2. Сұрақтарға мәтін бойынша жауап беріңіз.
1. Қазақ халқы үшін құнды, бағалы мұралардың бірі не?
2. Музыкалық мұраларымыз бізге қалай жетіп отыр?
3. Құрманғазы есімімен аталатын мәдени орындарын білесіз бе ?
4. Құрманғазы Сағырбайұлының қандай күйлерін білесіз?
5. Күй құдіреті неде?
3. Құрманғазының «Сарыарқасы» мен Тәттімбеттің «Сарыжайлау» күйлерін тыңдағанда ойыңызға келген «ассоциацияны» дәптеріңізге жазып, жай сөйлем құрастырыңыз.
Мысалы: Ассоциация: кең дала, жайлау, ... .
Жай сөйлем: күмбірлеген күй кең даламызды елестетті.
4. СӨЙЛЕСІМ.
1.«Күй – сезім туындысы» деген пікірге келісесіз бе? Өз ойыңызды айтыңыз.
2. «Қазақтың ұлттық өнері болған, қазір де бар және болашақта да өз қасиетін жоғалтпай қала береді» дегенге қосар ойыңыз.
5.Төмендегі сөз тіркестерін пайдалана отырып, «Күйшілік өнер» атты шағын ойтолғау жазыңыз.
Күй тартылды, халық, ән салды, ел жиналды, күйшілер жиылды, құнды пікірлер, еңбегін елге жеткізді, күй құдіреті, жаныңды тербиді, қызығамын,үйренгім келеді.
6. Сурет бойынша «ұлттық мәдениет тамыры» деген тақырыпта жай сөйлемдер құрастырыңыз.
7.«Күй ойнайды қазағымның қанында» өлеңін жаттаңыз.
Әнін жазған: Кеңес Дүйсекеев
Сөзін жазған: Шөмішбай Сариев
Күй ойнайды қазағымның қанында,
Күй ойнайды қазағымның жанында.
Жүрегінің, жүрегінің, жүрегінің дүрсілі –
Күмбірлеген домбырасы барында.
Бабамыздың мұңысың сен, домбыра,
Анамыздың сырысың сен, домбыра.
Қазағымның жүрегінен жаралған,
Даламыздың үнісің сен, домбыра!
Домбыра бұл, үнсіз қалып көрмеген,
Қуаныш та, қайғы-мұң да кернеген.
Үзіледі, үзіледі, үзіледі әуендер,
Ғашықтардың көз жасындай пернеден.
Домбырадай шежіре жыр болмаған,
Даламыздың тағдырларын толғаған.
Армандарын, армандарын, армандарын халқымның,
Аманат қып ұрпағына жолдаған.
8. Домбыраның құрылысын жазыңыз.
9.Мәтінді оқыңыз.Түсінгеніңізді айтыңыз.
Ұлттық байлық, ұлттық валюта.
Ұлттық байлық дегеніміз-елдің экономикалық күш-қуатының ең маңызды көрсеткіштерінің бірі. Ұлттық байлықты алғаш рет 1664 жылы ағылшын экономисі У.Петти есептеп шығарған. Ұлттық байлықты тұңғыш бағалау Францияда 1789 жылдан, АҚШ-та – 1805, Ресейде 1864 жылдан бастап жүргізіле бастады.
Ұлттық байлық, негізінен, мынандай салалардан тұрады: ғасырлар бойы ата-бабалардың қалдырған барлық мұрасы, табиғат және жер асты байлығы, әдеби, мәдени, тарихи мұралар.
Ұлттық байлыққа жеке коллекционердің қолындағы көне заттар да жатады.
Венеция хартиясы бойынша, отыз жылдан артық тұрған сәулет құрылысы, мекеме, мәдени, ресми жеке үй, тағы да басқалары ұлттық байлыққа жатады. Барлық ұлттық байлық мемлекеттік байлық болып табылады.
Тәуелсіздік алған елдің ең бірінші айрықша белгісі – ұлттық валюта. Ақша – асыл қазына, халық байлығы.
Халқымыз теңгені бұрын да пайдаланған. Ерте замандарда теңгелерді Түркістан, Тараз қалаларындағы арнаулы шеберханаларда жасаған.
Ұлттық валютамыз 1993 жылы қарашаның 15-інен бастап айналымға енгізілді.Теңге – Қазақстан Республикасының бірден-бір заңды төлем құралы.
Теңгенің 16-ға жуық құпия қорғанысы, белгісі бар.
Теңге – біздің дербес ел болғанымыздың белгісі. Басқаның валютасына тәуелді болу – барлық байлығыңды біреудің билігіне беру. Ұлттық валюта – еліміздің даму көзі, әлемдік деңгейге теңелудің алғашқы факторларының бірі. Ол барлық уақытта тәуелсіздігімізді қамтамасыз етеді.
ұлттық байлық– национальное богатство
көрсеткіш – показатель
есептеп шығарған – высчитал
бағалау – оценка
мұра – наследие
жер асты байлығы – подземное богатство
бір бетінде – на одной стороне
күш-қуат - сила
құпия белгі – секретный знак
ұлы перзенттері - великие личности
басыбайлы болу–быть
зависимыми
дербес ел – суверенное государство
қамтамасыз ететін – обеспечивающий
ықпал жасайтын – влияющий
10. « Ұлттық байлықты сақтап қалу» атты эссе жазыңыз.
5. Оқу және оқытудың әдістері: әңгімелесу, сұрақ-жауап, ой қорыту, сөйлеу, жаттығу.
6. Әдебиет:
-
Оразымбетова Ғ.Д., Сәлім Е.Қ. Қазақ тілі 2013 ж.
-
Оразахынова Н.А.
Қазақ тілі ( Сөзжасам. Морфология) : учебное пособие / Н. А. Оразахынова, Ж. Т. Исаева, Г. С. Сүлеева. - Алматы : АРЫС, 2014. - 176 с. : ил
-
Бектурова А.Ш.
Казахский язык для всех : учебное пособие / А. Ш. Бектурова, Ш. К. Бектуров. - Алматы : Атамұра, 2014. - 718 с.
-
Бектұров Ш.
Қазақ тілі для начин.: учебник / Ш. Бектұров, А. Бектұрова. - Алматы : Рауан, 2014. - 397 б.
-
Доскеева Б.Ж.
Қазақ тілі: жоғары оқу орындарының 1 курсына арналған : учебник / Б. Ж. Доскеева. - Алматы : Ана тілі, 2010. - 191 с.
-
Рысбаева Г.К.
Қазақ тілі: Грамматикалық анықтағыш = Казахский язык. Грамматический справочник / Г. К. Рысбаева. - Алматы : Сөздік-Словарь, 2010. - 192 б.
-
Сыздық, Рәбиға.
Қазақ тілінің анықтағышы : определитель / Р. Сыздық. - Астана : Елорда, 2010. - 527 б.
-
Хасанова С.
Контрольно-тренировочные упражнения по морфологии современного казахского языка : учебник / Хасанова С. - 1-е изд. - Алматы : Ана тілі, 2011. - 135 с. : ил
-
Әуелбеков Ш.
Қазақша сөйлеу үлгілері:Казахский разгов.язык / Ш. Әуелбеков. - Алматы, 2009. - 238 с
7. Бақылау:
1. Қазақ халқы үшін құнды, бағалы мұралардың бірі не?
2.Музыкалық мұраларымыз бізге қалай жетіп отыр?
3. Құрманғазы есімімен аталатын мәдени орындарын білесіз бе ?
4. Құрманғазы Сағырбайұлының қандай күйлерін білесіз?
5. Жай сөйлемнің негізгі семантикалық және функционалдық ерекшеліктерін айтыңыз.
6. Мұрағат материалдары ұлттық байлыққа жата ма?
7. Қазақстанда археологиялық қазбалардан табылған дүниежүзілік кереметке жататын
байлықтар бар ма?
8. Өз отбасыңда ата-бабаларыңнан қалған қасиетті мұра бар ма?
9.Ұлттық байлықты қорғау туралы заң бар ма?
10.Кітапхана ұлттық байлыққа жата ма?
1. Тақырып №11, аталуы: Өлең-сөздің патшасы. Хакім Абайдың философиясы.
Шәкәрім Құдайбердіұлы шығармаларындағы имандылық концепциясы.
Жай сөйлемнің негізгі семантикалық және функционалдық ерекшеліктері.
2.Сабақтың мақсаты:студенттерге сөздің патшасы өлең екендігін түсіндіру, Хакім Абай философиясының маңыздылығын жеткізу. туденттерге Шәкәрім Құдайбердіұлы шығармаларындағы имандылық концепциясының маңыздылығын жеткізу.
3. Оқытудың міндеттері:
Студент білу керек:
- Абай шығармаларын білуі керек;
- сұрақтарға дұрыс жауап беру;
- тақырып бойынша өз ойын дұрыс жүйелі түрде айта алу;
- Студент істей білуі керек:
- мәтінмен жұмыс істей білуі керек;
- Абай, Шәкәрім шығармалары бойынша ойын айта білуі керек.
4. Тақырыптың негізгі сұрақтары:
1. Өлең-сөздің патшасы.
2. Хакім Абайдың философиясы.
3. Сөйлеудің прагматикалық ерекшеліктері.
4. Шәкәрім Құдайбердіұлының өмірбаяны.
2. Шәкәрім Құдайбердіұлы шығармалары.
3. Шәкәрім Құдайбердіұлы шығармаларындағы имандылық концепциясы
5.Сабақ беру және оқыту әдістері: сызбамен жұмыс, жаттығу жұмысы, оқылым мәтінмен жұмыс, жаттау, кластер толтыру, аударма, сұхбат, мәнерлеп оқу.
1. Тірек сызбаны толтырыңыз.
2. Сөздерді оқып, мағынасын ашып, жаттаңыз.
1
|
болмыс сыры
|
тайны бытия
|
2
|
дүние сырына бойлау
|
понимать тайны мира
|
3
|
түпкі мәні
|
окончательный смысл
|
4
|
рухани жетілу
|
духовное совершенствование
|
5
|
заңдылық
|
закономерность
|
6
|
жетілдіру
|
совершенствовать
|
7
|
қателікке ұрынбай
|
не ошибаться
|
8
|
өмірден керегін ала білу
|
получить неоходимое от жизни
|
9
|
толғандыру
|
волновать
|
10
|
өмір белесі
|
|
11
|
ұғу
|
понимать
|
12
|
құпия
|
секрет
|
14
|
таным
|
познание
|
15
|
тура мағына
|
прямое значение
|
16
|
ауыспалы мағына
|
переностное значение
|
17
|
сөздің жұмсалуы
|
употребление слов
|
18
|
сүйену
|
опираться
|
3. Жоғарыда берілген мысалдардың мағынасын түсініп, олардың әрқайсысына екі
сөйлем жазыңыз.
4. Мәтінді оқыңыз, мазмұндаңыз, сұхбатқа айландырыңыз.
Абай философиясы
Әлемді тануға құштарлық адамның бойына біткен табиғи қасиеті деп есептеді Абай. Бірақ, оның бұл мүмкіншілігі үнемі жетілдіріп отыруды талап етеді. Бала рухани қасиеттерін жетілдіру үшін оның өзін қоршаған ортамен, оның қасиеттерімен, адамдардың қызметімен танысуы керек. Адам табиғат құбылыстарының құпияларын ұғу немесе соған байланысты белгілі бір дәрежеде жорамал жасау арқылы өзінің қызметін нығайта түседі : «Дүниенің көрінген Һәм сырын түгелдеп, ең болмаса денелеп білмесе, адамдықтың орны болмайды. Оны білмеген соң, ол жан адам жаны болмай, хайуан жаны болады». Дегенмен, ол қоршаған ортаны тануға болатындығын мойындай отырып, сонымен қатар таным қызметінің мүмкіндіктері шектеулі екенін, барша танымның толық аяқталмайтындығын да ескертеді. Ол мұның себебі материалдық әлемнің шексіздігі мен таусылмайтындығында, бітпейтіндігіңде деп біледі.
Ұлы Абайды өмір, қоршаған дүние, табиғат, болмыс сыры, олардың заңдылықтары көп ойландырған, ол дүние сырына бойлап, өзін мазалаған сауалдарға жауап табуға тырысқан. Мен осы кіммін? Жан иелері өмірінің түпкі мәні неде? Барлық адам баласы, жан-жануарлар да тамақтанады, ұйықтайды, қорғанады, артына ұрпақ қалдырады. Сонда адам баласының басқа жан иелерінен айырмашылығы неде? Міне, Абай әркімді де толғандыратын терең сырлы сұрақтарға жауап іздейді. Ол өзінің ілімінде, пәлсапалық шығармаларында адам баласының өмір сүру мақсатын, сол мұратына жету жолын, әлемдегі болмыстың мәні мен өзіндік ішкі байланысты, жалпы заңдылықтарын ашып көрсетеді.
Кемелдену, жетілу – адам өмірінің мақсаты екенін айтады Абай. Жетілу дегеніміз не? Түрлі жетілулер бар. Мысалы, спортпен шұғылданып өзіміздің денемізді, күш-қуатымызды жетілдірсек, ал ғылым-білім, өнерге үйрену арқылы ой-өрісімізді жетілдіреміз. Абай осыларды айта отырып, бұлардан гөрі маңыздырақ жетілу барын, ол – рухани жетілу, яғни жанды жетілдіру деп көрсетеді. Абайдың айтуы бойынша жан жүректе орын тепкен. Жан адамның тыныс-тіршілігін, іс-әрекетін жүрек арқылы басқарады. Егер жан жетілмеген болса, онда адамның іс-әрекетінде де кемшілік болады. Ішкі дүниесі тазарып, жетілген адам ғана қателікке ұрынбай, өмірде жаңсақ баспай, дұрыс өмір сүре алады. Адам баласының бақыты оның жүрегінің тазалығымен тығыз байланысты деп үйретеді Абай. Сонымен, жетілудің негізі –жүректі жетілдіру екен. Бұл – адамның ішкі нәзік болмысын тазарту деген сөз.
Абай өз шығармаларында жетілу жолдарын, олардың түрлі белестерін көрсетеді. Әрбір адам осы жетілу жолдарынан өте отырып өзінің қай деңгейде тұрғанын және өмірінің келесі белесін анықтай алады. Мәні терең ашылып, келешегі айқындалғанда ғана адам өмірі маңызды болмақ. Абай ілімі осылай әркімнің өмірінің мәнін ашып, оның келешектің жарқын жолына шығуына мүмкіндік береді. Абай шығармашылығының елеулі саласы - қара сөздері, оның өлеңдерімен мазмұндас, идеялас болып, соларды толықтырып жатады. Абай өзінің қара сөздерінде «артқа алаң болмай», алға ілгері басуды арман етті. Ол жастарды өмірге жарқын көзбен қарап, жастық шақты мағынасыз өткізіп алмай, өмірден керегін ала білуге шақырды.
(www.abay.nabrk.kz сайтынан ықшамдалып алынды)
5.Берілген қара сөздегі философиялық ойды анықтаңыз.
Он тоғызыншы қара сөз
Адам ата-анадан туғанда есті болмайды: естіп, көріп, ұстап, татып ескерсе, дүниедегі жақсы-жаманды таниды дағы, сондайдан білгені, көргені көп болған адам білімді болады. Естілердің айтқан сөздерін ескеріп жүрген кісі - өзі де есті болады.
6.. Пікірлесейік :
«Абайды таныту арқылы біз Қазақстанды әлемге танытамыз, қазақ халқын танытамыз. Абай әрқашан біздің ұлттық ұранымыз болуы тиіс».
Нұрсұлтан Назарбаев
7. « Өлең - сөздің патшасы, сөз сарасы » өлеңін жаттаңыз
Өлең - сөздің патшасы, сөз сарасы
Өлең - сөздің патшасы, сөз сарасы,
Қиыннан қиыстырар ер данасы.
Тілге жеңіл, жүрекке жылы тиіп,
Теп-тегіс жұмыр келсін айналасы.
Бөтен сөзбен былғанса сөз арасы,
Ол - ақынның білімсіз бишарасы.
Айтушы мен тыңдаушы көбі надан,
Бұл жұрттың сөз танымас бір парасы.
