Оқыңыз, аударыңыз,мазмұндаңыз.
Бүгінде білім беру үдерісіне мүмкіндігінше кеңірек қарауға болады. Әр адамды қазіргі заманғы әлемде іс істеуге, білім ала білуге, өмір сүре алуға, бірлесіп өмір сүре білуге үйрету қажет. Бұл ЮНЕСКО қалыптастырған «білім берудің төрт тағаны».
Ұзақ жылдар бойы біздегі білім берудегі басты проблема ақпараттарға қол жеткізу болды. Бүгінгі жағдай басқаша. Қазіргі кезең – «ақпарат ғасыры». Болжам бойынша 2010 жылы ақпарат көлемі алты есеге ұлғаймақ. Ақпараттың мұндай көлемінде жоғалып кетуге де болады.
Сондықтан қазіргі заманғы білім берудің перспективалық міндеті – ол сындарлы ойлай білетін және ақпараттар ағынында бағдар ала білуге қабілетті адамдарды даярлау.
Бізде дарынды өте балалар көп. Олардың таланттарын ашу үшін интеллектуалдық мектептер ашылып жатыр. Бұл мектептерде нақты және жаратылыстану ғылымдары оқытылып, оқушылардың сындарлы және креативті ойлау қабілетін дамыту көзделіп отыр. Олар Қазақстанның интеллектуалды элитасын тәрбиелеудің іргетасы болулары тиіс.
Астана қаласында әлемдік деңгейдегі Халықаралық университет ашылмақшы. Онда инженерлік және техникалық кадрларды, генетика, биохимия, физика мамандарын дайындайтын болады. Және де заманауи зертханалар, Ұлттық биотехникалық орталық т.б. жұмыс істейтін болады
(Н.Ә. Назарбаевтың әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің 75 жылдығында оқыған «Қазақстан дағдарыстан кейінгі дүниеде: болашаққа интеллектуалдық секіріс» лекциясы бойынша (Алматы, 13 қазан 2009 жыл) ықшамдалып алынды).
3. Сөз тіркестерін біріктіріңіз.
1. білім беру
|
1. әлемде
|
2. қазіргі заманғы
|
2. үдерісі
|
3. білім ала
|
3. қабілетті
|
4. білім берудегі
|
4. білуге
|
5. интеллектуалды элитаны
|
5. ойлау қабілеті
|
6. бағдар ала білуге
|
6. басты проблема
|
7. сындарлы және креативті
|
7. тәрбиелеудің іргетасы
|
4. Сөйлемдерді мәтін бойынша аяқтаңыз.
-
Бүгінде білім беру үдерісіне мүмкіндігінше ... .
-
Әр адамды қазіргі заманғы әлемде іс істеуге, білім ала білуге, өмір сүре алуға, ...
-
Бұл ЮНЕСКО қалыптастырған ...
-
Ұзақ жылдар бойы біздегі білім берудегі басты проблема ...
-
Ақпараттың мұндай көлемінде ...
5. Сұхбатпен танысып, эссе жазыңыз.
-
Айдана, сен елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың лекциясын тыңдадың ба?
-
Қай лекциясы, Әсем, Гумилев атындағы Еуразиялық университетіндегі ме, жоқ әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дағы ма?
-
Әрине, соңғы лекциясы. Қалай аталушы еді?
-
«Қазақстан дағдарыстан кейінгі дүниеде: болашаққа интеллектуалдық секіріс» деп аталады. Мен сол лекцияда болдым.
-
Қандай бақыттысың! Мен теледидардан көрдім. Бес бөлімнен тұратынын білемін. Жалпы әлемдік дағдарыстың себептеріне кеңірек тоқталған жоқ па?
-
Дұрыс айтасың. Сонымен қатар еліміздегі дағдарысқа қарсы шаралар да айтылды.
-
Маған «Интеллектуалдық ұлт» жобасы ұнады. Егер осы жоба шын мәнінде іске асса, Қазақстан әлемді мойындатады.
-
Әрине, Әсем! Біздің алар биігіміз әлі алда!
6. Күрделі сөйлемдермен ғылым мен техника, ғылым-инновациялық экономиканың негізі, әлем картасындағы ғылыми технологиялар туралы газет бетінен ақпараттарды жинастырып, әңгімелеңіз.
6. Әдебиет:
-
Оразымбетова Ғ.Д., Сәлім Е.Қ. Қазақ тілі 2013 ж.
-
Оразахынова Н.А.
Қазақ тілі ( Сөзжасам. Морфология) : учебное пособие / Н. А. Оразахынова, Ж. Т. Исаева, Г. С. Сүлеева. - Алматы : АРЫС, 2014. - 176 с. : ил
-
Бектурова А.Ш.
Казахский язык для всех : учебное пособие / А. Ш. Бектурова, Ш. К. Бектуров. - Алматы : Атамұра, 2014. - 718 с.
-
Бектұров Ш.
Қазақ тілі для начин.: учебник / Ш. Бектұров, А. Бектұрова. - Алматы : Рауан, 2014. - 397 б.
-
Доскеева Б.Ж.
Қазақ тілі: жоғары оқу орындарының 1 курсына арналған : учебник / Б. Ж. Доскеева. - Алматы : Ана тілі, 2010. - 191 с.
-
Рысбаева Г.К.
Қазақ тілі: Грамматикалық анықтағыш = Казахский язык. Грамматический справочник / Г. К. Рысбаева. - Алматы : Сөздік-Словарь, 2010. - 192 б.
-
Сыздық, Рәбиға.
Қазақ тілінің анықтағышы : определитель / Р. Сыздық. - Астана : Елорда, 2010. - 527 б.
-
Хасанова С.
Контрольно-тренировочные упражнения по морфологии современного казахского языка : учебник / Хасанова С. - 1-е изд. - Алматы : Ана тілі, 2011. - 135 с. : ил
-
Әуелбеков Ш.
Қазақша сөйлеу үлгілері:Казахский разгов.язык / Ш. Әуелбеков. - Алматы, 2009. - 238 с
7. Бақылау:
1. Кредиттік технологияның басқа жүйелерден артықшылығы неде?
2. Кредиттік оқу жүйесінің басқа елдерде қолданылу ерекшелігі неде?
3.Студенттің білімі қандай бірліктермен өлшенеді?
4. Қазіргі оқу жүйесі сізді толық қанағаттандыра ма?
5. Н.Ә. Назарбаев білім жүйесіне қатысты дәрісті қай жерде оқыды?
6. Ұзақ жылдан бері біздегі білім берудегі басты проблема не еді?
7. Интеллектуалдық мектептер қандай балаларға арналған?
8. Әлемдік деңгейдегі Халықаралық университет қай қалада ашылмақшы?
1. Тақырып №20, аталуы: Ұлттық медицина ғылымының дамуы. Лебіздегі сөйлем құрлымы мен
олардың өзіндік ерекшеліктері.
2.Сабақтың мақсаты: – -мәтінде кездесетін жаңа сөздердің мағнасын түсіндіру;
-түрлі жаттығу жұмыстары арқылы қазақша сөйлеуге дағдыландыру;
-өз бетінше сөйлем құрастыруға машықтандыру;
- өз ойларын қазақ тілінде еркін жеткізе білуге дағдыландыру.
-жаңа сөздер арқылы сөздік қорын байыту
3. Оқытудың міндеттері:
-ұлттық медицинаның даму тарихын
-студенттер арасында ашық, еркін, шығармашылық қатынас орнату;
-практикалық жолмен дұрыс сөйлеуге, сауатты жазуға дағдыландыру.
-берілген сұрақтарға сөздік қорды пайдаланып дұрыс жауап беру;
-тақырып бойынша өз ойын дұрыс жүйелі түрде айта алу;
-
Студент істей білуі керек:
- мәтінмен жұмыс істеу барысында мәтіннің мазмұнын өз сөзімен жеткізе білуі керек;
- естігені бойынша қабылдаған мәліметті қорытып, өз ойын айта білуі керек.
4. Тақырыптың негізгі сұрақтары:
1. Медицина ғылымының дамуы.
2. Ұлттық медицина ғылымының тарихы.
3. Лебіздегі сөйлем құрлымы.
4. Лебіздегі сөйлемның өзіндік ерекшеліктері.
5. Сабақ беру және оқыту әдістері: Оқылым, аударма, сұхбат, жағдаяттық тапсырма, шағын топпен жұмыс
1. Төмендегі мәтіннің орысша баламасын жазыңыздар. Өз ойларыңызбен
толықтырыңыздар.
Қазақстан Республикасының бірыңғай ұлттық денсаулық сақтау жүйесін құру тұжырымдамасы.
Осы Қазақстан Республикасының бірыңғай ұлттық денсаулық сақтау жүйесін құру тұжырымдамасы(бұдан әрі – Тұжырымдама)Мемлекет Басшысыныңтапсырмаларына сәйкес әзірленді(2008 жылғы мамыр, қазан).
Халықтың дамуы, нығаюы мен өсіп-өркендеуінің ұзақ жылдарға арналған бағыт-бағдары 1997 жылы Қазақстанның 2030 жылға дейінгі Даму стратегиясымен бекітілді. Қазақстан Республикасы Президентінің 2004 жылғы 19 наурыздағы «Бәсекеге қабілетті Қазақстан үшін, бәсекеге қабілетті экономика үшін, бәсекеге қабілетті халық үшін» атты Қазақстан халқына Жолдауын орындау мақсатында 2004 жылы Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау ісін реформалау мен дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы (бұдан әрі – Мемлекеттік бағдарлама) қабылданды. Іске асырылатын Мемлекеттік бағдарлама шеңберінде 2008 жылы денсаулық сақтау саласының ұзақ мерзімге арналған үлгісін қалыптастыру көзделді.
Тегін медициналық көмектің кепілді көлемінің (ТМККК) медициналық қызметтерін орталықтандырылған мемлекеттік төлеушіні денсаулық сақтау жүйесіне кезең-кезеңмен енгізу Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 23 желтоқсандағы № 1213 қаулысымен бекітілген Денсаулық сақтау министрлігінің 2009-2011 жылдарға арналған стратегиялық жоспарында қарастырылған болатын. Азаматтардың медициналық ұйым мен дәрігерді ерікті түрде таңдау, сондай-ақ сапалы және уақтылы медициналық көмек алуға құқығы «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының кодексінде айқындалған.
Тұжырымдаманы құру халықтың денсаулығын жақсартуға бағытталған денсаулық сақтау саласын жүйелі өзгерту қажеттілігінен туындады.
2. Мәтінді оқып, сұхбат құрастырыңыздар.
Осы тұжырымдаманы іске асыру Бірыңғай ұлттық денсаулық сақтау жүйесін құруға және ұлттық денсаулық сақтаудың беделін көтеруге мүмкіндік береді. Ұсынылып отырған шаралардың басты идеясы денсаулық сақтау қызметтерінің профилактикалық бағытын нақты басымдыққа көшіру болуы тиіс, жүйе пациентке және түпкі нәтижеге бағдарланған қызмет көрсету сапасына қауіпсіздік кепілдігі мен жаңа деңгейі арқылы денсаулық сақтау саласына сенімділікті арттыру, мемлекет ресурстарын тиімді пайдалануды арттыру, Өз денсаулығының мәдениетін қалыптастыру, кадрлардың жаңа нысанын және еңбек уәжділігін қалыптастыру.
Пациенттің дәрігерді және медициналық ұйымды еркін таңдауына жағдай жасау бәселекестіктің дамуына, медициналық қызмет көрсету үдерісінің айқындылығын көтеруге мүмкіндік береді. Денсаулық үшін ортақ жауапкершілікке негізделген жаңа қаржылық модельді енгізу медициналық қызметті ұсынушыларды, медицина қызметкерлерін нақты экономикалық ынталандыруға және осы саладағы сыбайлас жемқорлықтың азаюына әкеледі. Тегін медициналық көмектің кепілді көлемін көрсетуді қаржыландыру жүйесінде түпкілікті қайта құру медициналық қызметтің сапасын және оның деңгейін мемлекеттік стандарттарға дейін көтеруге мүмкіндік береді. Бұл ретте Қазақстан азаматтарының қолжетімді әрі сапалы медициналық көмек алу құқығын іске асыру мүмкін болады.
3.Жағдаяттық тапсырма.
Қазақстан Республикасының бірыңғай ұлттық денсаулық сақтау жүйесін құру туралы тұжырымдамаментанысып, топпен бірге қалайша талқылар едіңіздер.
4. Ұлттық медицина ғылымының дамуына адамның көңіл-күйін лебізін білдіретін сөйлемдер құрастырыңыз.
5.Ұлттық медицина ғылымының дамуына үлес қосқан ғалымдар туралы ақпараттармен кластер жасаңыз.
6. Әдебиет:
-
Оразымбетова Ғ.Д., Сәлім Е.Қ. Қазақ тілі 2013 ж.
-
Оразахынова Н.А.
Қазақ тілі ( Сөзжасам. Морфология) : учебное пособие / Н. А. Оразахынова, Ж. Т. Исаева, Г. С. Сүлеева. - Алматы : АРЫС, 2014. - 176 с. : ил
-
Бектурова А.Ш.
Казахский язык для всех : учебное пособие / А. Ш. Бектурова, Ш. К. Бектуров. - Алматы : Атамұра, 2014. - 718 с.
-
Бектұров Ш.
Қазақ тілі для начин.: учебник / Ш. Бектұров, А. Бектұрова. - Алматы : Рауан, 2014. - 397 б.
-
Доскеева Б.Ж.
Қазақ тілі: жоғары оқу орындарының 1 курсына арналған : учебник / Б. Ж. Доскеева. - Алматы : Ана тілі, 2010. - 191 с.
-
Рысбаева Г.К.
Қазақ тілі: Грамматикалық анықтағыш = Казахский язык. Грамматический справочник / Г. К. Рысбаева. - Алматы : Сөздік-Словарь, 2010. - 192 б.
-
Сыздық, Рәбиға.
Қазақ тілінің анықтағышы : определитель / Р. Сыздық. - Астана : Елорда, 2010. - 527 б.
-
Хасанова С.
Контрольно-тренировочные упражнения по морфологии современного казахского языка : учебник / Хасанова С. - 1-е изд. - Алматы : Ана тілі, 2011. - 135 с. : ил
-
Әуелбеков Ш.
Қазақша сөйлеу үлгілері:Казахский разгов.язык / Ш. Әуелбеков. - Алматы, 2009. - 238 с
7. Бақылау:
1.Ұлттық медицина ғылымы қай уақыттан бастап дамыды?
2. Медицина ғылымының дамуына үлес қосқан қандай қайраткер ғалымдарды білесіз?
3. Лебіздегі сөйлем құрлымы дегеніміз не?
4. Қаратпа, қыстырма сөздердің өзіндік ерекшеліктері.
5. Одағай сөздер
1. Тақырып №21, аталыу: Медицина салалары. Емдеу және сауықтыру орындары, қызметі. Сөйлем құрлымындағы ой мен олардың айтушы мен тыңдаушы арасындағы қатынастар түсініктілігі.
2. Сабақтың мақсаты: Әлем медицинасы туралы мағлұмат беру; шығыс медицинасы туралы мәтінінің мазмұнын жүйелі баяндауға үйрету; мәтінді пайдалана отырып, әңгіме-сұхбат құрғызу; түрлі жаттығу жұмыстары арқылы қазақша сөйлеуге дағдыландыру;
3. Оқытудың міндеттері: ойын жеткізе алуы;
Студент білу керек:
-медицина салаларын;
-Қазастандағы емдеу, сауықтыру мекемелерін;
- берілген сұрақтарға сөздік қорды пайдаланып дұрыс жауап беру;
- тақырып бойынша өз ойын дұрыс жүйелі түрде айта алу;
Студент істей білуі керек:
- мәтінмен жұмыс істеу барысында мәтіннің мазмұнын өз сөзімен жеткізе білуі керек;
- естігені бойынша қабылдаған мәліметті қорытып, өз ойын айта білуі керек.
4. Тақырыптың негізгі сұрақтары:
1.Медицина салалары
2. Емдеу және сауықтыру орындарының түрлері және көрсететін қызметі.
3. Сөйлем құрлымындағы ой мен олардың айтушы мен тыңдаушы арасындағы қатынастар.
5. Оқу және оқытудың әдістері. Сөздікпен жұмыс, аударма, тілдамыту, сұрақ- жауап, түсіндіру,
сұхбаттасу.
1.«Емдеу сақтандыру мекемелерінің түрлері» мәтіні бойынша берілген сөздер мен сөз тіркестерін есіңізге сақтаңыз.
әлеуметтік – социальный
жиынтық – совокупность
құқық – право
жүйелі бақылау – системный
контроль
емдеу – лечение
тексеру – обследование
күрделі – сложный
көп салалы – многопрофильный
мамандырылған– специализированный
әскери – военный
мүгедек – инвалид
ғылыми зерттеу – научное
исследование
қабылдау бөлімі- приемная
мекеме – учреждение
емдік балшық – грязевое лечение
денсаулық сақтау –
здравоохранение
|
жедел медициналық көмек –
скорая медицинская помощь
бөлімшелер – отделения
қабылдау – принимать
емдеу диагностикалық – лечебная
диагностика
емшаралық – процедурный
таңу бөлмелері – перевязочные
комнаты
тұрғын – житель
ерекшелік – особенность
әкімшілік шаруашылық –
административно-хозяйственный
амбулаторлық көмек –
амбулаторная помощь
міндет – обязанность
емдеу бөлімшелері – лечебные отделение
әл-ауқат – состояние
|
2. «Емдеу сақтандыру мекемелерінің түрлері» мәтіні бойынша кездесетін сөздер мен сөз тіркестерін оқытушының көмегімен орыс тіліне аударыңыз.
Адам денсаулығы, әл-ауқаттың жиынтығы, әйелдерге кеңес беру, жедел жәрдем станциясы, мугедек адамдар, орта медициналық қызметкерлер, бөлімшенің түрі, емшаралық, таңу бөлмелері, бекітілген, әскери, жетістіктер.
3. Мәтінді оқып, орыс тіліне аударыңыз.
Емдеу - сақтандыру мекемелерінің түрлері
Қоғамның басты байлығы – адам. Адамның басты байлығы - оның денсаулығы. Адам денсаулығы – бұл психикалық, физикалық және әлеуметтік әл-ауқаттың жиынтығы. Қазақстан Республикасы азаматтарының денсаулық сақтау құқығы Конституциямен бекітілген.
Емдеу-сақтандыру мекемелерінде амбулаторлық көмек көрсетіледі. Оларға амбулатория немесе фельдшер-акушерлік пункт (ауылдық жерде), дәрігерлік пункт (здравпункт), емхана, диспансерлер, медициналық көмек көрсететін мамандандырылған кеңестік-диагностикалық орталық, әйелдерге кеңес беру (консультациясы), жедел жәрдем станциясы жатады.
Стационарлық медициналық көмек жүйелі бақылауды, емдеу мен тексерудің күрделі түрлерін қажет ететін науқастарға көрсетіледі.
Стационардың түрлері:
1.Аурухана медицина ғылымы мен техниканың соңғы жетістіктерінің негізінде тұрғындарға жоғары медициналық көмек көрсетеді. Аурухана көп салалы (әртүрлі ауруларды емдеу үшін) және мамандандырылған (инфекциялық, психиатриялық және т.б.) болуы мүмкін; облыстық және республикалық ауруханалар ауыл тұрғындарын жоғары сапалы медициналық көмекпен қамтамасыз етеді.
2. Госпиталь – әскери немесе мүгедек адамдарды емдейтін аурухана.
3. Клиника – науқастарды емдеумен қатар студенттерді, дәрігерлер мен орта медициналық қызметкерлерді оқыту ісі және ғылыми зерттеу жұмыстары жүргізілетін ауруханалық мекеме.
4. Шипажай – науқастардың емін жалғастыратын стационарлық мекеме. Оларды минералдық сулары, емдік балшықтары бар жайлы климатты жерлерге салады.
Ауруханалық мекемелер науқастарды стационар жағдайында емдеуге арналған. Белгілі бір аурумен (мысалы, туберкулезбен) сырқаттанатын науқастарды емдеуге арналған бір салалы (мамандандырылған) және құрамына әр түрлі (мысалы, терапевтік, хирургиялық, неврологиялық, эндокринологиялық және т.б.) бөлімшелер кіретін көп салалы ауруханалар болады.
Аурухананың құрамына қабылдау, емдеу-диагностикалық, емдеу бөлімшелері, дәріхана және т.б. кіреді. Мейірбикенің қызметтік міндеттері ең алдымен бөлімшенің түріне және оның бөлімшедегі жұмысының ерекшелігіне байланысты. Қабылдау бөлімі, әкімшілік-шаруашылық бөлімі және емдеу бөлімшелері аурухананың негізгі құрамдас бөліктері болып табылады.
Емдеу бөлімшелеріне диагностикалық (нақтама) және емдеу бөлмелері, ота жасайтын (операциялық), емшаралық, таңу бөлмелері және мамандандырылған бөлімшелер, науқастар жататын бөлмелер кіреді.
4. Мәтін бойынша сұрақтарға жауап беріңіз.
1. Емдеу-сақтандыру мекемелерінің түрлерің атаңыз.
2. Аурухана қандай көмек көрсетеді?
3.Госпиталь дегеніміз не?
4.Клиника қандай мекеме?
5.Шипажай дегеніміз не?
6. Ауруханалардың қандай түрлері болады?
7. Емдеу бөлімшелеріне қандай бөлмелер кіреді?
8.Адамның басты байлығы дегенді қалай түсінесіз?
5.Тақырыпқа қатысты нақыл сөзді түсіндіріңіз.
Көңіліңді, бойыңды мөлдір бұлақтай таза ұста.
Ы.Алтынсарин.
6. Қазақ тіліне аударыңыз.
Поликлиника. Этим словом (от греческого «поли» - много) называют лечебно-профилактическое учреждение, предназначенное для окзания специализированной медицинской помощи приходящим больным и для лечения на дому. От амбулатории поликлиника отличается объемом деятельности и приемом по всем врачебным специальностям.
Клиника. Этот термин происходит от греческого слова «клине» - кровать или «клинике» - лечение, уход за лежачим больным. Теперь словом «клиника» обычно называют больницу, в которой не только лечат, но и обучают студентов-медиков и молодых врачей. Словами «клиническая картина» болезни обозначают внешние проявления того или иного заболевания.
Амбулатория.Так называют (от латинского слова «амбуло» - гуляю) лечебное учреждение, оказывающее медицинскую помощь по основным врачебным специльностям приходящим больным, а так же на дому.
Аптека. Есть много слов с таким же окончанием: библиотека, картотека, фильмотека. Все это значит: хранилище того-то –и происходит от греческого -слова «тэке» - «ящик», «хранилище». «Аптека» по-гречески значило просто «склад». В европейские языки слово перешло со значением: «склад лекарств».
6. Әдебиет:
-
Оразымбетова Ғ.Д., Сәлім Е.Қ. Қазақ тілі 2013 ж.
-
Оразахынова Н.А.
Қазақ тілі ( Сөзжасам. Морфология) : учебное пособие / Н. А. Оразахынова, Ж. Т. Исаева, Г. С. Сүлеева. - Алматы : АРЫС, 2014. - 176 с. : ил
-
Бектурова А.Ш.
Казахский язык для всех : учебное пособие / А. Ш. Бектурова, Ш. К. Бектуров. - Алматы : Атамұра, 2014. - 718 с.
-
Бектұров Ш.
Қазақ тілі для начин.: учебник / Ш. Бектұров, А. Бектұрова. - Алматы : Рауан, 2014. - 397 б.
-
Доскеева Б.Ж.
Қазақ тілі: жоғары оқу орындарының 1 курсына арналған : учебник / Б. Ж. Доскеева. - Алматы : Ана тілі, 2010. - 191 с.
-
Рысбаева Г.К.
Қазақ тілі: Грамматикалық анықтағыш = Казахский язык. Грамматический справочник / Г. К. Рысбаева. - Алматы : Сөздік-Словарь, 2010. - 192 б.
-
Сыздық, Рәбиға.
Қазақ тілінің анықтағышы : определитель / Р. Сыздық. - Астана : Елорда, 2010. - 527 б.
-
Хасанова С.
Контрольно-тренировочные упражнения по морфологии современного казахского языка : учебник / Хасанова С. - 1-е изд. - Алматы : Ана тілі, 2011. - 135 с. : ил
-
Әуелбеков Ш.
Қазақша сөйлеу үлгілері:Казахский разгов.язык / Ш. Әуелбеков. - Алматы, 2009. - 238 с
7. Бақылау:
1. Емдеу-сақтандыру мекемелерінің түрлерің атаңыз.
2. Аурухана қандай көмек көрсетеді?
3.Госпиталь дегеніміз не?
4.Клиника қандай мекеме?
5.Шипажай дегеніміз не?
6. Ауруханалардың қандай түрлері болады?
1.Тақырып №22, аталуы: Әлемдік медицина жетістіктері.Фармакология.
Фармацевтика. Оптика. Сөз тіркесі арқылы сөйлем құраудың прагматикалық сипаты.
2.Сабақтың мақсаты: Әлем медицинасы, фармакология туралы мағлұмат беру; шығыс медицинасы туралы мәтінінің мазмұнын жүйелі баяндауға үйрету; мәтінді пайдалана отырып, әңгіме-сұхбат құрғызу; түрлі жаттығу жұмыстары арқылы қазақша сөйлеуге дағдыландыру;
3. Оқытудың міндеттері: ойын жеткізе алуы;
А) берілген сұрақтарға сөздік қорды пайдаланып дұрыс жауап беру;
Ә) тақырып бойынша өз ойын дұрыс жүйелі түрде айта алу;
-
Студент істей білуі керек:
А) мәтінмен жұмыс істеу барысында мәтіннің мазмұнын өз сөзімен жеткізе білуі керек;
Ә) естігені бойынша қабылдаған мәліметті қорытып, өз ойын айта білуі керек.
4. Тақырыптың негізгі сұрақтары:
1. Әлемдік медицина жетістіктері.
2. Шығыс медицинасы.
3. Инемен емдеу әдісінің ерекшелігі.
4. Нүктелі уқалау.
5.Фармакология.
6.Фармацевтика.
7.Оптика.
8.Сөз тіркесі арқылы сөйлем құраудың прагматикалық сипаты.
5. Оқу және оқытудың әдістері. Сөздік жұмысы, оқылым, тілдамыту, аударма,жазылым, аударма, жағдаяттық тапсырма.
1.Төмендегі сөздердің мағынасын түсіндіру немесе синонимдік қатарын көрсету.
Дерек, құндылық, ғұлама,өшпес із, мәлімет, сыр, шоқ, бармақ, қалпына келтіру, жасуша.
2.Төмендегі сөздердің аудармасымен танысу.
деректер-сведения
құндылық-ценность
өшпес із-незабываемый след
мәселелеріне арналған-посвященный
проблемам
нүкте-точка
сыр-тайна,секрет
шоқ-горящий уголь
қалпына келтіру-восстановить
жасуша- клетка
Достарыңызбен бөлісу: |