Сабақтарды қысқа мерзімді жоспарлау бойынша Әдістемелік ұсынымдар по краткосрочному планированию



Pdf көрінісі
бет20/181
Дата27.09.2023
өлшемі6.44 Mb.
#478867
түріСабақ
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   181
final-1

Дереккөз: Milkova, S. (2012). Strategies for effective lesson planning. Center for Research on learning and 
Teaching1(1), 1-29.
Бірқатар бөгде жағдайлар мен сыртқы факторларға байланысты 
сабақ жоспары мұғалімдер күткендей жұмыс істемеуі мүмкін 
болғандықтан, Milkova (2012) мұғалімдерге әр сабақтан кейін өзіндік 
рефлексияға бірнеше минут бөлуді ұсынады. Өзіндік рефлексия 
мұғалімнің сабақта ненің тиімді жұмыс істегенін және неліктен оның 
тиімді жұмыс істегенін, сондай-ақ сабақты қалай басқаша жасауға 
болатынын талдау үшін қажет.
Осындай өзіндік рефлексия нәтижесінде мұғалімдер оқу уақыты 
мен іс-шараларының сәтті немесе сәтсіз ұйымдастырылуын анықтай 
алады және де бұл олардың сыныптағы күтпеген жағдайларға 
бейімделуін жеңілдетеді. Сонымен қатар, жоспарлау нәтижелерін түсіну 
және көру үшін мұғалімдер оқушылардың пікірлері, әріптестерінің 
бақылауы, оқытудың бейнежазбаларын көру және тәжірибелі 
мұғалімдермен кеңесу сияқты ресурстарды пайдалана алады. 
Өз кезегінде, Aboderim (2014) сабақты тиімді жоспарлау оқыту 
үдерісі үшін өте маңызды деп санайды, сол себепті мұғалім сабаққа 
мұқият және тиянақты дайындалуы керек. Сонымен қатар, автор 
мұғалімдерге өздеріне сабақты сәтті өткізуге көмектесетін үш сұрақты 
қоюды ұсынады: 
Мен нені үйреткім келеді? 
- Кімді оқыту керек? 


31 
- Оқыту керек нәрсені қалай үйрету керек? 
1. Мен нені үйреткім келеді? 
Сабақтарды жоспарлау және дайындау кезінде мұғалімдер оқыту 
арқылы білім алушыларға қандай білім, дағдылар мен құндылықтарды 
үйреткісі келетінін білуі керек. Сондықтан мұғалім оқушылардың оқу 
мүмкіндіктері мен қажеттіліктеріне, сондай-ақ сабақтың мақсаттарына 
сәйкес әртүрлі материалдар мен ресурстарды дайындауы керек (Uwatt, 
2019). Осыған байланысты, Esu және Umoren (2015, 17-бет) мұғалімдерге 
осы мәселені шешуге көмектесетін үш негізгі дереккөзді анықтады: 
• 
Оқу материалдары мен құжаттары. Бұл мұғалім оқушыларға 
нені үйрету керектігін білуге көмектесетін алғашқы дерек көзі 
болып табылады. Мұндай құжаттар пән бойынша оқу 
бағдарламалары, мектеп оқулықтары, оқулықтар және 
мұғалімдерге арналған анықтамалықтар бола алады. 
• 
Әріптестер. Мұғалімдер бір-бірімен сабақтарды талқылап, 
тәжірибелерімен 
бөлісе 
алады. 
Осылайша
мұғалімдер 
әріптестерінен жаңа және пайдалы нәрсені үйренуге мүмкіндік 
алады. 
• 
Мұғалім. Мұғалімдердің өздері барлық алынған деректерді 
зерттейді, талдайды және оларды өз біліміне, дағдыларына, 
оқыту тәжірибесіне айналдырады, бұл да оқушылардың дамуына 
ықпал етеді. 
Нәтижесінде, мұғалім осы білімнің барлығын алып, оны жақсы 
құрылымдалған түрде, қарапайымнан күрделіге дейін, белгіліден 
белгісізге дейін, өзіне оқыту оңай болатындай етіп ұйымдастырады, ал 
білім алушылар мұның барлығын түсінетін болады. Aboderim (2014) 
мәлімдегендей, оқытуда сенімділікке ие болу үшін мұғалімдер жақсы 
сабақ мазмұны мен жоспарын дайындауы керек. Осылайша, сабақ 
жоспары мұғалімдерге сабақты өткізу кезінде маңызды аспектілерді 
басшылыққа алу және еске салу қызметін атқарады. 
2. Кімді оқыту керек? 
Бұл сұрақ мұғалімнің өз оқушысының ерекшеліктері туралы қандай 
деректерді білуі қажет екенін анықтауға мүмкіндік береді. Hendrick және 


32 
Paul (2011) зерттеуіне сәйкес, бұл деректерді келесі топтарға бөлуге 
болады: 
- жеке; 
- академиялық; 
- әлеуметтік / эмоционалды; 
- танымдық. 
Зерттеу авторы оқушылардың жасын, жынысын, жетілу дәрежесін, 
тілін, әлеуметтік-экономикалық мәртебесін, мәдени ортасын және 
оқушылардың нақты қажеттіліктерін жеке деректер тізіміне енгізді. 
Өз кезегінде академиялық сипаттамалар білім алушылардың білімі 
мен оқуын, олардың алдыңғы білімін, білім деңгейі мен түрін білдіреді. 
Әлеуметтік / эмоционалды сипаттамаларға сынып құрылымы
сыныптағы оқушының орны, оның байланысқа бейімділігі, өзін-өзі 
бейнелеуі және көңіл-күйі жатады. Когнитивті сипаттамалар зейінді 
шоғырландырумен, есте сақтаумен, ойлау қабілетімен және 
интеллектуалды дағдылармен байланысты, олар оқушының өз 
санасында ақпаратты қалай қабылдайтынын, есте сақтайтынын, 
ойлайтынын, шешетінін, ұйымдастыратынын және ұсынатынын 
анықтайды. 
Оқушылар туралы осы ақпаратты жинаудың және білудің мәні 
мынада: мұның бәрі мұғалімдерге белгілі бір оқушыны олардың 
қажеттіліктеріне сәйкес оқытудың оқу стратегиялары мен әдістерін 
жоспарлауға мүмкіндік береді. Мұндай деректер сыныпта сараланған 
оқытуды жүзеге асырудың жақсы бастауы болып табылады (Hendrick & 
Paul, 2011). 
3. Оқыту керек нәрсені қалай үйрету керек? 
Үшінші сұрақтың жауабы мұғалім сабақ өткізу және жоспарлау 
кезінде қолданғысы келетін оқыту стратегияларында жатыр. Әр 
сабақтың өзіндік ерекше әдісі болғандықтан, мұғалімдерге арналған 
оқытудың мақсаты - балалардың білім алуына ықпал ету.
Осылайша, мұғалімдер оқытудың инновациялық стратегиялары 
мен тәсілдерін, мысалы, оқытудың жеке тәсілі, жобаға негізделген оқыту 
және оқу міндеттері мен мақсаттарына сәйкес келетін басқа да әртүрлі 
әдістерді қолдануы керек. Сонымен қатар, кері байланыстың 


33 
маңыздылығын ескере отырып, мұғалімдерге сындарлы кері байланыс 
беріп қана қоймай, оны оқушылардан да қабылдауы қажет. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   181




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет