Сабақтарды қысқа мерзімді жоспарлау бойынша Әдістемелік ұсынымдар по краткосрочному планированию


-кесте. Қазақстандағы пәндер бойынша орта мерзімді жоспар



Pdf көрінісі
бет34/181
Дата27.09.2023
өлшемі6.44 Mb.
#478867
түріСабақ
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   181
final-1

12-кесте. Қазақстандағы пәндер бойынша орта мерзімді жоспар 
үлгісі 
№р/с 
Бөлім/Ауыспалы 
тақырыптар 
Сабақтың 
тақырыбы 
Оқу 
мақсаттары 
Сағат саны Мерзімі 
Ескерту 
І тоқсан
ІІ тоқсан
ІІІ тоқсан
ІV тоқсан
Дереккөз: Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 6 сәуірдегі № 130 
бұйрығы. 
https://adilet.zan.kz/kaz/docs/V2000020317
Қазақстанның мамандандырылған мектептерінде жоспарлау 
басқалардан ерекшеленеді және мазмұны жағынан ЭЫДҰ елдеріне 
жақын. Мәселен, Назарбаев Зияткерлік мектептері (НЗМ) желісінде 
сабақтарды жоспарлау ұзақ мерзімді (оқу жоспарының элементі ретінде 
оқу материалының бір жылда өтетін бөлімдерін айқындайды), орта 
мерзімді (нақты пәнге арналған оқу жоспарлары, оқу пәні бойынша 
білім беру үдерісін тоқсан бойынша ұйымдастыруға арналған) және 
сабақтардың қысқа мерзімді жоспарларын қоса алғанда, үш құжаттан 
тұрады. 
Орта және қысқа мерзімді жоспарларда «алдыңғы оқыту» тармағы 
қарастырылып, онда алдыңғы сабақтарда қалыптасқан оқушылардың 
білімі мен дағдылары көрсетіледі. Бұл бөлімде мұғалімдер жаңа оқу 
материалымен танысқанға дейін оқушылардың не білетіні және қандай 
білімге ие болуы керектігі туралы жазады. Бұл тармақ оқушылардың 
алдыңғы білімі мен тәжірибесінің маңыздылығын көрсету үшін қажет, 
өйткені олар оқытудың сабақтастығын қамтамасыз етуге және жаңа 
дағдылар мен білімді жандандыруға көмектеседі. Осылайша, оқу үдерісі 


59 
мен алдыңғы және жаңа сабақтың материалдары арасындағы дәйектілік 
сақталады. «Кері байланыс» тармағы жоспарлауда, атап айтқанда, 
сабақтың мақсаттарын құруда үлкен рөл атқарады, өйткені 
оқушылармен тікелей және жедел жұмыс жасау арқылы мұғалімдер 
оқушылардың мәселелері мен қиындықтарын бағалап, алдын ала алады. 
Дәл осы себепті орта мерзімді жоспарлар көбінесе кері байланысты 
дамытуға бағытталған мақсаттарды көрсетеді.
Бұдан басқа, НЗМ-нің күнтізбелік-тақырыптық жоспарларында 
бөлімнің және сабақтар топтамасының контексті жазылатын және 
олардың қазақстандық контексте қалай салыстыруға және пайдалануға 
болатыны жайлы арнайы тармақ бар.
Сондай-ақ, сабақты жоспарлауда саралау және скаффолдинг 
(мұғалімдердің қолдау стратегияларын ұсыну тәсілдері, осылайша 
оқушылар әр сабақта оқу мақсаттарына қол жеткізе алады) сияқты 
тәсілдерді сипаттайтынын да атап өткен жөн. Оқыту мен сабақты 
жоспарлаудың мұндай тәсілдері мұғалімдерге пән бойынша жаңа 
тақырыпты тиімді оқытуға, оқу тапсырмаларын әзірлеуге және 
сыныптағы жоспарланбаған іс-әрекеттерге дайын болуға көмектеседі. 
Осылайша, сабақты жоспарлау кезінде мұғалімдер құрастырған 
оқу мен оқытудың әртүрлі тәсілдері оларға оқу бағдарламасының 
мақсаттарына қол жеткізуге ғана емес, сонымен бірге барлық (мықта да, 
әлсіз де) оқушыларды білім беру үдерісіне тартуға көмектеседі. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   181




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет