Үй тапсырмасын сұрау
Қызығушылықты ояту
|
«Иә», «Жоқ» стратегиясы. Графикалық диктант.
1.Аңыз –ауыз әдебиетінің бір саласы бола ала ма? +
2. Аңыздағы оқиғаның шешілуі адамды жақсылыққа жетелейді деуге бола ма?. +
3.Жиренше мен Қарашаш өмірде болған жоқ деуге бола ма? -
4. Аңыз әңгімелердің кейіпкерлері тарихи тұлғалар деуге бола ма?
|
+ 5.Аңыздағы кейіпкерлердің сөзі де, ісі де тапқыр бола ма? + (оқушылар жауаптарының ұтымдылығын, ерекшелігін атап өту)
|
Мағынаны тану
|
Ой шақыру.
*Аңыз әңгімелер дегеніміз не?
*Қандай аңыздарды білесіздер?
*Асан қайғы деген кім?
*«Жерұйық» дегеніміз не?
*Жошы ханға баласының өлгенін естірткен күйдің жырын кім айтады?
*Жиренше төрде отырып, қызға қарап басын сипайды. Бұл не дегені?
*Қыз астындағы тақыр тулақты сипайды. Ол не дегені?
*Жиреншеге мінездеме беріңдер.
(1. Әрқашан әділдікті, шындықты айтады;
2. Кісімен ақылдасуды ұмытпайды;
3. Сөзді тауып айтады;
4. Хан екен деп жағымпазданбайды, өзін еркін ұстап, ханмен тең дәрежеде сөйлеседі).
Дәптермен жұмыс.
(тақтамен жұмыс, оқушылар өздері тақтаға жазады)
Аңыз әңгімелердің ерекшеліктерін атаңыздар
|
Ой толғаныс
|
Ауыз әдебиетінің бір алуан саласы – аңыз. Аңыз белгілі бір адамның атына,іс-әрекетіне байланысты туады.
Кейде аңыз әңгімеде шындық оқиға мен қиял-ғажайып оқиға аралас келіп отырады. Аңыз әңгіме көбінесе тарихта болған адамның басына құрылады. Ол адам не батыр,не ел басшысы немесе әділ би,ақыл-парасатымен ел құрметіне бөленген беделді адам болуы мүмкін. Бірақ ол адамдардың айтқан сөздері мен істеген іс-әрекеттеріне байланысты айтылған әуелгі шындыққа қоспалар қосылып,сол істепті –міс. Сол айтыпты-мыс дегенәртүрлі лақап біртіндеп аңызға айналады.Оны әңгіме,жыр етіп, біреуден-біреу жаттап алып, кейінгі ұрпаққа жеткізіп отырған.
Қазақ аңыздарындағы Асан қайғы, Жиренше, Қорқыт, Жошы хан сияқты кейіпкерлер-бәрі де тарихта болған,ел басқарған адамдар,бірақ кейін олардың әрекеттері,сөздері біреуден біреуге ауызша айтыла-айтыла аңыз болып кеткен. Бұлармен бірге Қожанасыр, Алдаркөсе сияқты қарапайым, жай адамдар туралы да аңыздар көп.
|