«Экология – жер тағдыры» интеллектуалды ойын.
1 - топ «Ғажайып»
2 - топ«Атамекен»
Сайыс кезеңдері:
І. Сұрақ менен, жауап сізден
ІІ. Атадан қалған асыл сөз.
ІІІ. Тапқыр болсаң шешіп көр.....
IV. Сиқырлы сандар.
V. Сергіту сәті. Күй жұмбақ.
VI. Дебат үлгісімен.....
VII. Суреттер сөйлейді....
І. Сұрақ менен, жауап сізден.
Әр топ 12 сұрақтан беріледі.
«Ғажайып» тобының сұрақтары
1. «Экология» сөзінің қазақша мағынасы қандай?
2. Қазақстанда қанша қорық бар?
3. Мұнай өнімдерімен ластанған мұхит.
4. Семей полигонындағы алғашқы жарылыс қай жылы жасалды?
5. Тірі ағзаға әсер ететін қоршаған орта элементтері.
6. Фотосинтез процесінің нәтижесінде нелер түзіледі?
7. Халықаралық қызыл кітаптың І бөлімі қай жылы шықты?
8. Жер шарында атом қаруы қанша рет сыналды?
9. Жылу эффектісін туғызатын фактор қалай аталады?
10. Арал теңізінің экологиялық проблемалары басталған жыл.
11. «Невада - Семей» халықаралық қозғалысының көшбасшысы.
12. Арал теңізінде орналасқан қорық.
«Атамекен» тобының сұрақтары
1. Экология ғылымы нені зерттейді?
2. Оңтүстік Қазақстанда орналасқан қорықтарды атаңдар.
3. Қазақстанда мұнаймен ластанған су алабы.
4. Семей ядролық полигонының жабылуы туралы жарлыққа Қазақстан Республикасының президенті қашан қол қойды?
5. Ғаламдық климаттың жылынуынан туындайтын проблемалар.
6. Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексі қай жылы қабылданды?
7. Парниктік газдарды атмосфераға шығаруды қысқарту туралы Киото протоколы қабылданған жыл.
8. Су экожүйесіндегі автотрофты организмдер.
9. Арал теңізіне құятын өзендер.
10. Балқаш көлінде ластанудың басым түрі.
11. Қазақстан Республикасында қоршаған ортаны қорғау жөнінде құрылған халықаралық ұйым.
12. Қазақстандағы ұлттық саябақтар саны.
ІІ. Атадан қалған асыл сөз.
1. Жауынмен жер көгерер
........................ (батамен ел көгерер)
2. Жел дауылды шақырады
................................... (бұлт жауынды шақырады)
3. Тау мен тасты су бұзар
...................................... (ел арасын қу бұзар)
4. Таулы жер бұлақсыз болмас,
.................................. (сулы жер құрақсыз болмас)
5. Қаз келсе жаз келер
............................... (қарға келсе қатқақ келер)
6. Ағын суда.................... (арамдық жоқ)
7. Құсы жоқ болса көл жетім
....................................... (елі жоқ болса жер жетім)
8. Жердің сәні егін........................ (ердің сәні білім)
9. Шөбі жоқ деп жерден түңілме
................................... (малы жоқ деп ерден түңілме)
10. Сусыз жерде қамыс жоқ
...............................(азған елде намыс жоқ)
ІІІ. Тапқыр болсаң шешіп көр.
«Елді мекендер мен бөлмелерді көгалдандыру» тақырыбындағы биологиялық есептерді математикалық жолмен шешу.
І топ.
1 - есеп. Қалада 150 мың адам тұрады. Биіктігі орташа 1 ағаш 3 адамды оттегімен қамтамасыз етеді. Ағаштың қоректену ауданы 12 шаршы метр. Қала халқын толық оттегімен қамтамасыз ету үшін қанша ағаш отырғызылуы керек және ол ағаштар қандай ауданға егілмек?
Жауабы: 150000: 3=50000 ағаш
50000×12=600000м2=60га
2 - есеп. Жүз пәтерлік үйде орта есеппен 400 адам тұрады. Биіктігі орташа 1 ағаш 3 адамды оттегімен қамтамасыз етеді. Осы үйдегі барлық тұрғындарды қамтамасыз ету үшін қанша ағаш егілуі қажет.
Жауабы: 400: 3=133, 3 немесе 133 ағаш
ІІ топ
1 - есеп. Әрбір ұяның ауданы (35×20) см2 болған кезде, 1 га жерге қанша өсімдік отырғызуға болады.
Жауабы: 35×20=700см2=0, 07 м2
10000: 0, 07=142857 түп ағаш
2 - есеп. Көп пәтерлік үйде 201 адам тұрады. 3 адам 1 ағаштан отырғызғанда
үй жанында қанша ағаш өседі?
Жауабы: 201: 3=67 ағаш
ІV. Сиқырлы сандар.
10 10 10
20 20 20
30 30 30
Әр ұяшықтағы ұпайлар санына байланысты деңгейлік сұрақтар қойылады.
20 - Автотрофты ағзаларға нелер жатады?
20 – Қазақстанда экологиялық жағдайға байланысты жабылған қорық.
20 – Қазақстанның өсімдіктерге арналған Қызыл кітабы қашан жарық көрді?
30 – Ей табиғат шеберсің - ау, шеберсің,
Көрмегенді көрсетерсің, бересің.
Ұлан - ғайыр байлығыңды місе етпей,
Ашкөзденген адамдарға не дерсің? Авторын табыңыз.
30 – Желсіз түнде жарық ай,
Сәулесі суда дірілдеп.
Ауылдың маңы терең сай,
Тасыған өзен гүрілдеп. Авторын табыңыз.
30 – Уа, туған жер топырағыңнан жаралдым,
Алабыңнан арманыма нәр алдым.
Тұнығыңнан жүзіп іштім сендегі,
Алтын арай, таңғы жұпар самалдың! Авторын табыңыз.
40 – Нарын құмында орналасқан ядролық сынақ алаңы.
40 - Балқаш көлінің экологиялық проблемасы.
40 – Қазақстанда ауасы ең лас үштікке кіретін қалалар.
V. Сергіту сәті. Күй жұмбақ. Күйдің тақырыбы мен авторын табу керек.
1. Аққу – Нұрғиса Тілендиев
2. Сарыарқа - Құрманғазы Сағырбайұлы
VІ. Дебат үлгісімен....
І топ Байқоңыр ғарыш айлағының пайдасы.
ІІ топ Байқоңыр ғарыш айлағының зияны.
VІІ. Суреттер сөйлейді....
А) Қазақстанның экологиялық апатты аймақтары.
Ә) Қазақстанның табиғаты көркем аймақтары.
Достарыңызбен бөлісу: |