Сабақтың барысы: І. Үйымдастыру


Табиғатты қорғау дегеніміз –



бет2/6
Дата18.05.2022
өлшемі39.49 Kb.
#456906
түріСабақ
1   2   3   4   5   6
0001a492-391fdf5e

Табиғатты қорғау дегеніміз – тек қана өсімдік пен жануарларды ғана емес, топырақты, суды, атмосфераны, жылпы табиғи кешенді сақтап қорғап қалу. Оны тиімді жүргізу үшін ғаламшарымыздағы барлық елдер біріге отырып жұмыс жасауы қажет. Қазіргі кезде көптеген өнеркәсіп орындары пайдаланған суды арнайы сүзгіден өткізіп, тазалап қайтадан іске қосуда. Осындай жолмен ресурс қорын сақтап қалуға болады.
Ұлттық тұрғыда қорғау дегеніміз – сол елдің заңдарына сәйкес іс-шаралар жүргізіледі. Халықаралық тұрғыдан қорғауға алынған объектілер – барлық елдерге тән. Мысалға Дунай өзені 9 мемлекетті кесіп өтеді, Балтық пен Каспий теңіздерінің жағалауы бірнеше мемлекетке тиесілі. Бұндай объектілер Халықаралық келісімшарттар (Конвенция және т.б.) арқылы қорғалады.
Атмостфера да ғаламшарымызға ортақ объект. Оены қорғау барлық мемлекеттердің және адамдардың ортақ міндеті. Халықаралық бірлестіктің негізгі жұмыстарының бірі – озон қабатын қорғау. Үлкен жетістіктеріміздің бірі – ядролық қару-жарақты сынауға тыйым салынды. Жалпы адамзат жыл өткен сайын атмосфераны қорғауға көп көңіл бөлуде. Болашақта таза ауаны, суды, құнарлы топырақты қалпына келтіруге болады, егер зауыттар мен фабрикаларда түтінді ұстап қалатын сүзгі, тазалағыш қондырғылар орнатып экологиялық таза отын түрлерін пайдалансақ. Алдағы күндері дәстүрлі пайдаланып жүрген отын түрлерінің орнына экологиялық таза сарқылмайтын отын – сутегін пайдаланатын боламыз. Топырақтың құнарлылыған көтеру және оны қалпына келтіру үшін: органикалық және тиісті мөлшерде минералды тыңайтқыштар беру керек.
Жылу электр станцияларындағы, зауыттағы және фабрикадағы түтін шығатын мұржаларға арнайы сүзгі қондырғылар орнатсақ, күл-қоқыстарды өңдейтін зауыттар салып, ормен өрттерін болдырмайтын болсақ – қышқыл жаңбырлардан құтылуға әбден болар еді.
Адам өзен суларын, ауаны әр түрлі қоспалардан сақтаудың көптеген жолдарын ойлап тапты. Солардың бірі – тірі организмдерді пайдалану. Лас суларды ағызатын арнайы арықтарда микроорганизмді өсіруге болады. Микроорганизмдер судың құрамындағы көптеген зиянды заттарды тұтып қалады, оларды ерімейтін минералдарға айналдырады.
Өсімдіктерді және жануарларды қорғау және тиімді пайладану керек. Әсіресе олардың өніп-өсетін аудандарын қорғау мақсатында қорықтар, Ұлтттық парктер, қорықшалар санын молайту. Сонымен бірге табиғаттың ерекше объектілері де мемлекеттік қорғауға алынған. Табиғатты тиімді және ұқыпты пайдалану адамзаттың болашағы. Табиғатты қорғау заңдары Дүние жүзінің барлық елдерінде бар. Бірақ табиғатта мемлекеттік шекара жоқ, сондықтан да Дүниежүзінің экологиялық заңға барлық елдер бірауыздан бағынады.
Қоршаған ортаны қорғау үшін дүние жүзінде көптеген табиғатты қорғау ұйымдары бар. Олардың жалпы атауы «ГРИНПИС» (GREEN PEACE) – жасылдар әлемі немесе жасылдар қозғалысы. Дүние жүзінің барлық елдерінде жұмыс істейді. Олардың арасында мықты саяси партиялар да бар (мысалға Германияға) және кішігірім тышқандар мен тарақандарды қорғау, секвойя ормандарын қорғау, құрбақа мен көлбақаны қорғау сияқты әр түрлі деңгейдегі қоғамдық ұйымдар бар.
Қорытынды.
1. Табиғатты қорғау дегеніміз не?
2. Табиғатты қорғау не үшін қажет?
3. Өздерің тұратын жерлеріңде табиғатты қорғауға арналған қандай іс-шаралар жүргізілуде?
Үйге тапсырма.
ҚР Заңын шолып оқу. Эссе жазу.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет