Оқытудың техникалық және инструментальдық құралдары: проектор, сызба, кестелер
Сабақтарды өткізу тәртібі:
- сабақ жоспарына сәйкес оқу пәнiнiң сұрақтарын талқылау;
- білім алушылар ұсынған тапсырмаларды және сұрақтарды талқылау;
- оқу пәнiнiң теориялық қағидалары мен тұжырымдамаларын талдау;
- семинар – «дөңгелек стол».
Деңгейлік тапсырмалар (20 ұпай дейін):
І-ші деңгей:
1. Биофизика қандай бөлімдерден тұрады?
2. Биофизикалық зерттеулерде қандай физикалық, физика-химиялық, әдістер кеңінен қолданылады?
3. Биофизиканың негізгі міндеттерін айтыңыз?
ІІ-ші деңгей:
1. Биологиялық мембрана қандай қызметтер атқарады?
2. Биомембрана қабатының сұйық кристалл күйден гель күйге көшуі кезінде қандай құбылыс болады?
ІІІ-ші деңгей:
1. Егер фосфолипидтерді полярлы еріткішке қоссақ,онда екі қабаттан тұратын сфера тәрізді тұйықталған құрылым пайда болады.Ол құрылым қалай аталады?
2. Мембранадағs фосфолипид молекулаларының флип-флоп түріндегі қозғалысының латериалды диффузиядан айырмашылығы?
Студенттердің өзіндік жұмысына арналған тапсырмалар (30 ұпай дейін):
1.Люминесцентік таңба және зонд, оларды медицинада қолдану. – презентация.
2. Электрофорез аппаратын клиникалық жағдайда қолдану – pеферативті ақпарат дайындау.
Әдебиеттер тізімі
Қазақ тілінде, негізгі:
Төлеуханов.С, Биофизика: Оқулық. - Алматы: ҚР ЖОО қауымдастығы,2013.- 304 б.
Умербекова.Т.К. Биофизика. - Қостанай: А. Байтурсынов атындағы ҚМУ, 2013.
Патрик Ф.Д. Биофизика. Ағылшын тілінен аударылған. Алматы, 2013. -476 б.
Байзак У.А., Байзакова Б.У. Медициналық биофизика: Дәрістер жинағы. Тұран баспаханасы ХҚТУ, Түркістан, 2015, 151 б.
Медициналық жəне биологиялық физика: оқулық / А.Н. Ремизов; жауапты редакторы М.А. Əбирова. — М.: ГЭОТАР-Медиа, 2015. — 656 б.: ил.
Б.К.Койчубеков, А.А.Айткенова, С.Букеев, Г.Г.Балмагамбетова Медициналық және биологиялық физика негіздері, 2016
Достарыңызбен бөлісу: |