Әуелі хаят, хәдис – сөздің басы,
Қосарлы бәйітмысал келді арасы.
Қисынымен қызықты болмаса сөз,
Неге айтсын пайғамбар мен оны алласы.
Мешіттің құтпа оқыған ғұламасы,
Мүнәжәт уәлилердің зар наласы.
Бір сөзін бір сөзіне қиыстырар,
Әрбірі келгенінше өз шамасы.
Өлеңге әркімнің-ақ бар таласы,
Сонда да солардың бар таңдамасы.
Іші алтын, сырты күміс сөз жақсысын
Қазақтың келістірер қай баласы?
Бұрынғы ескі биді тұрсам барлап,
Мақалдап айтады екен, сөз қосарлап.
Ақындары ақылсыз, надан келіп,
Көр-жерді өлең қыпты жоқтан қармап.
8.Шәкәрім шығармашылығы туралы білетін ақпараттарыңызды кластерге түсіріп, әңгімелеңіз.
9. Мәтінді мазмұндаңыз.
Шәкәрім Құдайбердіұлы шығармаларындағы имандылық концепциясы
Имандылық – адамның қоғамдағы, күнделікті өмірдегі іс-әрекеттерін белгілі бір қалыпқа түсіретін ішкі рухани реттеуіш, қадір-қасиет, адам бойындағы адамгершілік, ізгілік, кісілік белгісі. Дәстүрлі қазақ қоғамында адамның имандылығына – мінез-құлық жүйесіндегі ерекшеліктеріне көп көңіл бөлінген. Адамның жарық дүниеге келуі, өсуі, ержетуі, тіршілік етуі, қартаюы, ата мен баланың қарым-қатынасы, үлкендік пен кішілік, сыйластық, әдептілік пен арлылық, инабаттылық тәрізді маңызды мәселелер имандылықтың маңызды құрамдас бөлігі ретінде ешқашан да назардан тыс қалмаған. Жастардың үлкендерге құрмет көрсетуі, үлкендердің кішілерге ізет білдіруі өмір сүру салтына айналған. Қоғамда берік қалыптасқан осындай көрегенділікпен өмір кешу дағдылары жинала келіп, барша адамгершілік қағидалардың, Имандылықтың жазылмаған кодекстерінің қалыптасуына негіз болған. Шәкәрім Құдайбердіұлының Иманым атты жинағында жаратылыс жұмбағы, Алла мен адам қарым-қатынасы, иман жайлы жазған туындылары қамтылған. Ой бастауы Құран Кәрімнен құйылар Шәкәрімнің сыр сөздері бүгінгі қоғамның тынысымен үндес екендігі даусыз. Қазақ қауымының ғана емес, жалпы адамзат баласының рухани қазынасы үшін өлмес өсиет қалдырған Шәкәрімнің асыл мағыналы сыр сөздерінің жылдар өткен сайын жаңғыратыны шындыққа айналып отыр.
Шәкәрім - әдебиеттің әр алуан жанрларына қалам тербеген қаламгер. Шәкәрім лирикасындағы тақырыптық мазмұн-қоғам қайшылықтарын азаматтық талғамда терең мән беріп, сын тезіне салуы, сол қоғамның шындығы мен сұранымынан туындаған ағартушылық–демократтық мақсаттағы сыншылдық идея. Ақынның қоғам өмірін суреттеген сыншылдығы да, шыншылдығы да, наразылығы да, лирикалық жанр үлгісінде тоғысады. Оның реалистік сипаттағы лирикалық туындыларында әдеп, мінез-құлық, имандылық, ар ілімі сынды категориялары бірден көзге түседі. Бұл Шәкәрім лирикасындағы авторлық ерекшелік болып табылады.
Ақынды қатты толғандырған мәселенің бірі - қару-жарақтың адам мен табиғатқа қарсы жұмсалуы, империалистік соғыс кезінде адамның қырылуы, озбырлық пен зорлықтың орын алуы. Мұндай келеңсіз кесепаттарға қарсы жазылған өлеңдері Шәкәрімнің интернационалдық ой, толғаныстарының биіктігін, заманалылығын аңғартады. ("Патшалар сансыз шығыс қылады", 1919; "Адам немене" 1915) , "Бостандық таңы атты", " Бостандық туы жарқырап" (1917) өлеңдері Қазан революциясына арналған. Ақын жарқын өмірді, болашақты, бейбітшілік пен берекелі тұрмысты жырға қосты. Әлеуметтік жағдайға байланысты тұңғыш рет "Шаттық" деген сөзді қолданғанымен, Ш.Құдайбердиевтің жаңа заманның өзгерісіне үн қосуы әлі де тосаң. Оның мұраты бұрынғысынша адал еңбекте, рулық жікшілдікті жоюда, әділеттігі жарасқан тұрмыс құруда еді. "Қош жұртым" өлеңінде (1931) жапан түзде жалғыз жатқанмен халықтан қол үзбегенін, болашаққа сеніммен қарайтынын білдіреді. Бұл ойын С. Мұқановқа жазған хатында(3.2.1931) айқын білдірген. Шәкәрім ауыз әдебиетінің суырыпсалма ақындар поэзиясының жазба әдебиетке ауысуына зор қызмет етті. Лирикалық жанр түрлерінің дамуына, мазмұнының етене жақындасуына мол еңбек сіңірді. Көптеген өлеңдеріне ән шығарды. Абайдың кеңесі бойынша "Қалқаман - Мамыр" дастанын жазды. (1888). Мұнда кіршіксіз махаббат дәріптеліп, ел билеушілер орнатқан қатыгез тіршілікке қарсылық, оны айыптау бар. "Еңлік - Кебек" дастанында (1891) бірін-бірі сүйген екі жастың қасіретін ескілікті салт-сананың қатып қалған уағыздарымен байланыстырады.
Қорыта келгенде, ХХ ғасыр басындағы тарихи - әдеби процеске ерекше ықпал еткен таза ұлттық таным тұрғысынан айнымаған Шәкәрім лирикасына теориялық тұрғыдан талдау жасағанда оның қазақ поэтикалық өлең үлгісіне жаңа көркемдік түр мен сапалық мазмұн енгізгенде көз жеткіземіз. Азаматтық ар үні, әлеуметтік әуен басым жататын Шәкәрім лирикасы оқу-білім, ғылымды, адал еңбекті, талапшылдықты, адамгершілікті насихаттаған философиялық ойшыл ақындық тұлғасымен, әлеуметтік өмір қайшылықтарын, өз заманының шындығын нақты түрде, үлкен сыншылдықпен ашық көрсетуі арқылы ерекшеленеді. Автордың лирикалық шығармаларын зерттеу арқылы, туындыларының идеялық-көркемдік ізденістері сан алуан, лирикалық сезім табиғаты әлде қайда күрделі, пәлсапалық дүниетаным өресі терең, ақындық шеберлігі мен қуаты ешкімге ұқсамайтын дара екендігіне көз жеткіземіз.
10. Аударыңыз. Жоспар құрып, сұхбатқа айналдырыңыз.
Шәкәрімнің анасы
«Алып та, ақын да, батыр да – анадан» – дейтін ғибрат сөздің растығы мейірім шапағатқа толы Зере әжелердің үлгісі дер болсақ, Ұлжан ана – салқын қанды, сабырлы ақыл иесі дейміз. Ал, Ділдә мен Дәмегөйлер – қайратты да қайырымды ауыл анасы, ақылгөй даналары еді. Әйгерім сынды келіндер сұлу мүсін, қоңыраулы әсем әуен-әні, жарасымды сәні, нәзік қылықты сипаттарымен ерекшеленетін екен. Төлебике болса, махаббатқа берік, төңірегіне нұршуағын молынан шашатын, имандылық киелі жолдағы бекзаттықтың белгісін паш еткен, ар мен намыс сақшысы бола білген жан еді. Төлебикенің жарына, балаларына : Омар, Нұртаза, Шаһмардан және кенже ұлы Шәкәрімге деген махаббаты өзгеше ыстық, оларды баулуға ынта, жігері мол болған.
Төлебике жастай сауатын ашып, арап пен түркіше жетік, қол өнер шеберлігін балаларына үйретуден жалықпаған.
Құнекең Құдайбердінің Төлебикеден алғашқы үйленген бірер жыл бала көтермеуіне алаңдап, келінімен ақыл қоса отырып, әйел үстіне екінші әйел алуын құп көрген екен. Баласының тоқалы Бұлқынайдан Әмір атты тұңғыш немересін көреді. Оны Төлебикенің бауырына салып, «құрсақ жібіту» рәсімін де ойлайды. Ата-ана тілегін алла қабыл алып, Төлебике де алтын асықтай төрт ұл әкеліп, сүйікті де, асыл келін атанады.
Төлебике Әнет, Қарабатырлардың нашар, жетім-жесірлеріне қамқорлық көрсеткен. Әсіресе, мал қора-жайларындағы қи оярда, соғым соярда олардың әйел-еркектерін шақырып, жұмысқа қосып, қайтарларында қап-қап ет, керек жарақтарын арқалатып, немесе кісі қосып, көлікпен жіберіп отырған. Бұған үйренген жұрт құр қол қайтпайтындарын біліп, бірдеңе дәметкен. Сол себепті де ел ішінде қосалқы есімі – Дәметкен.
11. Өлеңді мәнерлеп оқып, мағынасына қарай аударыңыз және жаттап алыңыз.
Адамдық борышың, -
Халқыңа еңбек қыл.
Ақ жолдан айнымай,
Ар сақта оны біл.
Талаптан да, білім мен өнер үйрен,
Білімсіз,
Өнерсіз,
Болады ақыл тұл.
Мақтанға салынба,
Мансаптың тағы үшін.
Нәпсіңе билетпе,
Басыңның бағы үшін.
Өміріңді сарп қып өлгеніңше,
Жоба тап,
Жол көрсет,
Келешек қамы үшін.
Қайтадан қайырылып,
Қауымға келмейсің,
Барыңды,
Нәріңді тірлікте бергейсің.
Ғибрат алар артыңа із қалдырсаң,
Шын бақыт, -
Осыны ұқ, Мәңгілік өлмейсің! (Ш.Құдайбердіұлы)
Сөздік
Ақ жолдан айнымай – идти по правильному пути
Болады ақыл тұл – ум будет не нужен (тұл-отрицание)
Нәріңді тірлікте бергейсің – отдать все способности жизни
Нәпсіңе билетпе – не дать властвовать страсти
Қауымға келмейсің – не возвращаешься в общество
Ғибрат алар – дать пример
6. Әдебиет:
-
Оразымбетова Ғ.Д., Сәлім Е.Қ. Қазақ тілі 2013 ж.
-
Оразахынова Н.А.
Қазақ тілі ( Сөзжасам. Морфология) : учебное пособие / Н. А. Оразахынова, Ж. Т. Исаева, Г. С. Сүлеева. - Алматы : АРЫС, 2014. - 176 с. : ил
-
Бектурова А.Ш.
Казахский язык для всех : учебное пособие / А. Ш. Бектурова, Ш. К. Бектуров. - Алматы : Атамұра, 2014. - 718 с.
-
Бектұров Ш.
Қазақ тілі для начин.: учебник / Ш. Бектұров, А. Бектұрова. - Алматы : Рауан, 2014. - 397 б.
-
Доскеева Б.Ж.
Қазақ тілі: жоғары оқу орындарының 1 курсына арналған : учебник / Б. Ж. Доскеева. - Алматы : Ана тілі, 2010. - 191 с.
-
Рысбаева Г.К.
Қазақ тілі: Грамматикалық анықтағыш = Казахский язык. Грамматический справочник / Г. К. Рысбаева. - Алматы : Сөздік-Словарь, 2010. - 192 б.
-
Сыздық, Рәбиға.
Қазақ тілінің анықтағышы : определитель / Р. Сыздық. - Астана : Елорда, 2010. - 527 б.
-
Хасанова С.
Контрольно-тренировочные упражнения по морфологии современного казахского языка : учебник / Хасанова С. - 1-е изд. - Алматы : Ана тілі, 2011. - 135 с. : ил
-
Әуелбеков Ш.
Қазақша сөйлеу үлгілері:Казахский разгов.язык / Ш. Әуелбеков. - Алматы, 2009. - 238 с
Достарыңызбен бөлісу: |