Сабақтар (сағаты) 15 соөЖ (сағаты) 15 СӨЖ (сағаты) 45 Барлық сағаттар 90 Курстың мақсаты



Pdf көрінісі
бет36/60
Дата26.04.2024
өлшемі6.9 Mb.
#499894
түріСабақ
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   60
Снимок экрана 2024—04—18 в 22.58.51

Н.Я.Грот (1852-1899) Петербург университетін бітірген, докторлық
диссертациясын қорғап, логика жəне эмоция мəселесіне байланысты концепцияларын
дамытады. Дəл осы эмоционалды даму проблемасы Грот шығармашылығындағы
маңызды мəселенің бірі болады. 1886ж. ол Москва университетіндегі кафедраны
басқарады, ал кейін 1887ж. Москва психологиялық қоғамын ұйымдастырып, оны он жыл
басқарады. Өзінің психологияны құру бағдарламасын дамыта отырып, Грот психология
жеке адам туралы ғылым негізіндегі, обьективті эксперименталды ғылым болуы керек деп
есептейді. «Основания экспериментальной психологии» (1896) деген еңбегінде ол,
«эксперименталды психологияның дамуы, тек ғылымның дамуы үшін ғана емес, барлық
гуманитарлық ғылымдардың дамуы үшін де маңызы зор, сонымен қатар, психология
ғылымының жаңаша дамуы тəжірибеге негізделген əртүрлі психологиялық теориялармен
өзара байланысында» дейді. Өзінің жұмыстарында Грот эмоция мен сезімнің дамуына
ерекше көңіл бөлген. Оның алғашқы кітабы «Психология чувств» деп аталады, ол 1880ж.
эмоцияны эксперименталды түрде зерттеп көрсеткен алғашқы еңбектердің бірі болды.
Рухани өмірдің басты бірліктері ретінде – түйсік, сезімталдық, ақыл ой жұмысы жəне
ерік шешімі деп атады. Соның негізінде Грот жеке тұлғаны мен таным дамуында
эмоцияның ролін дəлелдеген болатын. Сонымен қатар, оның еңбектеріндегі тағы бір
мəселе ерік бостандығы болатын. Гроттың ойынша, ерік бостандығы адамның
психикалық жəне биологиялық күшінің балансыының негізінде деген. Адамда екі негізгі
ұмтылыс болады: жағымсыз сезімталдық пен əуестікке негізделсе, жағымды мəңгілікке
ұмтылу. Осы идеалды ұмтылыстар адамның жоғарғы сезімдері болып табылады. Ал
адамның бостандығы мүмкіндіктерін жəне сəтсіздіктерін саналы ұғынуы.
Рэймонд Бернард Кеттел 1905 жылы Англияда, Стаффордширда дүниеге келген. 16
жасында Лондон университетінің Королдық колледжіне түседі, онда химия жəне физика
басты оқытылады. Оқуды аяқтап, үздік диплом алуға бірнеше айлар ғана қалғанда Кеттел
өзінің физика ғылымдары бойынша алған кəсіби білімінің оны əлеуметтік мəселелерге
деген қызығушылықтарын қанағаттандырмайтындығын түсінеді. Кеттелдің жеке тұлға
теориясының құрылымына көптеген белгілер кіреді. Олар жеткілікті жəне осы белгілердің
тұқымқуалаушылық жəне қоршаған орта əсерімен байланыстылығын, сонымен қатар,
генетикалық фактор мен қоршаған орта факторларының өзара байланыса отырып, мінез –
құлыққа əсер етуін құрайды. Кеттел бойынша тұлғаның дамуы мен қызметі теориясы дəл
өлшеулер мен зерттеу əдістері арқылы жасалуы тиіс. Оның тұлғаны зерттеу əдістері –
мультивариативті статистика мен факторлы талдау.
Персонолог адамның ситуациядағы мінез- құлқын алдын – ала анықтау үшін,
тұлғааралық белгілерімен қатар, сол сəттегі тұлғаның көңіл күйі, ситуациядағы маңызды
əлеуметтік рөлі сияқты айнымалылықтарды да білуі керек. Сонымен қатар берілген
ситуация үшін əр тұлғалық белгіні маңыздылығына қарай да орналастыра алу қажет.
Мысалы тұлға эмоционалды қоздыратындай жағдайға тап болса, оның жауап реакциясын
алдын – ала анықтауды үйрену белгісін жоғары қою керек. Кеттел спецификация теңдігі
формуласы арқылы адамның мінез – құлық формуласын алдын – ала болжап анықтауға
болады деді.
Кеттелдің тұлғалық концепциясы - өзі анықтаған тұлғалық белгілердің типтерін
сипаттауболып табылады. Тұлға белгілерінің əртүрлі уақыттағы түрлі ситуацияға белгілі
бір образда жауап беру тенденциялары болады. Осы тенденциялардың əрекет спекторы
үлкен болады. Кеттел факторлық талдау жүргізу арқылы тұлға белгілерін жіктеуге болады
деді. Кеттелдің тұлға белгілерін жіктеу принциптерін қарастырайық.
Сыртқы белгілер – негізгі белгілер. Сыртқы белгілер бақылау барысында ерекше
бірлікте, байланыста болатын мінез – құлық сипаттамаларының тұтастығын көрсетеді.
Мысалы ойлауға қабілетсіздік, шешімсіздік, тынышсыздану көріністері өзара бір – бірімен
байланыса отырып, невротизм сыртқы белгісін көрсетеді. Олар үнемі болмайды. 
Негізгі белгілер, керісінше тұлғаның негізін құрайды. Адамның мінез – құлқында
əр уақытта болады. Олар тұлғаның терең деңгейінде болып, ұзақ уақыт кезеңде мінез –
құлықтың түрлі формаларын анықтайды.
Кеттел факторлық талдауды қолдана отырып кең зерттеу жұмысын жүргізіп,
тұлғаның негізін қалаушы құрылымы 16 негізгі белгілерден құралған, қалыптасқан деген


қорытынды жасады. Соған байланысты «16 тұлғалық фактор» деп аталатын Кеттел
саулнамасы қолданылады. (1 кестені қарау).
Конституционалды белгілер – қоршаған орта арқылы қалыптасқан белгілер. Негізгі
белгілерді Кеттел олардың шығу көзіне байланысты 2 топқа бөлді. Конституционалды
белгілер – индивидиумның биологиялық, физиологиялық ақпаратына байланысты
дамиды. Мысалы адамның анашага құмарлығынан сауығуы күтпеген жерден қозу,
мазасызданудың себебі болуы мүмкін. Бұл адамның физиологиясындағы өзгеріс оның
тұлғалық белгілерінде байқалатындығын дəлелдейді. Қоршаған орта арқылы к –
қалыптасқан белгілері - əлеуметтік, заттық қоршаған орта əсеримен байланысты болады.
Бұл белгілер үйрену негізінде қалыптасқан мінез – құлық стилін бейнелейді жəне
қоршаған орта арқылы қалыптасқан тұлғаның моделін қалыптастырады.
Жалпы белгілер – айрықша белгілер. Жалпы белгі – бір мəдениет өкілдерінде түрлі
деңгейде болатын белгі. Мысалы интеллект, өзін - өзі бағалау, интроверсия. Униалды
белгілер – барлық адамға тəн емес белгілер, тек бір адамда ғана кездесуі мүмкін. Олар
қызығушылық пен бағыт, ұстанымға байланысты болады.
Кеттел бойынша факторлық талдау процедурасын жүзеге асыру үшін мəлімет
жинақталуы тиіс. Олар: шындық өмір фактілері (L –мəлімет), анкета арқылы алынған
өзіндік бағалау мəліметі (Q – мəлімет) жəне объективті тест мəліметі (ОТ - мəліметі).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   60




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет