Сабақтың атауы Мақсаты Әдебиет пәнінің мақсат-міндеттері мен мазмұны Жаңа сабақты түсіндіру Көрнекілігі



бет10/21
Дата02.01.2022
өлшемі292.99 Kb.
#454330
түріСабақ
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   21
9-қазақ әдебиеті қмж

Шығармашылық жұмыс: «Қоштасу», « Естірту», «Жоқтау», туралы түсініктерін айтады.

Көңіл-күйді білдіретін жырларға қандай жырлар жатады?

Қоштасуды қандай жағдайда айтады?

Естірту мен көңіл айтудың айырмашылығы қандай?



Ой толғаныс

Әр топқа тапсырмалар таратылады.Ойлануға 2 минут уақыт беріледі.
Тапсырмалар:

№1Жаңылтпашты қалай түсінесің?


№2 Жұмбақты қалай түсінесің?
№3 Нақыл сөзді қалай түсінесің?
№4 Мақал дегеніміз не?
№5 Мәтелді қалай түсінесің?
Ойын: «Орамал тастамақ»
«Халық айтса,қалт айтпайды» атты бөлімде топ басшылары келіп тапсырмалар алады.Орындауға 2 минут,түсіндіруге 2 минут уақыт беріледі.
А) Мақал-мәтелдердің мағынасын ашып түсіндіру.
№1 Оқу –білім азығы,
Білім-ырыс қазығы.
№2 Білімдіге дүние жарық,
Білімсіздің күні кәріп.
№3 Жер-ырыстың кіндігі,
Білім-ырыстың тізгіні.
№4 Өнер-ағып жатқан бұлақ,
Білім-жанып тұрған шырақ.
№5 Наданмен дос болғанша ,
Кітаппен дос бол.

«Кім жылдам?» Оқылған жаңылтпашты топ басшылары жаңылмай,қайта айтып берулері керек.


№1 Бала бал арасын қуалады
Бал арасы баланы қуалады
№2 Ықылас пен Ыбырай 
Ыдыстарын тасымай,
Ырыскүлден үлгі алмай,
Ынтасыз жүр тілді алмай.
№3 Ескекті есекші еседі,
Ескекші ескекті еседі.
№4 Гүлім гүлге қарап күлімдеді, 
Көгілдір гүлге қонған аралар гуілдеді.
№5 Әбдіреде әбігер әтеш отыр,
Әбігер әтеш отырған әбдірені 
Әжем қолмен ашып отыр.

Бағалау

Бағалау парақшаларымен жұмыс

Үйге тапсырма

Көңіл-күйді білдіретін өлең-жырларды оқып келу.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   21




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет