесіне ықпал етті.
Гуманистік психологтер психологияның заттық саласын ұлғайтты, ондағы тұлғалық
қарым-қатынасты жəне оның əрекетінің контексін түсінуді шығарып тастады; сондықтан
гуманистік психология мінез-құлықтың, уайым мен интенциональдықтың ғылыми
зерттелуі секілді анықталуы мүмкін». Оның алдағы уақыттағы перспективасы
айтарлықтай дəрежеде оның «əдіс проблемасын қаншалықты шеше алатынымен»
анықталатын болады» . Қазіргі кезеңде қалыптасқан жағдай XIX ғ. соңында В. Дильтей
ұсынған екі психология туралы қағиданы жəне ол жүргізген түсіндіру мен түсіну


арасындағы айырмашылықты еске түсіреді. К. Роджерстің пікірінше, танымның түрлі
жолдарының (ол танымның тəсілін үшке бөледі – субъективті, объективті бихевиористік
тип жəне тұлға аралық немесе феноменологиялық) болуы психологияның спецификасын
көрсетеді, ал олардың үйлесімі мінез-құлыққа шынайы ғылыми ықпал етеді.
Өзін өзі тексеру сұрағы:
1. Ақыл-ой əрекеттері мен түсініктерін саты-сатымен қалыптастыру туралы ілімін
қалыптастырған кім?
2. Ананьевтің психологиядағы зерттеу бағыттары қандай?
3. А.Н.Леонтьеевтің «Іс-əрекет. Сана. Тұлға» еңбегінің негізгі мəні?


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   60




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет