Сабақтарға әдістемелік нұсқаулық Орындаушы(лар)



бет6/11
Дата05.12.2023
өлшемі194 Kb.
#485515
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
жай сойлем практика тапс

Сабақ жоспары:
1. Теориялық сұрақтарға жауап дайындау :

  1. Сөйлемнің тұрлаусыз мүшелері.

  2. Толықтауыш, олар туралы көзқарастар.

  3. Анықтауыш, түрлері, жасалуы, зерттелуі.

  4. Пысықтауыш, олар туралы көзқарастар, зерттелуі, жасалу жолдары.

2. Жаттығулар орындау.
2.1 Сөйлем мүшесіне талдап оларды модельге түсіріңіз: күрделі және үйірлі мүшелердің түрлерін, жасалу жолдарын түсіндіріңіз.
Үйде Ералин басқарған комиссия курске оқушылар іріктеп отыр. Сол екі арада-ақ Нұрғалидің көзіне дейін терлеп үлгеріпті. Балқияның үлкен көздерінен ірі-ірі ыстық жастар домалап кетті. Ауылдан кеткен аз уақыттың ішінде Аман көп өзгеріпті. (Ғ.Мұстафин).
Қарапайым жұрттың ішінде беделді Бұланбайды Байжан да қатты қадірлейтін еді (Ғ.Мүсірепов).
2.2. Тиісті тыныс белгілерін қойып, бірыңғай мүшелерді анықтаңыздар, олардың күрделі мүшелерден айырмашылығын түсіндіріңіздер. Жалпылауыш сөздердің қызметі мен мағынасын, жасалу жолын талдаңыз.
Мастер мен директор өз ара әңгімелесіп кетті (Ғ.Сыланов). Болысекең кейде паң кейде мүләйім кейде жұмсақ кейде береген кейде сараң (Ғ.Мұстафин).
Шаш-кірпік сақал-мұрт әртүрлі мұрындар бәрі де тастан жасалған сияқты (Ғ.Мүсірепов).
Одан кейінгі жеті-сегізге келген қызы Күлбадан және бес-алты жасар сүйкімді ұлы Әбдірахман үш-төрт жасар кенжесі Мағаш бәрі де Ділданың өз бауырында өскен (М.Әуезов).
Айқындауыштарды тауып, олардың түрлерін, ерекшеліктерін сипаттаңыздар.
Ұлтуғанды Мұстафаның үйі, әсіресе, Сілеусін жақсы көреді (С.Мұқанов).
Шайдан кейін Сикорскийдің аттарымен Тұрсынбай сұмды тауып әкелерсің (Ғ.Мүсірепов). Жыл құсының адаспайтыны да сол өз жолы құс жолы болғандықтан (С.Шәймерденов). Жақып пен Жомарт комбайн – самоходқа келді (Ғ.Мұстафин).
Бақылау сұрақтары:

  1. Сөйлем мүшесі болу шарттары қандай?

  2. Сөйлем мүшесі қызметіне және құрамына қарай қандай түрлерге бөлінеді?

  3. Сөйлемнің тұрлаусыз мүшелерінің өздеріне тән басты белгілері?

Глоссарий
Толықтауыш – етістіктен, есімнен болған мүшемен байланысып, істің, сапаның заттың объектісін білдіретін сөйлем мүшесі
Анықтауыш – Зат есімдік немесе зат есім орнына жүрген есімше сөздермен байланысып, олардың түрлі сапасын сынын білдіреді.
Пысықтауыш – етістіктен болған сөйлем мүшесіне қатысып, іс-қимылдың түрлі сапасын, мезгілін, мекенін білдіретінсөйлем мүшесі
Сөйлемнің бірыңғай мүшелері – сөйлемде синтаксистік қызметі бірдей, көбінесе өзара тұлғалас, әрі салалас байланысып, бір сөзге қатысты болып тұратын сөйлем мүшесі.
Тапсырма
Сөйлем мүшелерін қызметіне, құрамына және жасалу жолдарына қарай талдау жасаңыздар:
Тапсырманың үлгісі:
Қатты жел сары ала жапырақтарды шашудай шашып жатыр (Е.Әзімбаев). Сөйлем мүшелері шартты белгілерімен анықталса, оның құрамы, жасалуы және байланысу түрі компоненттік модель арқылы көрсетіледі.
С ы З¹ Сы (күр) З Сы (дай) Ет (күр)

Блиц-тесттер



  1. Сөйлем мүшесі бола алмайтын сөзді белгілеңіз: А) атасына В) аға С) соң Д) ілгеріректе Е) баламен

  2. Тура толықтауышы бар сөйлемді белгілеңіз: А) Сол түні жылқыға қарт жылқышы Көлбай ақсақалмен бірге бардым. В) Келінді әкелсін алдымен. С) Желек жабу ешқайда қашпас. Д) Арғы бетке жолаушы осы шыңның желкесімен шығатын. Е) Ақшасы таусылуға айналыпты.

  3. Сапалық анықтауышы бар сөйлемді белгілеңіз: А) қыздың қасында оңаша қалсақ-ау, аузымнан сөзім түсіп, берекем қашады. В) Екеуі екі ауылдың адамы болғанына қарамастан, бір анадан туғандай тату өсіпті. С) Өнер түрлі болады. Д) Әдемі ән, әсерлі күй, ажарлы сөз шығарады. Е) Жаңа үкіметтің де біраз ұлықтарына сендер жағып жүрсіңдер.

  4. Меншіктік анықтауышы бар сөйлемді белгілеңіз: А) Ақлима мұншама тамаққа таңырқай, сұқтана қарап отыр. В) Ақлима шешесінің не айтқалы келе жатқанын сезіп, қыстығып жылағалы отыр. С) Қазан бүлкілдеп қайнап жатыр. Д) Абылай ханның заманында, қараша ауылдардың саны көп болған. Е) Рақиланың көкшалап жуындысына аузы жарымай ашыққан, елегізген тазы аң аулауға өз бетімен кетіп жүр.

  5. Пысықтауышы бар сөйлемді белгілеңіз. А) Топ тым-тырыс болды. В) Көз жауын алып жайқала өсіп тұр.

Әдебиет
М.Балақаев, Т.Сайрамбаев. Қазіргі қазақ тілі. Алматы, 1997. 41-б, 65-68-бб., 83-98-бб.
Қазақ грамматикасы.Фонетика, сөзжасам, морфология, синтаксис. – Астана, 2002. 592-605-бб.622-625-бб.-бб.
Қосымша әдебиеттер
С.Хасанова, Т.Әбдіғалиева, Қ.Қасабекова, Б.Шалабаев. Кестелі грамматика. Алматы, 1996.49-75-бб.
7- практикалық сабақ тақырыбы. Сөйлем, оның негізгі белгілері. Сөйлемнің айтылу мақсатына қарай түрлері. Есімді және етістікті сөйлемдер


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет