Сабақтарға әдістемелік нұсқаулық Орындаушы(лар)


Глоссарий Бірыңғай сөйлем мүшелі сөйлемдер – күрделі ойды бірнеше сөйлемдерді сыйыстырып білдіру амалы. Блиц‑тест



бет10/11
Дата05.12.2023
өлшемі194 Kb.
#485515
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
жай сойлем практика тапс

Глоссарий
Бірыңғай сөйлем мүшелі сөйлемдер – күрделі ойды бірнеше сөйлемдерді сыйыстырып білдіру амалы.
Блиц‑тест
1.Бірыңғай мүшелерді байланыстыратын ыңғайластық жалғаулықтарды көрсетіңіз.
А/ мен, және, әрі, да, де.
В/ мен, бірақ.
Г/ не, немесе, әрі, да, де
Д/ және, болмаса
2.Қалтарыс позицияда тұрған сөйлем мүшесін белгілеңіз.
Айдын, жөніңді айтшы бері бұрылып.
А/бері бұрылып – толықтауыш. В/ бері бұрылып –пысықтауыш.
Г/ бері бұрылып – баяндауыш.Д/ жөніңді айтшы – баяндауыш.
3. Бастауышы инверсияға ұшыраған сөйлемді көрсетіңіз.
А/ Қуғыншылар келгенде қызды жеңгесі түпкі бөлмеге тығып қойды.В/ Дәмеш шелегін тарсылдатып ренішін білдірді. Г/ Кеше әкелген қара төбет енесіп іздеп қыңсылап жүр.Д/ Апырай, мұндай қатыгез қатты болар ма мінезі?
4.Бірыңғай сөйлем мүшелерінің синтаксистік қызметін анықтаңыз.
А/Мал келетін қарбалас сәтте аласапыран басталып кетті. В/ Кешқұрым шақта мал жайғадық, шай қайнаттық, ет асылды. Г/ Биыл егін бітік шықты. Д/Ойдағы болмай қалды.
Әдебиет
М.Балақаев, Т.Сайрамбаев. Қазіргі қазақ тілі. Алматы, 1997. 151-160--бб
Р.Әмір, Ж.Әмірова Жай сөйлем синтаксисі. Алматы, 1998. 82-94-бб.
Қазақ грамматикасы.Фонетика, сөзжасам, морфология, синтаксис. – Астана, 2002. 592-605-бб.622-625-бб.-бб.
14- практикалық сабақ. Сөйлем. Тұрлаусыз мүшелердің қатыспауына қарай сөйлем түрлері: жалаң, жайылма сөйлемдер. Бастауыштың қатысу‑қатыспауына қарай жақты, жақсыз сөйлемдер. Олардың жасалуы, жақсыз сөйлемнің дара баяндауышты түрлерінің жасалуы.
Сабақ жоспары.
1. Теориялық сұрақтарға жауап беріңіз.
1.1. Жақты сөйлемнің анықтамасы.
1.2. Жақсыз сөйлемнің анықтамасы.
1.3. Жақсыз сөйлемнің жасалуы.
2. Жаттығулар орындау.
2.1. Жақты сөйлемнің түрлеріне сәйкес көркем әдебиеттен мысалдар теріп, синтаксистік талдау жасаңыз. Жақсыз сөйлемнің жасалу жолын түсіндіріңіз.
2.2. Түсірілген сөздерді орналастырыңыз. Тұрлаусыз мүшелерінің қатысу‑қатыспауына қарай сөйлемнің қандай түрі екендігін ажырытыңыз. Бірыңғай сөйлем мүшелерінің синтаксистік қызметін анықтаңыз.
Керекті сөздер: Киіз үй, алты қанат ақ боз, таңбасы, сан ғасырлық , қақыра , қаңқасы, жаздыгүні, сықырлауық әбзелдер .
КИІЗ ҮЙ
... қазақтың өз өміріндегі ұстанар салты мен дәстүрінің де ..., белгісі. Оның дүниетанымының, ... мәдениетінің жарқын айғағы. Өйткені қазақ халқының салт-дәстүрінің көпшілігі осы киіз үйге байланысты.
Киіз үй, ең алдымен, оның иесінің байлығын, тұрмыс жайын білдіреді. Оның екі, үш қанаттан бастап он екі, он сегіз, отыз қанатқа дейін жететін түрлері болған. Ал киіз үйдің керегесінің басы 70-тен 360-қа дейін барады. Ауқатты қазақтардың киіз үйлері, әлгіде айтқандай, үлкен және өте бай жиһазды өрнектермен безендіріледі.Оларды ақ орда, алтын орда, алтын үзік деп атаған. Одан басқа киіз үйлердің ..., қоңыр үй, қара лашық, күрке отау, итарқа т.б. атаулары бар. Киіз үйлер өзінің мәдени-тұрмыстық, шаруашылық жағдайына байланысты да үш түрге: 1) ... тұруға арналған, 2) мереке-жиын кезінде қонақ күтіп алатын және 3) жорық кезінде тігілетін киіз үй болып бөлінеді. Жолаушылар мен жорықшылардың тігетін үйлерін абылайша, ақ қос, қос, қаңқа, (арбаның үстіне тігілетін үй), жарық үй деп атаған. Сондай-ақ құрым киізден, қамыстан, шиден киіз үй тектес үйшіктер мен күркелер салынатын болған. Бұлар, көбіне, ... немесе қалқа деп аталған да, жаугершілікте, майдан шебінде далада, жауын-шашыннан қорғану үшін тігілетін болған.
Киіз үйдің негізгі .. – кереге, уық, ..., шаңырақ – киіз үйдің сүйегі деп аталады. Олар бір-бірімен бау-басқұрлармен біріктіріліп таңылады. Оның сыртынан ши тұтылады да, киіз ... (туырлық, үзік, түндік, киіз есік) жабылады. Бұлардың әрқайсысының өз орны бар: туырлық керегеден уықтың ортасына дейін, үзік кереге басынан шаңыраққа дейін, түндік шаңырақты, ал киіз есік сықырлауықты жауып тұрады. Бау-басқұрлар киіз үйдің сүйегін ұстастырып қана қоймай, сыртқы киіздерін де бастырып тұру мақсатында қолданылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет