СабақТЫҢ Әдістемелік өҢдеуі ( симуляциялық тәжірибе )



бет3/15
Дата23.11.2022
өлшемі84.95 Kb.
#465496
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15
6. Сабақтың әдістемелік өңдеуі-2021 — копия (2) — копия

Бақылау сурақтары
1.Созылмалы панкреатитке анықтама беру.
2.Созылмалы панкреатиттің негізгі себептері.
3.Созылмалы панкреатиттің симптомдары.
4.Созылмалы панкреатиттің диагностикасы.
5. Панкреатитте ауырсыну синдромының себебі.
6.Созылмалы панкреатиттердің емдеуіне жаңа көз қарас.
7. Панкреатиттердің алдын-алу.


Ирригоскопия зерттеуге науқасты дайындау
Ирригоскопия – тоқ ішектіңрентгенологиялық зерттеуі
Мақсаты:тоқ ішектің органикалық және функционалдық ауруларын анықтау
Көрсеткіштері: тоқ ішектің аурулары
Кері көрсеткіштері: асқазан ішектен қан кету
Жабдықтар: контрастық заттар.
Іс – әрекет алгоритімы:

  1. Науқасқа алдағы тексеру мақсатымен және дайындау мағынасын түсіндіріңіз;

  2. Тексеру алдында үш күн бұрын науқастың ем дәмінен ішекте жел пайда болатын тағамдарды алып тастаңыз ( қара нан, шикі сүт) т.б;

  3. 24 сағат бұрын тексеріс алдында науқасқа 30мл. кастор майын ішкізіңіз;

  4. Тексеріс алдында кещкі уақытта науқасқа екі жоғарғы тазалау клизмасын жасаңыз;

  5. Таңертең, тексеріс алдында 3 сағат бұрын науқасқа тағы да бір тазарту клизмасын жасаңыз;

  6. Науқасты тексеруге жіберіңіз;

  7. Тексеріс алдында рентгенологтың ұсынысымен Эсмарх кружкасы арқылы тоқ ішегіне контрастық затты ( Барий сульфат ) жіберіңіз. Тоқ ішектің кілегейін анық зерттеу үшін Барий қоспасына ( 1л суға 5-10 гр.) танинді ) қосыңыз.

Колоноскапия зерттеуге науқасты дайындау алгоритмы
Колоноскопия – тоқ ішекті эндоскопиялық зерттеуі
Мақсаты: Тоқ ішектің жоғарғы бөлігінің диагностикасы
Көрсеткіші: тоқ ішектің ауруы
Кері көрсеткіші: ішектен қан кету
Жабдықтар:залалсыздандырылған колоноскоп.
Іс-әрекет алгоритмы:
1.Пациентке осы тексеріске дайындауын үйретіңіз.
2. 3 күн бұрын тексеріс алдында № 4 шлаксыз ем-дәм туралы айтыңыз.
3. 3 күн бойы кастор майын беріңіз.
4. тексерер алдында 1 күн бұрын жатар алдында тазарту клизмасын жасаңыз.
5. тексеретін күні 4 сағат бұрын тағыда тазарту клизмасын жасау керек.
6. 20-30 мин тексерер алдында дәрігердің нұсқауы бойынша премедекация жасаңыз.
7. Тексерісті дәрігер жүргізеді,пациентті сол жақ қырына жатқызыңыз.
8. Колоноскоп жіберер алдында тік ішек маңайына анестезия жүргізіңіз.
9. колоноскопты тік ішекке кіргізіңіз .
10. Тексергеннен кейін колоноскопты шығарып зарарсыздандыру ерітіндісіне салыңыз.
11.колоноскопты құрал-жабдықтарды,қолғаптарды зарарсыздандыру .
Ескерту:
- Пациент хабардың дұрыс түсінгеніне көз жеткізіңіз.
-тоқ ішек нәтижелі тазартылады.
- дикаин майын қолданады
-ауруханалық жағдайда эндоскопиялық кабинетте жүргізіледі.
-колоноскопты,құрал-жабдықтарды,қолғаптарды зарарсыздандыруды және залалсыздандыруды арнайы нұсқау бойынша жүргізеді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет