Сабақтарды қысқа мерзімді жоспарлау бойынша Әдістемелік ұсынымдар по краткосрочному планированию



Pdf көрінісі
бет18/181
Дата27.09.2023
өлшемі6.44 Mb.
#478867
түріСабақ
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   181
final-1

- Оқушылар қандай жалпы қабылданған идеялармен (немесе, 
мүмкін, қате / біржақты түсініктермен) таныс болуы мүмкін және 
оларды қалай қолдай алады? 
- Тақырыпты таныстыру үшін не істей аламын? 
3. Нақты оқу әрекеттерін (сабақтың негізгі бөлімін) жоспарлаңыз 
Бұл стратегия әртүрлі оқыту әдістері мен стильдерін қолдана 
отырып, оқушылардың назарын сабаққа аудару үшін материалды 
түсіндірудің әртүрлі тәсілдерін (мысалы, нақты өмірлік жағдайлардың 
мысалдары, ұқсастықтар, көрнекіліктер және т.б.) ұсынуға негізделген. 
Оқушылардың 
үлгілі 
іс-әрекеттерін 
жоспарлау 
кезінде 
мұғалімдерге әр оқу іс-әрекетіне қанша уақыт жұмсайтынын есептеу 
ұсынылады. Мұғалімдер толық әрі жете түсіндіруге немесе талқылауға 
уақыт бөліп қана қоймай, сонымен қатар сабақ барысында туындауы 
мүмкін әртүрлі мәселелерге бейімделуге икемді болуға дайын болуы 
қажет. Сондықтан мұғалімдерге жоспарлауда әртүрлі стратегияларды 
анықтау өте маңызды және оларды әзірлеуге келесі сұрақтар көмектесе 
алады: 
- Тақырыпты түсіндіру үшін не істеуім керек? 
- Тақырыпты әртүрлі тәсілдермен / басқаша түрде дамыту және 
көрсету үшін не істей аламын? 
- Оқушыларды осы тақырыпты зерттеуге қалай тарта аламын? 
- Оқушыларға тақырыпты түсінуге нақты өмірден, 
ұқсастықтардан немесе жағдаяттардан қандай қолайлы мысалдар 
көмектесе алады? 
- Оқушыларға тақырыпты жақсы түсінуге көмектесу үшін не 
істеу керек? 


26 
4. Түсінуді тексеруді жоспарлаңыз 
Мұғалімдер тақырыпты түсіндіріп, оны әртүрлі мысалдармен 
көрсеткеннен кейін, олар оқушылардың не үйренгенін білу үшін 
олардың түсінігін тексеруі қажет. Мұғалімдерге оқушылардың түсінігін 
тексеру үшін оларға қоя алатын нақты сұрақтарды қарастыруға кеңес 
беріледі. Мұғалімдер өз сұрақтарын жазып, сол сұрақтарды әртүрлі 
тәсілдермен қоюға болатындай етіп өзгерте алады. Сонымен қатар, 
мұғалімдер оқушылардың беретін шамалы жауаптарын талдай алады 
және сол болжамды жауаптар негізінде сұрақтарды дайындай алады.
Кейбір идеяларды қалыптастыру үшін мұғалімдер өздеріне келесі 
сұрақтарды қоя алады: 
- Оқушыларға сабақ тақырыбы туралы түсініктерін тексеру 
үшін қандай сұрақтар қоя аламын? 
- Оқушылардан сабақ тақырыбын зерттеуге қатысу деңгейін 
тексеру үшін не істей аламын? 
- Оқушыларға сабақтың мақсатына жеткен-жетпегенін тексеру 
үшін қандай әрекет жасауды ұсына аламын? / Сабақ мақсаттарының 
тізіміме қайта оралсақ, оқушыларға мақсаттардың әрқайсысына қол 
жеткізілгенін тексеру үшін қандай әрекетті орындауды ұсына аламын? 
Мұғалімдерге уақытты басқаруға көмектесетін маңызды стратегия-
бұл оқушылардың сұрақтарын болжау болып табылады. Мұғалімдер өз 
сабағын жоспарлағанда, қандай сұрақтар талқылауға тиімді болатынын, 
ал қайсысы керісінше сыныптың назарын басқа жаққа аударуы мүмкін 
екенін талдау маңызды. Осылайша, жоспарлаудың осы кезеңінде 
мұғалімдерге мазмұнды қамту (оқу мақсаттарына қол жеткізу) мен 
оқушылардың түсінуін қамтамасыз етуді қалай теңестіру керектігін 
қарастырып, соған байланысты шешім қабылдауға кеңес беріледі. 
5. Өткен сабаққа қорытынды және алдағы сабаққа кіріспе 
дайындаңыз 
Жоспарлаудағы бұл қадам өткен сабаққа қорытынды дайындау 
мен алдағы сабаққа алдын ала шолу болып табылады. Мұғалімдерге 
сабақта өткен материалды қарап, сабақтың негізгі кезеңдерін қысқаша 
баяндау ұсынылады. Мұғалімдер оны бірнеше жолмен жасай алады: 


27 
• 
Мұғалімдердің өздері маңызды ойларды мазмұндай алады (мысалы, 
«бүгін біз ... туралы айттық»); 
• 
Мұғалімдер бір немесе бірнеше оқушыдан сабақтың негізгі ойларын 
қысқаша қорытындылауға/баяндауға көмектесуін сұрай алады; 
• 
Сондай-ақ мұғалімдер барлық білім алушылардан сабақтың ең есте 
қаларлық деп санайтын негізгі ойларын қағазға жазуды сұрай алады. 
Осылайша, мұғалімдер оқушылардың жауаптарын қарастырып, 
олардың тақырыпты түсіну деңгейін бағалай алады, содан кейін келесі 
сабақта белгісіз және түсініксіз болған бөлімдерді түсіндіре алады. 
Сондай-ақ, сабақты негізгі кезеңдерді жалпылау арқылы ғана емес
сонымен қатар келесі сабақты алдын-ала қарау арқылы аяқтауға 
болатынын да ескерген жөн. Мұғалімдер өтілген тақырыптың алдағы 
өтілетін тақырыппен қалай байланысты екенін қысқаша түсіндіре алады. 
Нәтижесінде, мұндай алдын ала шолу білім алушылардың 
қызығушылығын оятуға және оларға әртүрлі идеяларды кеңірек 
контексте байланыстыруға көмектеседі. 
6. Қолжетімді уақыт шеңберін орнатыңыз 
Сабақты өткізу барысында мұғалімдер сабақтағы белгілі бір 
әрекетке уақыт ресурстарын жоспарлауда қиындықтар кездестіреді. Сол 
себепті мұғалімдер сабақ жоспарында жоспарланған барлық 
тармақтарды қамтып үлгермеуі мүмкін. Осыған байланысты сабақтың 
мақсаттарының шектен тыс көп болмауы маңызды. Мұғалімдерге сабақ 
мақсаттарының тізімін оқушылар меңгеруі тиіс екі немесе үш негізгі 
ұғымға, идеяға немесе дағдыларға дұрыс құрылымдау және қысқарту 
ұсынылады. 
Сабақтағы оқытудың басым мақсаттарының тізімі мұғалімдерге сол 
жерде шешім қабылдауға және қажет болған жағдайда жоспарды сынып 
қажеттіліктеріне қарай бейімдеуге көмектеседі. Басқа балама және 
қосымша мысалдардың немесе әрекеттердің болуы мұғалімдерге сабақ 
барысында икемділік танытуға көмектеседі. Осылайша, анық уақыт 
кестесі мұғалімдердің сыныптағы нақты және күтпеген жағдайларға 
бейімделуге икемділігі мен дайындығын көрсетеді. Төменде сабақтың 
барлық кезеңдерін жүзеге асыру үшін уақытты тиімді бөлудің бірнеше 
стратегиялары келтірілген: 


28 
• 
Оқу әрекеттерінің әрқайсысы қанша уақыт алатынын бағалап, 
содан кейін әрқайсысы үшін қосымша уақытты жоспарлаңыз; 
• 
Сабақ жоспарын құру кезінде сабақтың әр кезеңі / оқушылар мен 
мұғалімнің әрекеті қанша уақыт алады деп ойлайтыныңызды 
жазыңыз; 
• 
Оқушылардың қалған/пайда болған сұрақтарына жауап беруге 
және негізгі ойларды қорытындылауға сабақтың соңында 
бірнеше минут бөліңіз; 
• 
Егер сізде уақыт қалған жағдайда, сабақтың өткен немесе алдағы 
тақырыбы бойынша қосымша талқылауды жоспарлаңыз; 
• 
Икемді болыңыз - сабақ жоспарын сыныптың қажеттіліктеріне 
сәйкес бейімдеуге дайын болыңыз және тиімдірек болып 
көрінетін бөлімдерге назар аударыңыз. 
Сабақты тиімді жоспарлаудың жоғарыда аталған барлық 
стратегияларын 3-кестеден көруге болады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   181




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет