Ситуациялық есеп №2
40 жастаға пациент әйелдің шағымдары: өте күшті ентігу, аз мөлшерде жабысқақ шырышты қақырық бөлетін жерде, жалпы әлсіздік. Соңғы 5 жыл ішінде ұстамалар мазалайды. Жыл сайын бірнеше рет стационарда емделеді. Соңғы 2 жылда күнде 20мг преднизолон қабылдайды.
Тұншығу ұстамалары беротек инголяциясымен жіне теофедрин таблеткасымен басылатын. Бірнеше күн бұрын ЖРВИ ауырған, содан тұншығу ұстамалары тәулігіне 5-6 рет қайталанатын болды. Беротек инголяциясы ентігуде қысқа уақытқа басады.
Қарағанда: науқас бозарған, кішкене цианоз, кеуде сарайы эмфизематозды. Дем шығаруы ұзарған ысқырық сырылдар алыстан естіледі. Тыныс алу жиілігі 28 минутына, пульс 120минутына, ырғақты ҚҚ 160\90 жүрек тондары тұйық
1.Сіздің болжамалы диагнозыңыз.
2. Фельдшердің іс – әрекеті.
Ситуациялық есеп №3
38 жастағы науқас пульмонология бөлімінде экссудативті плеврит диагнозымен стационарлық емделуде.
Шағымдары: дене қызуы көтерілуіне, ентігу, ауырсыну және кеуденің оң жағындағы ауырлық сезімі, құрғақ жөтел, жалпы әлсіздік, бас ауруы, ұйқының бұзылуы. Ол өзін 2 апта бойы ауру деп санайды, соңғы 2 күнде асқыну байқалды: ентігуі күшейе түсті, температура 39 С-қа дейін көтерілді, қалтырайды және қатты терлейді. Есі анық, сураққа дурыс жауап береді. Мазасыз, депрессиялық, қорқыныш сезіміне, жаман ұйқыға шағымданады. Қоршаған ортадан ошақтанады, емделуіне сенбейді, денсаулығына қауіптенеді.
Объективті: сана айқын, жағдайы ауыр, науқас оң жақ қырымен жатыр. Терісі таза, бозғылт, дымқыл, ерінұшы цианозы байқалады. Тыныс алу беткей, ТАЖ 40 минутына , кеуде қуысының оң жағы тыныс алу әрекетінде артта қалады.
Кеуде сарайының артқы бетіндегі үшінші қабырғадан төмен перкуторлы дыбыс тынық. Аускультация кезінде оң жақта тыныс алу естілмейді. Пульс 120 минутына, АҚ 100/50 мм с.б.б.
Рентгенологиялық тұрғыдан - оң жақта үшінші қабырғадан төмен, медиастиналды мүшелердің солға жылжуымен жоғарғы қиғаш шекарасы бар қарқынды көлеңке болып тұр.
Достарыңызбен бөлісу: |