СабақТЫҢ Әдістемелік талдамасы № Пәні: Мейіргер ісі негіздері


Зәрді бактериологиялық зерттеуге алу (әйелдер үшін)



бет19/23
Дата03.09.2022
өлшемі257.61 Kb.
#460160
түріСабақ
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   23
зертханалық зерттеулер

Зәрді бактериологиялық зерттеуге алу (әйелдер үшін).
Мақсаты: диагностикалық: аурудың қоздырғышын айқындау, дәрілік сезімталдықты анықтау, әйелді өз бетінше зәрді жинауға үйрету. Қолдану көрсетілімдері: бүйрек аурулары.
Дайындаңыз: жылы қайнатылған суды, сабынды, қағаз сүлгіні, қағаз салфеткаларын, қақпағы бар залалсыздандырылған бір рет қолданылатын контейнерді, лабораторияға жолдаманы, қауіпсіз жинауға және жоюға арналған контейнерді.
Мейірбикенің іс-әрекет алгоритмі:

  1. Науқасқа зәрді жинау мақсаты ережесі туралы мәліметті беріңіз.

  2. Қағаз сүлгіні төсеп, оның үстіне қағаз салфеткаларды салыңыз, зәрді жинауға арналған қақпағы бар контейнерді қойыңыз.

  3. Науқастан дәрет алу бөлмесіне кіруін, белден төмен қарай шешінуін сұраңыз.

Науқастың іс-әрекет алгоритмі:

  1. Қолыңызды жылы сумен сабындап жуып, сүлгімен құрғатыңыз.

  2. Унитаздың арқа сүйемеліне мүмкіндігінше жақын отырып, аяқтарыңызды ажыратыңыз.

  3. Қайнатылған сумен және сабынмен жыныс мүшелерін мұқият жуып, сонан кейін салфетканы қолдана отырып, үлкен жыныс еріндерін және зәр шығаратын түтіктің тесігін құрғатыңыз.

  4. Салфеткаларды қауіпсіз жинауға және жоюға арналған контейнерге салыңыз.

  5. Зәр жинауға арналған ыдысты алыңыз. Ыдыстың және қақпақтың ішкі бетіне тигізбей кақпағын ашыңыз, қақпақтың ішкі бетін жоғары қаратып қағаз сүлгіге қойыңыз.

  6. Зәрді жинауға арналған контейнерді зәр шығаратын түтіктің тесігі жанынан ұстаңыз.

  7. Зәр ағымының «алғашқы бөлігін» унитазға жіберіңіз, сонан соң «1», «2» есебінде зәр шығаруды тоқтатыңыз.

  8. Зәр ағымының «ортаңғы бөлігінің» 10-15 мл-дей мөлшерін ыдысқа жинаңыз, зәр шығаруды унитазда бітіріңіз.

  9. Контейнерді қақпақпен жабыңыз және қағаз сүлгісіне қойыңыз.

  10. Қолыңызды сабындап жылы сумен жуып, сүлгімен құрғатыңыз.

  11. Киініңіз

  12. Зәрі бар контейнерді мейірбикеге беріңіз.

Ескерту:зәрді биксте жолданысымен 2 сағаттан кешіктірмей бактериологиялық лабораторияға жеткізіңіз;
материалды жібергенге дейін тоңазытқышта (4-6 С сақталуы қажет);
зәрді микрофлораға зерттеу антибиотиктер, уросентиктер қабылданғанға дейін және жеделдету диурезінде қалыпты жағдайдағы су ішу тәртібінде тағайындалады;
егер де зәрді табиғи жолмен жинауға мүмкіндік болмаса, дәрігердің тағайындауы бойынша қуыққа катетерлеу жүргізіледі.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   23




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет