СабақТЫҢ Әдістемелік өҢдеуі (теория, ТӘжірибе, семинар, зертханалық)



бет4/6
Дата23.11.2022
өлшемі32.79 Kb.
#465511
түріСабақ
1   2   3   4   5   6
6. Сабақтың әдістемелік өңдеуі-2021

Тапсырмалар:
1. Науқастың мәселелерін анықтаңыз, мейіргерлік диагнозды қойыңыз.
2. Мейіргерлік үрдісті ұйымдастырыңыз.

4 Есеп


Терапиялық бөлімде бронх демікпесімен ауыратын 42 жастағы науқас кенеттен тұншығу ұстамасына шағымданады. Науқас қолымен кереуеттің шетіне сүйеніп отыр, кеуде қуысы максималды тыныс алу күйінде, беті цианозды, қорқынышты білдіреді, ТАЖ 38 рет мин. Экспираторлы ентігу, қашықтықта құрғақ ысқырықты сырылдар естіледі.
Тапсырмалар:
1. Науқастың жағдайын анықтаңыз және дәлелдеңіз.
2. Медбикелік әрекеттер алгоритмін құрастырыңыз.


Жауабы
1. Науқаста бронх демікпесінің ұстамасы, оны дәлелдейді: ауруға тән мәжбүрлі жағдайы, экспираторлық ентігу, ТАЖ - 38 рет мин., құрғақ ысқырықты , қашықтықта естілетін сырылдар..
2. Мейігерлік әрекеттер алгоритмі:
а) білікті медициналық көмек көрсету үшін дәрігерді шақыру;
б) қысып тұратын киімді шешіп, таза ауамен қамтамасыз ету;
в) пациентте қалталы дозаланған ингалятор болған кезде препаратты қабылдауды(1-2 доза) ұйымдастыру: сальбутамол, беротек, новодрин, бекотид, бекломет және т. б.. Бронхтың тегіс бұлшықеттерінің түйілуін жеңілдету үшін (алдыңғы тәсілдерді ескере отырып, сағатына 3 дозадан аспайтын және тәулігіне 8 реттен аспайтын) небулайзерді пайдалану.
г) оксигинацияны жақсарту үшін оттегі ингаляциясын жүргізу;
д) дәрігердің келуіне дейін, шұғыл көмек көрсетуге, керек-жабдықтарды дайындау:
- бронходиляторлар: 2,4% эуфиллин ерітіндісі, 0,1% адреналин ерітіндісі;
- преднизолон, гидрокортизон, физ.ерітінді;
е) дәрігердің тағайындауын орындау.
Тест тапсырмалары



  1. Жедел бронхиттің аускультация белгілері

  1. Крепитация

  2. Визикула тыныс әлсіз

  3. Жуан дыбысты құрғақ немесе ірі көпіршікті ылғал сырылдар

  4. Үнсіз өкпе

  5. Плевра үйкеліс шуы

  1. Созылмалы бронхиттің емі

  1. Антибиотиктер, қақырық түсіргіштер, бронходилятаторлар

  2. Ингибирот АПФ нитратбар

  3. Антибиотиктер, спазмалитиктер, нитраттар

  4. Антибиотиктер гормондар спазмолитиктер

  5. Барлығы дұрыс

3.Бронхтық астманың негізгі патологиялық өзгерісі

  1. Бронхтардың қабынуы

  2. Бронхтардың ұстамалы тарылуы

  3. Бронхоэктаздар даму

  4. Фиброз даму

  5. Түйінді регенерация даму

4.Бронхообсрукцияға тән синдромдар



  1. Қызу көтерілуі, ЭТЖ жоғарылауы

  2. Эозинофилия, қақырық бөлінуі

  3. Ентікпе, ұстамалады құрғақ ысқырық сырылдар

  4. Терінің қышуы, эозинофилия,

  5. Лейкоцитоз, анемия, жөтел

5.Бронх ісінуінен өзектеріні кілегей мен бітелуінен дамитынғ симпатомиметиктерге резистентті аса ауыр бронхиальді обструкци-ол



  1. Бронхит

  2. Бронхиолит

  3. Бронх астма

  4. Қабыну

  5. Астмалық статус

6.Астманы алдын алуға, қабынуға қарсы дәрі



  1. Сальбутамол

  2. Вентолин

  3. Эуфиллин

  4. Серетид

  5. Преднизолон

7.Өкпе эмфиземасындағы кеуде қуысының формасы:

  1. а) етікші кеуде

  2. б) паралиттік кеуде

  3. в) бөшкелі

  4. г) рахиттік

  5. е) ладия тәрізді

8.Өкпе эмфиземасында «қораптық дыбыс» анықталады:
a) аускультацияда
b) перкуссияда
c) пальпацияда
d) бронхоскопияда
е) рентгеноскопияда
9. Созылмалы обструкциялық өкпе ауруларына жатады:
а) обструкциялық бронхит
b) пневмония
c)плеврит
d) өкпе туберкулезі
е) өкпе абсцесі
10.Өкпе эмфиземасында перкуссияда өкпе тұсынан анықталатын дыбыс:
а) перкуторлы
b) қораптық
c) тимпаникалық
d) тұйық
е) амфорлы


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет