- 3-тапсырма. Есеп шығару. «Фонарик» әдісі.
- 1) Массалары 1 кг және 3 кг екі арбаша өзара әсерлескен кезде, үлкен арбаша 15 см/с жылдамдыққа ие болды. Кіші арбаша қандай жылдамдыққа ие болады? Арбашалар жылдамдықтарын салыстырып, олардың мәнінің массаға тәуелділігін анықтаңыз.
- 2) Екі арбаша әрекеттескеннен кейін олардың жылдамдықтарының өзгерістері 20 және 60 см/с болды.Үлкен арбашаның массасы 0,6 кг болса, кіші арбашаның массасы қанша болған?
- Дескриптор: Білім алушы
- - Есептің берілгенін жазады.
- - Шамаларды ХБЖға айналдырады.
- - Қажетті формуланы жазады.
- - Белгісіз шаманы табады.
- - Жылдамдықтың массаға тәуелділігін анықтап түсіндіреді.
- Жалпы –5 ұпай
- ҚБ: «Толық ай мен жарты ай»
- 4-тапсырма. «Суреттер сөйлейді» әдісі. Суреттерді инерцияның пайдасы мен зиянына бөліп мысалдар арқылы түсіндіреді.
- 1 топ Тұрмыстағы инерцияның пайдасы мен зияны.
- 2-топ Техникадағы инерцияның пайдасы мен зияны.
- 3-топ Спорттағы инерцияның пайдасы мен зияны.
- Жалпы топтарға Табиғаттағы инерцияның пайдасы мен зияны.
- Дескриптор: Білім алушы
- -Инерция құбылысымен байланыстырып түсіндіреді.
- Жалпы–2 ұпай
- ҚБ: «Екі жұлдыз, бір тілек»
- 5-тапсырма. «Кім жылдам?» әдісі.
- Мұғалім оқушыларға интерактивті тақтада көрсетілген бес сұрақтан тұратын тесті орындауды ұсынады.
- Дескриптор: Білім алушы
- - Тест торындайды.
- Жалпы – 5 ұпай
- ҚБ: Бағдаршам
- Тест тапсырмасы:
- 1. Жүріп келе жатқан адам жолдың ернеуіне сүрінген кезде ...
- a) Артқа қарай құлайды b) Тыныштықта қалады
- c) Алға қарай қозғалады d) Оңға қарай қозғалады
- 2. Инерция заңын ашқан ғалым
- а) Аристотель b) Г. Галилей с) И.Ньютон d) М.Ломоносов
- 3. Денеге басқа денелер әсер етпегенде өзінің жылдамдығын сақтау құбылысы
- A) масса b) инерция c) күш d)материя
- 4. Көлбеу жазықтық бойынша қозғалған арбаның үстінде білеуше орналасқан. Егер арба кедергіге тап болса білеушеге не болады?
- a) Артқа қарай құлайды b) Ештеңе болмайды
- c) Алға қарай құлайды d) Оңға қарай құлайды
- 5. Автобус жолаушылары еріксіз солға қисайды. Себебі неде?
- a) Автобус оңға бұрылды b) Автобус жылдамдығын азайтты
- c) Автобус солға бұрылды d) Автобус жылдамдығын арттырды
Достарыңызбен бөлісу: |