80
мұғалімдер сабақтың кейбір кезеңдерін жоспарлауда көбірек
қиындықтарды кездестіретінін көрсетті.
Мәселен, оқу бағдарламасының мақсаттарынан
сабақ мақсатын
тұжырымдау және оқушылардың білімін бағалауды жоспарлауда
қиындықтарға тап болған мұғалімдердің үлесі
орыс тіліне қарағанда
қазақ тілінде оқытатындарда 1,7 есе жоғары (тиісінше 26,4% және 15,2%).
Сабақтың өткен материалды қайталау (білім алушылардың білімін
өзектендіру), мәселені шешуді тексеру және жалпы білімді бекіту сияқты
кезеңдерін жоспарлау қиындық туғызбайды. Алайда, оқушылардың
оқыту тілі тұрғысынан мұғалімдерге қазақ
тілінде оқытатын балаларға
сабақ барысында жоғарыда аталған іс-әрекеттерді жоспарлау қиындық
туғызатыны анықталды.
Орыс тілінде де, қазақ тілінде де оқитын оқушыларға сабақ беретін
мұғалімдердің арасында сабақта оқушыларды оқу іс-әрекетіне
ынталандыру және әртүрлі деңгейдегі үй
тапсырмасы сияқты
әрекеттерді жоспарлау қиынға соғады.
Сондай-ақ, оқушылардың оқу тіліне қарамастан, сабақтың өзіндік
жұмысын ұйымдастыру және оқушылардың сабақтағы рефлексиясы
сияқты кезеңдерін жоспарлау мұғалімдерде
ең аз қиындықтар
тудыратыны анықталды (7-сурет).