Сабақ жоспары:
1. Теориялық сұрақтарға жауап дайындау :
1. Сөйлем дегеніміз не және оның негізгі белгілері қандай?
2. Хабарлы сөйлем және оның негізгі грамматикалық түрлері
3.Сұраулы сөйлем және оның жасалу жолдары
4. Бұйрықты сөйлем және оның жасалуы
5. Лепті сөйлем және оның жасалуы
2. Жаттығулар орындау
2.1 Көркем әдебиеттен жалаң және жайылма, толымды және толымсыз сөйлемдерге бір-бірден мысал теріп, оған синтаксистік талдау жасаңыз.
2.2. Сөйлемдерге синтаксистік талдау жасаңыздар:
Қалың қарды жамылған ақ дала. Айналада көз тартарлық бұдыр жоқ. Кешікпей отыншыларға кезіктік. Бұларды басқарып жүрген – Файзолла Сұлтанов деген мұғалім. Өздері отынды едәуір шауыпты. Олар біздің келгенімізге қуанып қалды.
Шай әкелдіңдер ме?
Дүкенде шай жоқ.
Бұл әңгімеге балалар түгілі өзім де аузымды ашып қалыппын. Ойпыр-ай, Бексұлтанның әңгімешілі-ай! Бәкең екеуіміздің алдымызда жатқан хатты почта арқылы жіберуге болмайды. Бәкір ағай кабинетінде жалғыз отыр. Әңгіме оқу туралы. Тәуке-ау, пештің мойынын тігінен қаламайды ғой. Бурабай көлінің ығындағы кішкене қаланы сол көл атымен «Бурабай» дейді.
Бақылау сұрақтары:
Сөйлемнің модальділігі дегеніміз не, ол қалай көрініс табады?
Сөйлемнің предикативтілігі дегеніміз не?
Сөйлемнің интонациясы дегеніміз не?
Сөйлемнің предикативтілігі қай мүшеде көрінеді және қалай?
Предикаттық қатынас дегеніміз не?
Сөйлем айтылу мақсатына қарай қандай түрлерге бөлінеді?
Т.Сайрамбаев хабарлы сөйлемді есімді және етістікті сөйлем деп бөлгенде нені негіз етіп алады?
Р.Әмірдің номинативті және етістікті сөйлемдер деп ажыратуында не негізге алынады?
Глоссарий
Ашық сұрақты білдіретін сұраулы сөйлем дегеніміз –сұраққа негіз болып іздеулі болып отырған мүше белгісіз болып, сұрақ жалпы, ашық түрде қатысатын сөйлем. Ал не істейміз?
Алььтернативті сұрақты білдіретін сұраулы сөйлемдер – ізделетін іс-қимыл, предикативтік заттық сапа жалпы белгісіз күйде аталмай, белгілі альтернативтердің төңірегінен ізделеді. Тоқтайсың ба, жоқ па?
Риторикалық сұрақты білдіретін сұраулы сөйлем – сұраулы сөйлем формасы хабар ретінде пікірді білдіру үшін жұмсалған сөйлем. Ол мұндайдан қалған ба?
Түрткі сұрақты білдіретін сөйлем – тыңдаушыны бір іске қосу, жұмсау үшін пайдаланылатын сұраулы сөйлем. Қалаға барып келмейсің бе?
Бұйрықты сөйлемдер – сөйлеушінің біреуді іске қосу, жұмсау үшін айтқан пікірін білдіру үшін жұмсалатын сөйлем. Олармен енді сөйлеспейсің!
Тапсырма .
Т.Сайрамбаевтың «Қазіргі қазақ тілі» ( Алматы, 1997. 226-227 -бб) оқулығына сүйене отырып, толымды және толымсыз сөйлемдер туралы мазмұндаңыз.
Блиц-тесттер
Бастауышы зат есімнен болған сөйлемдер - А) номинативті В) етістікті С) толымды Д) толымсыз Е) болымды
Бастауыш пен баяндауышты тірек етіп құрылған сөйлемдер - А) бір негізді В) екі негізді С) жайылма Д) толымсыз Е) болымды
Сөйлем бір ғана негізгі мүшені тірек етіп құрылса, ол - А) бір негізді В) екі негізді С) жайылма Д) толымсыз Е) болымды
Сөйлемнің логика-грамматикалық типтері нешеу - А) біреу В) екеу С) жетеу Д) сегіз Е) он
Бір нәрсе туралы хабар алу үшін қойылған сұрақты білдіретін сөйлем - - А) хабарлы В) сұраулы С) бұйрықты Д) лепті Е) атаулы
Әдебиет
М.Балақаев, Т.Сайрамбаев. Қазіргі қазақ тілі. Алматы, 1997.219-228-бб
Р.Әмір, Ж.Әмірова Жай сөйлем синтаксисі. Алматы, 1998. 58-94-бб.
Қазақ грамматикасы.Фонетика, сөзжасам, морфология, синтаксис. – Астана, 2002. 592-605-бб.622-625-бб.-бб.
Қосымша әдебиеттер
С.Хасанова, Т.Әбдіғалиева, Қ.Қасабекова, Б.Шалабаев. Кестелі грамматика. Алматы, 1996.49-75-бб.
№ 8- практикалық сабақ тақырыбы Сөйлемнің эволюциясы. Сөйлемнің қалыптасуында сөз таптарының орыны. Есімді сөйлемдер, олардың тіл-тілдегі орны. Етістікті сөйлемдер, оның гегемониялық ролі. Ерте дәуірге байланысты есімді, келе-келе етістікті сөйлемдердің қалыптасуы.
Сабақ жоспары:
Теориялық сұрақтарға жауап дайындау:
1 Сөйлемнің эволюциясы. Сөйлемнің қалыптасуында сөз таптарының орыны.
2 Есімді сөйлемдер, олардың тіл-тілдегі орны.
3 Етістікті сөйлемдер, оның гегемониялық ролі.
4 Ерте дәуірге байланысты есімді, келе-келе етістікті сөйлемдердің қалыптасуы.
Жаттығулар орындау
Сөйлемдерге синтаксистік талдау жасаңыздар.
1. Күнімпатша ысылдап кеспе көже ішуге кірісті. Өзің де іш, құлдығым. Әлгіде тамақтанғам, апа, - дейді қыз түбіт үнмен. Әлдене айтуға оқталып, сөзін тілінің ұшына үйіріп қана отыр. Осы мезет ойда жоқта оқиға болды. Әуелі мотмцикілдің ащы ышқынған даусы шықты, сосын жер дүңкілдеп есік сарташылды. Миқитып шәпке киген Ділдабай бригадир! Шекесін көрсетіп кемпірмен ерін ұшымен ғана сәлемдесті. Жанары шапыраштанып дәрігер қызды ішіп-жеп барады. Қыз үркіп төсек жаққа ойысқан.
2. ... Ол кезде он жаста еді. Ертеден қара кешке дейін қозы соңында жүреді. Бір күндері ел дүрліккен той болып, ел ішінде қым-қуыт көкпар шабылды. Дүбір естісе делебесі қозып, есі шығып кететін әкесі сонда атқа ер салды. Шешесі: «Атың бауырынан жарып суыған жоқ, барма, - деп жалынып, шаужайына жармасып жүр. Бұл болса, іштей әкесінің барғанын қалайды. Көкпар әкеліп берсе дейді. Жаз бойы тісіне бір түйір қызыл тимеген. Жылап жүрген шешесіне жақтырмай алакөздене қарайды. Біраз жерге әкесінің артынан томпаңдап жүгіріп ілесіп барды. Ар жағында өзі білмейтін ұлан-асыр ұлы сүрең. Сыңсып қалған шешесіне де, томпаңдап ерген өзіне де қарамай, жауырыны күжірейіп, қанды көз әкесі ұзап кетіп барады. Алдында қоп-қою шаң. Күшке болмаса, ақылға ырық бермес шарт та шұрт ұстасқан білек, жер дүниені солқылдатқан дүбір, құйқаны шымырлатқан ащы айғай. Сол дүрмек әкесін де жұтып жіберді».
Бақылау сұрақтары:
Сөйлемнің эволюциясына қатысты қандай ғалымдар пікір білдірген, олардың негізгі зерттеулеріне тоқталыңыз.
Сөйлемнің қалыптасуында ерекше маңызға ие сөз таптары қандай?
Есімді сөйлемдердің қалыптасуына қатысты қандай пікірлермен таныссыз?
Етістікті сөйлемдер, оның гегемониялық ролі туралы не білесіз?
Глоссарий
Достарыңызбен бөлісу: |