Сабақтың барысы: Сабақтың кезені/ уақыт Педагогтың әрекеті



Дата05.02.2024
өлшемі1.02 Mb.
#490832
түріСабақ
1 - білім күні


Сынып жетекшісі




Күні:




Сынып:

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Тәрбие тақырыбы

«1 қыркүйек – Білім күні»

Мақсаттары

Балалардың жаңа оқу жылына бейімделуін жеңілдету. Сыныпта жағымды ахуалды қалыптастыру. Оқушылардың білім алуға құштарлығын ояту.

Әдісі:

әңгімелесу, ойындар, жұмбақ шешу, мақал-мәтелдер.

Көрнекілігі:

плакаттар, доп, қағаз, қорап.

Сабақтың барысы:



Сабақтың кезені/ уақыт

Педагогтың әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы
10 мин

  1. Ұйымдастыру кезеңі Қайырлы күн, менің сүйікті оқушыларым. Сіздерді осы сыныпта көргеніме қатты қуаныштымын. Міне, жазғы демалыс аяқталып, жаңа оқу жылы басталуда. Барлығыңызды білім күнімен құттықтап, үлкен жетістіктер тілеймін.

Егер, барлық пәндерден тек жоғары баға алғыларын келсе, басыңызды қажет емес ойлардан тазарту керек. Ол үшін, басымызды екі қолымызбен ұстап, 10 секунд бойы уқалаймыз. Содаң соң, саусақтарымызға жабысып қалған нәрсенің барлығын жерге тастаймыз! (Балалар мұғалімнің соңынан қайталайды). Керемет, енді біздің миымыз жаңа ақпарат қабылдауға дайын!

Оқушыларға презентация көрсетіледі. Сол бойынша өз ойларын жеткізеді.

Мұғалім бағалауы

Презентация

Сабақтың ортасы

Мұғалімнің кіріспе сөзі:
Мақалдар-мәтелдер және жұмбақтар «Білекті – бірді жығады, білімді – мыңды жығады» деген керемет мақалды барлығы біледі. Келесі ойында, мына мақал-мәтелдерді жалғастырып көрейік (ата-аналарға қатысуға болады):
Оқусыз білім жоқ, Білімсіз (күнің жоқ).
Тіліңмен жүгірме, (біліммен жүгір).
Киіміне қарап қарсы алады,
Біліміне қарап (шығарып салады).
Екпей егін шықпас, Үйренбей (білім жұқпас).
Ендігі кезек жұмбақтарға келді. Сыныптағы ең тапқыр оқушы кім екен? Соны анықтайық.
Бiлiмнiң жол басшысы, Шәкiрттiң қолбасшысы. (Мұғалiм)
Жұқа тақтай бөлшегi, Ұзындықтың өлшемi. (Сызғыш)
Бар ойынды жиямын, Ақ қағазға құямын. (Сия)
Сағат сайын қағылады, Тек мектептен табылады. (Қоңырау)
Ойындар
Сиқырлы доп. Балалар, «Біздің сыныбымыз қандай?» деген сұраққа жауап беріп көрейікші. Өз көзқарасымызды сиқырлы доптың көмегімен білдірейік. Допты бір-бірімізге лақтыру арқылы, әр оқушы сыныбымызды сипаттайтын бір сөз айтуы керек. Сөздер: тәртіпті, білімді, ұйымшыл, белсенді, мәдениетті, өнертапқыш.
Төрт маймыл. Шаршаған шығарсыздар, онда тамақ жейтін уақыт келді. Қазір мен 4 оқушыны таңдап, олардың әрқайсысының алдына банан қоямын. Қатысушылар бананды қолдың көмегінсіз тазалап, жеп қоюы керек. Бұл сайыста, бананды алғашқы болып жұтып қойған оқушы жеңіске жетеді.
Оқу құралдары. Мектепке қандай заттар әкелуге болады? Мен қазір сөздер айтамын, егер, бұл зат оқу барсысында қолданылатын болса, алақандарымызбен шапалақтаймыз. Сөздер: қалам, қасық, сөмке, қарындаш, шелек, ойыншық, кітап, дәптер.

Сұрақтарға жауап береді

Дәптерге жазып алады




Қойылым

Оқушылар ойынға қатысады



Мұғалім бағалауы

Өзара бағалау, қолпаштау



Презентация

слайдтары


Бейнеролик






Сабақтың соңы

Кері байланыс.Қоржыныма жиғаным
Құрметті оқушылар, біздің алғашқы тәрбие сағатымыз өз мәресіне жетіп қалды. Қолдарыңызға қағаз парағын алып, оқу үдерісіне қатысты бірнеше тілек жазыңыздар. Содан соң, бұл тілектерімізді қорапқа салып, оқу жылының соңында ашып көреміз. Білім еліне қош келдіңіздер!

Оқушылар қорытындылап айтады ойларын

Мадақтау


презентация


Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет